азақстанда бизнес – инкубаторларды қалыптастыру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстанда бизнес – инкубаторларды қалыптастыру.

Бүгінгі күнгі қолданылатын бизнес-инкубаторлар кәсіпкерлер арасында белсендік және танымалдық танытпай отыр. Негізінде, бұлар үй-жайды жалға алатын, коммуналдық қызметтерді төлейтін және олардың негізгі қызметтері әр түрлі кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының және бизнес-орталықтардың функцияларын қайталайтын офистік үй-жайларды жалға беруге ұсынуға және консультациялық қызметтерді көрсетуге бағытталған ұйымдардың шоғырланған стандартты инфрақұрылымдық қолдау орындары. Кәсіпкерлік инфрақұрылымын элементінің бірі болып табылатын, бизнес-инкубаторлар мемлекет, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, ірі, оның ішінде жүйе құратын, кәсіпорындар тарапынан басым көңілді және қолдауды қажет етеді, осылайша олардың дамуы бірыңғай жолдар арқылы шешімдерді әзірлеу мүмкін емес. Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыстарының басты көрсеткіші және негізгі өлшемдері нарықта көбірек немесе азырақ тұрақты орынға жеткен және бұдан әрі өздігінен дами алатын деңгейдегі өнеркәсіп сегментіндегі құрылған жаңа шағын кәсіпорындардың саны болуы тиіс. Бизнес-инкубаторлардың қызметі бастапқы кәсіпорын-өндірісші ретінде өндірістік үй-жайларды, жабдықтар және ілеспелі қызметтер түрінде, оның ішінде бизнес-жоспарын құрудағы талдамалық және маркетингтік зерттеулер, консалтингтік қызметтер (заң, бухгалтерлік және консультациялардың басқа түрлері) көмегімен кешенді қолдау алу керек. Бизнес-инкубаторларының негізгі мақсаты инновациялық жоғары технологиялық өндірістерді, сондай-ақ өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өндіріс орындарын қолдау болып табылады. Аумақтардағы бар көптеген бизнес-инкубаторлар индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементінің бірі болып табыла отырып, өз қызметтерін технологиялық парк аумақтарында құрады және жүзеге асырады, өйткені олардың қызметі технологиялық парктердің, индустриялық аймақтардың дамуымен байланысты. Бизнес-инкубаторлардың қызметі халықаралық стандарттарды және сертификаттарды енгізу арқылы жоғарғы қосылған бағамен, жұмыспен қамтылған, шағын және орта бизнесті қолдау, өндірістің сапасын жоғарлатумен жаңа өнім өндірістерін құруға жәрдемдесуге бағытталған болуы тиіс.

XXI ғасырда ғылым, білім және инновация елдің экономикалық өрлеуі мен әлеуметтік жақсаруын қамтамасыз етуде негізгі қазына көзіне айналуда. Жинақталған тәжірибе көрсеткендей экономикалық өрлеу халық шаруашылығының барлық салаларында инновациялық қызметті үздіксіз жүзеге асырмайынша мүмкін болмайтыны белгілі. Олай болса инновация экономикалық қызметтің ең негізгі тиімді түрлерінің бірі болып табылады.

Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.

Инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.)