Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салаласПоиск на нашем сайте Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Түсіндірмелі салаластан алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік:сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,шығамашылықпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру: Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап,ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай,талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салаласдейміз. Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,іргелес байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны,мынау,сол,соншалық,сондай) болады. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады.Сызықша сонша,соншалық,сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі.Мысалы: Әйел де ай сәулесі сияқты:есікті жапсаң,түндіктен түседі .Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.Сіздерге де айтарым сол:сағат төртте осында келіңіздер.
Жаттығумен жұмыс: 110-жаттығу. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: 111-жаттығу. Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі,қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар. Шығармашылық жұмыс: Түсіндірмелі салаласқа байланысты айтылған нақыл сөздерден мысалдар жазады. Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен. (Ж. Баласағұни)
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 112-жаттығу. Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |