Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Алдын алу шаралары субъектілерінің функцияларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 5. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ Девианттық мінез-құлықты алдын алу мақсатымен балалармен және жасөспірімдермен жұмыстың сәйкестігін анықтау үшін бақылау жасалады. Бақылау балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық реакцияларын өзгерте отырып, көмектеседі, олардың уайымдарының жағдайлар мен күйлердің ерекшеліктерімен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау баланың тұлғалық өсуінің, өз психо-эмоционалдық күйін, мінез-құлқын және олардың нормаға сәйкестігі бойынша жұмысының толықтығын қамтамасыз етеді. 2-Кестені қар.
Кесте – 2. Девианттық мінез-құлықтың алдын алу бойынша шаралардың нәтижелерін бақылау және бағалау Алдын алу шаралары субъектілерінің функциялары Іс әрекеттер Бақылау және нәтижелерді бағалау: ең жоғары 9-7 балл, ең төмен 3-4 балл 0 – теріс нәтиже отбасы және бала: - үндеу; - белсенділік; - уәждеме. - экологиялық өзара әрекеттесуге үйрету; - мінез-құлықты талдауға және бағалауға үйрету; - кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлеуді үйрету; - баланың өз қабілеттеріне қызығушылығын тудыру; - өмірге, оқуға, қызметке қызығушылықты тудыру; - әлеуметтік белсенділікке тарту және ынталандыру; - тиімді өзін-өзі таныту жағдайларын жасауға үйрету - отбасында қолайлы климат; - отбасында міндеттерді тұрақты және сапалы орындау; - өз мінез-құлықты және оның салдарларын талдай білу; - баланың ата-анаға және олардың қызметтеріне қызығушылығы, ата-ананың балаға және оның қызметіне қызығушылығы; - кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлей білу және, қажет болса, тікелей жүгіну; - өзін-өзі уәждемелей білу; - баланың және ата-ананың мектепке баруы, баланың тапсырмаларды орындауы; - баланың қоғамдық құпталатын шараларға қатысуы; - өзін-өзі таныту нәтижелерінің болуы. баланың тұлғасы: - Кеңес беру - Диагностика - Түзету. - Маманға жіберу (терапевт, психиатр) - Қостау - Психотерапия және психотүзету - кәсіби кеңес беру, диагностика, түзету, қажет болса – баланы маманға жолдау; - баланың өз мінез-құлық рефлексиялауы үшін жағдайлар жасау; - психогигиена жөнінде ағарту; - баладағы мәселелер бойынша баламен жүйелі және жоспарлы кездесулер-сұхбаттар жүргізу; - өзін-өзі реттеу, аутотренинг, өзін-өзі таныту әдістеріне үйрету. - өз мінез-құлық жөнінде білу, өз мінез-құлқын қабылдау, өз мінез-құлқымен жұмыс жасау, құрдастарымен өзара әрекеттесуде өзімен өзі жұмыс жасау тәжірибесін өзекті ету; - тұлғалық өсу: психикалық функцияларды озық жүзеге асыру– сөйлеу, есте сақтау, шешім қабылдау, ерікті және жауапты іс әрекеттер; - диагностиканың позитивті мәліметтері: өзін-өзі бағалау, мазасыздану деңгейі, субъектвті бақылау деңгейі, өзін, өз келбетін қабылдау деңгейі; - тұлғаның дамуының жоспарлары және перспективалары; - баланың білім алу ниеті және оған отбасы мүшелерін тарту; - баланың қиын жағдайға түскен басқа балаларға көмектесу және қолдау ниеті; - эмоционалдық күйді өзін-өзі реттеу. педагог, полицияның мектеп инспекторы: - Ойын-сұхбат, тренингтер, кейстер түрінде ағарту; - Маңызды тапсырмаларды табыстау және т.б. түрінде түзету; - Позитивті паттерндерге үйрету. - девиантты мінез-құлық және оның салдарлары жөнінде ағарту; - балалар мен жасөспірімдерді қадағалау себептері жөнінде ағарту; - позитивті ұстанымдарды қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің девиантық мінез-құлқы жөнінде теріс таптаурындарды бұзу бойынша жұмыс; - мінез-құлықтың позитивті паттерндеріне үйрету, өзін-өзі танытудың жағдайларын саналы және ерікті құру; - әлеуметтік маңызды тапсырмаларды, әлеуметтік рөлді, миссияны орындауға үйрету; - ынтамен білім алатын баланы позитивті қолдау; - баланы өзін-өзі танытудың кәсіпкерлік уәждерінде қолдау - девиантты мінез-құлық жөнінде білу; - девиантты мінез-құлық салдарларын білу; - девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру әдістерін игеру; - сабақтарға бару, тапсырмаларды орындау; - девиантты мінез-құлықты алдын алу және эмоционалдық күйді реттеу тренингтеріне, шараларына бару; - мектепте және мектептен тыс қосымша сабақтарға бару - пән мұғалімдеріне қолдау және көмек үшін дербес жүгіну, педагогтарға және полиция қызметкерлеріне сену; - сыныптастарымен, оқушылармен әлеуметтік құпталатын ынтымақтастық - әлеуметтік құпталатын кәсіпкерлік қабілеттерді жүзеге асыру медқызметкер: - ағарту; - диагностика, консультациялар; - ұсынымдар, жолдамалар, СӨС насихаттау. - физикалық және психикалық күйлер жөнінде ағарту; - гигиена, СӨС жөнінде ағарту; - балалар мен жасөспірімдердің жағдайын бағалау; - мазасыздану, дағдарыс, депрессия деңгейлерін бағалау; - баланың мамандарға жүгінуіне ұсыныс беру: эндокринолог, невропатолог, психотерапевт, невролог, дефектолог және т.б. - мазасыздық, дағдарыс, депрессия деңгейлерін реттеу бағдарламасын әзірлеу - ата-аналарды және педагогтарды баланың жағдайы жөнінде хабардар ету; - баланың өз жағдайын білуі; - балалардың девианттық мінез-құлыққа тәуекел тобын есепке алу; - баланың гигиена, СӨС қағидаларын және ережелерін білуі және ұстануы; - баланың жағдайымен тиімді жұмыс жасау жеке жоспары және бағдарламасы; - баланың жеке жоспарды орындауы; - баланың басқа мамандарға баруы
Девианттық мінез-құлықты алдын алу мәлімдеушісімен позитивті бағаланатын кестеде белгіленген әрбір тармақ бір балл ретінде бағаланады: егер бір-екі тармақ белгіленсе, онда алдын алу тиімсіз, егер 3-6 балл белгіленсе, онда алдын алу өзінің позитивті әрекетін бастады, егер 9-7 балл белгіленсе, онда девиантты мінез-құлықты алдын алуды баланың мінез-құлқына тиімді, позитивті әсер ететін ретінде бағалауға болады. Осылайша, девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасау нәтижелерін бағалау ересектерге, мамандарға, балаларға және жасөспірімдерге тұлғалық өсу, баланың өзінің психо-эмоционалдық жағдайымен, мінез-құлқымен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдері, іс әрекеттері қаншалықты дәрежеде меңгерілгендігін немесе меңгерілмегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Девианттық мінез-құлықты алдын алу нәтижелерін бағалау алдын алу нәтижелерінің оның мақсатына сәйкестігін және оның қаншалықты қол жеткізілгендігін анықтауға мүмкіндік береді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |