Табиғи материалдар арқылы құрастыру» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Табиғи материалдар арқылы құрастыру»

«Табиғи материалдар арқылы құрастыру»

Мақсаты: Табиғи материалдарды пайдаланып, көбелекті құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Ой қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Қажетті заттар: Асбұршақ, шемішке дәндері, желім, үлгі суреттер

Бейненің жасалу тәсілі: Әр балаға көбелектердің суреті бар парақтар таратып беріледі. Мұндағы көбелектерді қалай жасауға болатынын көрсетіп түсіндіріледі. Көбелектердің шеткі сызықтары бойынша желім жағып алып, оның үстіне өздері таңдаған шемішке немесе бұршақ (фосоль) дәндерін қатарластырып орналастыру.

\

«Жарма және гуащь»

Бейненің жасалу тәсілі: Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын сеуіп оның үстіне керемет бейнелер жасауға болады.. Мәселен жемістерді, табиғат бейнесін, үйді салуға болады.

 

Шырақ және акварель

Суреттеу құралдары :түс, сызық, дақ, фактура

Қажетті заттар: шырақ, қатты қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала шырақпен қағазға сурет салады. Содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояйды.Шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып қалады.

Затты монотипия

Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.

Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында оны екіге бүктейді. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)