Табиғи материалдар арқылы құрастыру» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Табиғи материалдар арқылы құрастыру»

«Табиғи материалдар арқылы құрастыру»

Мақсаты: Табиғи материалдарды пайдаланып, көбелекті құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Ой қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Қажетті заттар: Асбұршақ, шемішке дәндері, желім, үлгі суреттер

Бейненің жасалу тәсілі: Әр балаға көбелектердің суртеі бар парақтар таратып беріледі. Мұндағы көбелектерді қалай жасауға болатынын көрсетіп түсіндіріледі. Көбелектердің шеткі сызықтары бойынша желім жағып алып, оның үстіне өздері таңдаған шемішке немесе бұршақ дәндерін қатарластырып орналастыру.

Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.

Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын сеуіп оның үстіне керемет

бейнелер жасауға болады. Алақанды бояуға батыру арқылы бастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады.

Шырақ және акварель

Суреттеу құралдары :түс, сызық, дақ, фактура

Қажетті заттар: шырақ, қатты қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала шырақпен қағазға сурет салады. Содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояйды.Шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып қалады.

Затты монотипия

Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.

Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында оны екіге бүктейді. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.

Жапырақты таңбалау

Суреттеу құралдары:фактура, түс.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, түрлі ағаштардың жапырақтары,( түсіп қалған), қылқалам.

Бейненің жасалу тәсілі:бала ағаштың жапырақтарын түрлі түстерге бояйды, сосын боялған жағымен қағазға таңбалайды.Келесіде басқа жапырақ алынады. Жапырақтың түбін бейнелеп аяқтауға болады.

Түрлі техникаларды пайдалана отырып,балалардың мүмкіндіктерін анықтаудағы бірнеше сабақ топтамасын өткізу барысында балалардың бояуларды қолдануда дәстүрлі емес техникаларды игеруге икемдері бар екені байқалады. Бейнелеу-шығармашылық мүмкіндіктері нашар балалардың көрсеткіштері жылдың басындағы деңгейлерінен жоғарлағаны байқалады, дәстүрлі емес техниканы қолдану арқасында тақырыпқа деген қызығушылықтары артып, түстерді қабылдау мүмкіндіктері жақсарды.

Балалардың барлығы сурет салғанды ұнатады. Олар үшін шығармашылық-жан-сезім әрекетінің бейнесі.Сезім, ақыл-ой, көздері мен қолдары- жанының құралдары.Әлемнің сұлулығы мен үндестігімен кездесіп,масаттану мен қуанышқа бөлену сезімін бастан кешіп, олар өзінің көзқарасын қағазға таңбалап «ғажап мезетті тоқтату» ықыласына бөленеді.

 Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Ӛзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.

Біріншіден бала жалығып кетпейді;

Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау, балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.

 Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.

Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.

Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.

Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсатакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшелоіктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)