Адамның тірек- қимыл аппаратын зерттеуге жасалатын тәжірибелер барысын мысалда көрсетіңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Адамның тірек- қимыл аппаратын зерттеуге жасалатын тәжірибелер барысын мысалда көрсетіңіз

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)