Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ші міндет: Девиантты мінез-құлық белгілерімен оқушыларды ерте диагностикалау.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Шешімі: 1. Девиантты мінез-құлығы бар балаларды ерте диагностикалау механизмін анықтау. 2. Девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларды ерте анықтау үшін психодиагностикалық құралдарды анықтау. 3. Девианттық мінез-құлық түрлері, белгілері, ерте диагностикалау, девианттық білім алушылармен жеке сұхбат жүргізу бойынша әлеуметтік педагогтардың және педагогтар-психологтардың құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату. 3. Құқық қорғау органдарының және медициналық мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен әлеуметтік-психологиялық мониторингті жүзеге асыру механизмін ендіру (комиссия құру, кездесулер жиілігін, алдын алу шараларын анықтау). 4. Мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың девианттық мінез-құлықты ерте диагностикалау және әлеуметтік-педагогқа жүгіну сұрақтарында хабардар етілу деңгейін жоғарылату. Девианттық мінез-құлық белгілері бар оқушыларды ерте диагностикалау келесі кезеңдерді қамтиды: 1) әлеуметтік-психологиялық мониторинг; 2) тәуекел тобына қосылған оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау. Әлеуметтік-психологиялық мониторинг – тәуекел тобымен алдын алу құралдарын және түзету шараларын таңдау мақсатымен девианттық мінез-құлық көрсеткіштерінің жағдайын және өзгеруін қадағалау процесі. Ұсыныс: мектепте кәмелетке толмағандардың қараусыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі құрылады, оған директор, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, полицияның мектеп инспекторы, сынып жетекшісі, мектептің медициналық қызметкері кіреді. Әлеуметтік-психологиялық мониторинг оқу жылының ішінде 2 рет өткізіледі: қыркүйек-қазан және сәуір-мамыр. Тәуекел тобын және алдын алу шаралары жоспарын анықтау мыналардың: - оқушылардың оқу үлгерімдері мен сабаққа барулары бойынша сынып жетекшінің мәліметтерінің, ата-аналардың өтініштерінің және сұратуларының. - оқушының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері және оның микроортасы, өмір жағдайлары жөнінде әлеуметтік психологтың мәліметтерінің. - оқушылардың құқықтық бұзушылықтары, ата-аналардың құқық бұзушылықтары бойынша полицияның мектеп инспекторының мәліметтерінің. - оқушылардың мектепте және жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінулерін талдау бойынша медициналық жұмыскердің мәліметтерінің - балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуларының бұзылуларын жоспарлық диагностикалау, жеке консультациялар негізінде педагог-психологтың мәліметтерінің негізінде жасалады. Балалар мен жасөспірімдердің «тәуекел тобына»: - сабақтарға бармайтын балалар; - үлгерімдері төмендеп бара жатқан балалар; - сыныптастарымен жанжалдасып қалған, төбелесте байқалған балалар; - алкоголь, темекі, есірткі заттарын тұтынатын балалар; - құқық бұзушылықтар үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына немесе полицияның кәмелетке толмағандардың істері бөліміне есепке қойылған балалар; - қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балалары; - бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын отбасылардың балалар кіреді. «Тәуекел тобына» енгізілген оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау. Тәуекел тобындағы оқушыларды жеке психологиялық диагностикалаудың негізінде осы оқушылармен, олардың отбасыларымен жұмыс жасау бағыттары анықталады: 1. Педагог-психологқа түзету жұмысына жіберу. 2. Жалпы тәжірибе дәрігеріне консультацияға жіберу. 3. Әлеуметтік педагогтың басқа мамандармен (әлеуметтік жұмыскермен, полицияның мектеп инспекторымен, педагогтармен) бірлескен түзету шараларын анықтау.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |