ылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен оқушылар әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. В.Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» – деген тұжырымдама берді.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация” әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

“инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

Қазақстан мемлекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов “инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

“инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады. Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер

- Оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

- Ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

- Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- Саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

- Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.

Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі.сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан тұрады:

- жаңа идеяның пайда болуы;

- мақсат қоюшылық;

- тарату және жойылу.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:

- Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;

- Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

- Жаңалықты енгізу жолдарымен.

Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі блоктік жүйесі және т.б.

Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құрылуы қажет.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)