нген астық дәндерден ұлпаларды бөліп алу техникасын көрсетіңіз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

нген астық дәндерден ұлпаларды бөліп алу техникасын көрсетіңіз

14. Өнген астық дәндерден ұлпаларды бөліп алу техникасын көрсетіңіз

Н. Бишімбаева мен С. Кушнаренко КазМУ-дін өсімдіктер физиологиясы мен биохимия кафедрасында арпа мен бидайдын үллаларын in vitro жағдайында өсіріп, морфогенез бен регенерацияны зерттеді.'Морфогенездін жиілігі мен типіне айтарлыктай эсер ететін фактор болып эпигенотип көрсетілді   бидайдын үзындығы 0,8 - 1,2 мм пісіп жетілмеген үрыкгарщ

өсіргенде сомалык эмбриогенез жиі байкалған, ал пісіп жетілген үрыктарында морфогенез бен регенерация өте сирек орын алған, Арпаның регенерацияға кабілеті жоғары каллустары жас

гүлшоғырлардан және ұзындығы 0,7 - 1,5 мм пісіп жетілмда Ұрықардан шыккан. Сонымен катар, сол тәжірибелерде бірінші рет жаксы өскен және бір жыл бойы регенерацияға кабілетін жоғалтпаған арпанын эмбриогендік каллустары алынды.

Астык тұкымдасы және кейбір бұршак тұкымдасы өсімдік-тердін клеткалары мен протопласттарын өсіргенде морфогенезді \ коздыратын және регенерацияға жеткізетін гормондар I концентрациялары әлі аныкталмаған. Осындай фактілер және 1 толып жаткан әдебиет деректері морфогенездің гормондык теориясына күмән тудырады.

15. Зертханалық жұмыс жасаудағы мұғалімнің мақсаттарын атап көрсетіңіз

Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау
арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық
ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,
оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша
түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі
туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне
жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері:
- Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты
демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.
- Білімнің негізгі көзі – байқауда. Бұл жерде оқушының әрекеті
демонстрациялайтын объектіні не процесті көріп қабылдауға бағыттайды.
Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен жануарларды демонстрациялап, не таблица арқылы әңгімелеп айтады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі зертханалық сабақ процесінде мұғалім мынадай нәтижеге қол жетеді:
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
- оқушыны басқа жақтарынан таниды;
- өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды;
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
- оқушының жұмысын бағалайды.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолдануда
және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлеу, қорытынды);
- өзін – өзі бағалау;
- топтық жұмыстағы белсенділік;
- көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі;
- еркін тәрбиеге баулу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.)