Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлемПоиск на нашем сайте Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік:сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б. Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру: Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді. Дала.Егін даласы.Егін даласы рақат құшағында. (Ә.Ә.) Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады: Міне,дала көрінеді.Бұл – егін даласы.Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды,баяндалады. Іс-оқиғаның жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайы(мезгіл,мекен,т.б.)атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлемдейміз. Атаулы сөйлем,негізінен,зат есімнен болады.Тоғай.Егін.Шалғын.Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ.Мұст.) Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де,екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.Бала күнім.Жер сіреу қар.Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж.Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді,мекенді,жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді.Қазан айы.Түнерген кеш.Баяу ескен қоңыр жел.Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С.Сейф.) Жаттығумен жұмыс: 85-жаттығу. Берілген сөйлемдерден атаулы сөйлемдерді табыңдар. 86-жаттығу.Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемдерді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөздерден жасаңдар. Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 1. Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады? 2. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады? 3. Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады? 4. Атаулы сөйлем дегеніміз не? Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: 87-жаттығу. Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |