Инновациялық жобаларды жүзеге асыру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Инновациялық жобаларды жүзеге асыру.

Жаңартуларды ойлап табу және басты шарты – кәсіпорында оған қажетті инновациялық әлеует қажет. Ол әр түрлі ресурстар жиынтығымен сипатталады, соның ішінде:

1. Зияткерлік ресурсы (технологиялық құжаттама, жаңалық игеру патенттері, лицензиялары мен бизнес-жоспары, кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы).

2. Материалдық ресурстары (тәжірибе аспаптық база, заманауи технологиялық және ақпараттық құрал-жабдық, алаңдар ресурсы).

3. Қаржылық (меншікті, несиелік, инвестициялық, аймақтық, гранттар).

4. Кадрлық (жаңашыл-көшбасшы, инновацияға ынталы персонал, қызметкерлердің ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен әріптестік және жеке байланыстары; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибе констукторлық жұмыстар жүргізу тәжірибесі, жобаларға жетекшілік ету тәжірибесі).

5. Инфрақұрылымдық ресурстар (меншікті ҒЗТКЖ бөлімшелері, жаңа өнім маркетингі бөлімшесі, патент-құқық бөлімшесі, ақпарат бөлімшесі) және т.б.

Аталған ресурстар кәсіпорынның жалпы ресурстық әлеуетінің бір бөлігі және оны ғылыми-технологиялық әлеуеті, өндіріс технологиялық әлеуеті, қаржы-экономикалық әлеуеті және кадрлық әлеуеті түрінде құрылымдауға болады.

Осылай, инновациялық әлеует компаниялық жалпы әлеуетінің өзегін, бір бөлігін құрайды.

Сонымен бірге, әлеует ұғымы (соның ішінде инновациялық) тек материалдық құрамы анықталмайды, оның ішінде – ресурстар жиынтығына келіп тірелмейді. Демек, инновациялық әлеует жайлы айта отырып, инновациялық іс-әрекетіне қажет ресурстар емес, оларды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін де есте ұстаған жөн. Бұл мүмкіндіктер ең алдымен компания тиісті инновациялық жағдайды қалыптастыру қажет, ол кезегінде, көп жағынан инновациялық мақсатқа жетуіне жағдай жасайтын немесе қарсыласатын сыртқы ортаға тәуелді. Қажетті сыртқы әсер ету жағдайын қалыптастыру жүйесінің маңызды буыны кәсіпорынның инновациялық дамуға қолдау көрсетуге арналған инновациялық инфрақұрылым құру болып табылады.

Сонымен, компанияның инновациялық дамуы көп ретте компанияның инновация жасау мүмкіндігін сипаттайтын инновациялық әлеует пен инновациялық ахуалымен, сондай-ақ компанияның қолда бар инновациялық әлеуетін пайдалану жөніндегі инновациялық деңгейімен анықталады. Төменде компанияның инновациялық негізінде құнын арттыру мен өркендеу мақсатында инновациялық әлеуеттің қаржылық және кадрлық факторларын пайдаланудың кейбір тетіктері қарастыралатын болады.

Инновациялық кәсіпорынның қаржылық даму факторлары. Кәсіпорынның өмір сүру циклінің сатылары және инновацияны қаржыландыру. Қазіргі уақытта сыртқы қаржыландыру көзі болмай тиімді инновациялық компания құру мүмкін емес. Қаржыландыру көздері жиынтығын жұмысты «нөлден» бастаған инновациялық кәсіпорынға өмір сүру циклінің алғашқы кезеңінен бастап есею кезеңіне дейінгі уақытты ұтымды өтуіне мүмкіндік беретін біртұтас инфрақұрылым деп түсінуге болады.

Компанияның даму кезеңіне байланысты оған әр түрлі қаржыландыру көздері пайдалы болуы мүмкін. Компания өркендеуінің классикалық үлгісін келесі түрде сипаттауға болады. Берілген сызба кәсіпорынның өмір сүру циклі және инвестицияларды пайдалану бағыттары жайлы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)