Дүниежүзі қазақтарының бірінші және екінші әлемдік құрылтайы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дүниежүзі қазақтарының бірінші және екінші әлемдік құрылтайы.

Поиск

ҚР-сы тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі әрекеті Дүниежүзі қазақтар Құрылтайы шақырылды.Ұлтымыз өз тәуелсіздігіне қолы жетіп, бірқатар асулардан асып отыр. Міне осындай ұлт үшін жасалған игі істердің бірі дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтың басын қосты. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер 800- ден астам кісі қатысты. Құрылтайдың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылды, оның жарғысы қабылданды, басшы органдары сайланды. Сонымен әлем қазақтарының қауымдастығы құрылып оның төрағалығына республика Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Тұнғыш Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы нәтижесінде әлемдегі қазақтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын, оның мұң-мұқтажын жоқтайтын қауымдастық өмірге келді. Бұл орайда Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қолға алып, жүзеге асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шақырылып, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы құрылғанына жиырма жылдан асты. Осы, уақыт шамасында қауымдастықтың тікелей басшылығының арқасында Дүниежүзі қазақтарының ІІ-ші,ІІІ-ші және ІV құрылтайлары өтті. Тұңғыш құрылтайда қазақ ұлтының жан-жақты өзекті мәселелері қарастырылып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен айналысатын орталық құрылды.

Ал 2002 жылдың 23-24 қазанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына әлемнің 33 елінен барлығы 470 адам келді.Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы әлем қазақтарының ІІ құрылтайында бас қосуына мұрындық болды. Дүниежүзі қазақтарының І және ІІ құрылтайларынан кейін, қауымдастықтын тікелей басшылық жасауымен қазақ диаспорасының жас жеткіншектеріне білім мен тәрбие беру жұмыстарының сындарлы жүйесі жасалынып, оның жолдары жетілдірілді.Қазақмтілінің қолдану аясының кеңейтіле түсу шараларын жалғастыру істері негізіне пәрменді жұмыстар атқарылды.Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өз қызметін ерекшеліктеріне сай шетелдерде, әсіресе қандас бауырларымыз молынан мекендеген елдерде Қазақстанның өз тәуелсіздігін нығайтуда,елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруде, ұлттық рухани қазынасын молайтуда, көп ұлтты республика халқының бірлігі мен татулығын күшейтуде қол жеткізген табыстарын насихаттап, алыстағы ағайындарымыздың игілігіне айналдыруды басты мақсат санап, бұл ретте бірқатар ізгі шараларды жүзеге асырды. Ең басты ата жұрттан жырақта жүрген бауырларымыз өздерінің жоқшысы – Қазақстан атты туған елінің бар екенін айқын сезініп, оның өмірдің барлық салаларында гүлденіп, көркейе беруін қолдайды және оны мақтаныш етеді, бұл іске өздеріде хал – қадірінше үлес қосып жүр. Ең бастысы шетелдегі қазақтардың болашақта өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіп, өз ана тілінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, менталитетінен айырылып ассимиляцияға ұшырап кетуі мүмкіндігі. Бұл қауіп алыс шет елде бұрыннан байқалса ал таяу шет елде Кеңес Одағы тарағаннан кейін айрықша белең ала бастады.

72) Қазақстанда әлемдік EXPO-2017 көрмесі.ЭКСПО-2017-Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығына дейін өтеді.Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Болашақ энергиясы болып табылады.Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкүн.ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу Қазақстанның негізгі жобаларының бірі.Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық Көрмелер Бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті.Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы беинеүндеуі жолданды.Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді.Астана ұсынған көрменің тақырыбы Болашақтың энергиясы деп аталады,ол баламалы энергия көздеріне және жасыл технологияларға арналған.2012 жылғы 22 қарашада ХКБге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды.Астананың өтінімін 103 ел қолдады.ЭКСПО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады.Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.ЭКСПо бүкіләлемдік бірегей көрмесі-маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдегі деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаһандық оқиға.ЭКСПО ең алғаш 1851 жылы Лондонда өткен.

73)ҚР Президентінің Қазақстан-2030 жолдауындағы көрсетілген ұзақ мерзімді басым стратегиялық мақсаттар. Біздің еліміз перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

74)Қазаұстанның әлемдік интеграциялық үрдістердегі рөлі мен орны.Орта Азия ОА елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) үшін ағымдағы онжылдық шешуші рөл атқару қажет, себебі олар өз егемендіктерін сақтай отырып әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграцияланудың тиімді жолын таңдай алады, болмаса дамыған елдердің трансұлттық корпорациялары үшін шикізат көзі болып қалып қоюы әбден ықтимал.

ОА аймағындағы интеграциялық үдерістер ол әлеуметтік өмірдің интерұлттандырылуы мен, елдердің өзара тәуелділік деңгейінің өсуімен және қатысушы-мемлекеттердің ұлттық мемлекеттіліктерін, қауіпсіздіктерін бекітудегі және жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беру қажеттіліктерімен байланысты халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаһандық үрдістердің салдары болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу ең алдымен, ОА елдерінің аймақтық ынтымақтастығының нәтижелі дамуына тәуелді.

ТМД шеңберіндегі, сондай-ақ ОА аймағындағы интеграциялық үдерістердің басты бастамашысы Қазақстан болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше рет ОА елдерін ресурстарын біріктіруге, жиынтық әлеуеті мен оның нәтижелері әлемдік экономикада мойындата алатын және халықтарымыз үшін жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алатын, тиімді және өзара байланысты экономикаларды құруға шақырды. Қазақстанның ОА мемлекеттерінің интеграциялық қауымдастығын құру мен оны жүзеге асыру бойынша бастамасы фундаменталды алғышарттарға – аймақтың тарихи, географиялық, саяси, экономикалық, мәдени, тілдік, діни ортақтықтарына негізделеді.

ОА аймағы елдерінің экономикасы жарты ғасыр бойы бірыңғай одақтық халықтық шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет етіп келді. Кеңес одағының ыдырауы және шаруашылық жүргізу шарттарының түбегейлі өзгерісі – бұл мемлекеттердің тек бірігу арқылы ғана шешімін табатын мәселелер жиынтығының кеңеюіне әкеліп соқты.

ОА елдерін саяси және экономикалық құрылымдарды реформалауды көздейтін өтпелі кезеңнің ортақ міндеттері байланыстырады. Бұл жағдайда олар үшін басты мәселе ортақ экономикалық мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану мақсатында бірігудің жолдарын іздестіру болып табылады. Бұл елдер тек сыртқы саяси стратегияларын үйлестіру арқылы ғана өздерінің ұлттық қауіпсіздіктері мен экономикалық интеграцияны қамтамасыз ете алады.

ОА-ның негізгі стратегиялық экономикалық мақсаты – бірыңғай экономикалық кеңістікті, бірыңғай сауда-кедендік аймақты, бірыңғай валюталық одақты және бірыңғай экономикалық стратегияны қалыптастыру. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, ОА елдері ортақ тарихи тәжірибелері есебінен жеке мықты және тәуелсіз аймақ бола алатындай мүмкіншілігі бар, оның үстіне соңғы 500 жыл ішінде бұл аймақ әлемдік экономика үшін стратегиялық маңызға ие болды. ОА әлемдік нарықты құнды тауарлармен – мұнай және газбен, рудалық және ауыл шаруашылығы шикізатымен жабдықтап қамтамасыз етеді. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі жаһандану жағдайындағы бұл аймақтағы интеграция ОА мемлекеттерінің әскери-саяси және экономикалық тәуелсіздігіне апаратын ең тиімді жол болып табылады.

75)ОДКБ және ШЫҰ;бүгінгі шындығы мен келешегі.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.

2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті.. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай: мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту;

саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық.

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».

Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.

2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда..

2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.

76) Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы. Еуразиялық экономикалық одақты құру, оған мүше болу-Қазақстан үшін саяси-экономикалық маңызы зор шешім. Еуразиялық одаққа кіру бізге дамыған және дамушы мемлекеттермен және көршілес мемлекеттермен арадағы тауар айналымы артады, елімізге келетін капитал көлемі өседі, өзге мемлекеттермен жұмыс күші алмасады және саяси және экономикалық жағынан әріптестік орнайды. Еуразиялық одақтан мемлекетімізге пайдалы тұстары да бар, яғни ең алдымен адам күшін, адам құқын және ұлттық валюта қорғалуы керек.

Сонымен қатар, 2 жыл бұрын, яғни 2012 жылдың өзінде Мемлекет басшысы G-Global бастамасын алға жылжытты. Бүгінгі күні бұл бастаманы әлемнің 160 елі интерактивті түрде бөлісіп және нақты қолдайтындығын ресми мойындады. G-Global коммуникативті алаңда жұмысты белсендіру, әділеттілік, теңдік, жаһандық төзімділік, ашықтық және сенім, сындарлы қарама-қайшылықтар қамтылған ХХ1 ғасырдағы әлемді құрудың тұғырлы принциптерін біріктереді. 2014 жылдың 21 мамырында Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумының аясында «Антиконтрафакт» Форумы өткізілгені осының айғағы. Бұл бағыттағы тағы бір қадам Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болып табылады. Бұл оқиғаға әзірлік Қазақстанда қарқынмен жүргізілуде. Бұл мақсатта арнаулы заң қабылданды, жер бөлініп, архитектуралық жобалар әзірленуде.

Осы аталған әлемдік экономиканың жаңа моделін қалыптастыру бойынша стратегиялық бастамалары саясаткерлермен әлемдік қауымдастықтың игілігіне айналып қана қоймай, Қазақстанның барлық азаматтарына дейін жеткізілу керек.        

77)Кедендік одақтың құрылуы;мақсаты мен бағыттары.Бүгінде Одақ аясында үш елдің экономикалық бағыттағы бастамалары жүзеге асырылып, болашақта атқарылар жұмыстар турасындағы келіссөздер жүйелі түрде өз жалғасын табуда. Оның айқын бір көрінісі – Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшыларының үшжақты кездесуі барысында ортақ мүддеге негізделген, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды бірқатар келісім-шарттардың қаралуы. Және осының нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімшарттың, осы келісімшарт негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының тәртібі, Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларацияның қабылданғандығын атап айту керек. Мемлекет басшылары мүдделі елдердің Кеден одағын дамыту және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жөніндегі мақсатты жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендігін атап өтті. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен бұл жолғы Мәскеу отырысы маңыздылығымен ерекшеленді. Оның аясында өткен үшжақты кездесулерде мемлекет басшылары Біртұтас экономикалық кеңістіктің негізгі құжаттарын бекітті. Осының нәтижесінде үш ел арасындағы Кеден одағы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің жаңа сатысына көтеріледі.Бұл үш мемлекет Ресей Қазақстан Беларусь.

78)Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі... Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ел азаматтығы жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.

Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

79)2011 жыл 11 ақпанындағы Қазақстан Президентінің хаыққа жолдауы.жолашақты бірге қалаймыз. Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы – экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.

2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.

Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.

Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.

Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.

Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.

Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.

Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осынау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.

Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек.

Шикізаттық емес секторларды дамыту мақсатында Үкіметке Қуат тиімділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.

Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.

Мұның барлығы – біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.

80) Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы;бағыттары мен келешегі.Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру . Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған. Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.

81) ҚР жергілікті билік органдарының сипаты мен қызметі.ҚР-сы Конституциясының ҮІІІ-бөлімінің (85,87-б-дың) нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және аткарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқарүды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумактың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, аткарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік

бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқа-

рылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдык меншікті басқару;

3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктердіжүзеге асыру.

Жергілікті аткарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы және олардың кызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 ж. 23-каңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Презвденттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді.

Аталған заң бойынша облыстың (республикалык маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстык маңызы бар қаланың). әкімі баскаратын, өз кұзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік баскаруды жүзеге асыратын алқалы аткарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдіктің дербес кұрамы тиісті аумақтың мослихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен каржыландырылатын аткарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары түрған тиісті органдар

басшыларымен келісім бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктін мүшелері болуы мүмкін.

Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет; коммуналдық зацды түлғаларға бекітілген мүлік; заңдарга сойкес комімуналдық меншіктегі озге де мүлік құрайды.

82) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

83)Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мен географиялық жағдайы.Ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында, ежелгі тарихи-географиялық атаулардың әкімшілік-аумақтық бірлігі қалпына келтірілді. Сонымен қоса, орыс тіліндегі қазақ топонимикалық атауларын ретке келтіру арқылы көптеген облыстардың, қалалардың, аудандардың және басқа елді мекендердің атаулары өзгертілді. Атаулардың атын өзгерту жергілікті халық депутаттары кеңесінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан Республикасы жеке әкімшілік-аумақтық бірлігінің жеке атауларының қайта өзгертілуі және орыс тіліндегі қазақ топонимикаларын ретке келтіру туралы» 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес бірқатар облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да елді мекендердің атаулары қайта өзгертілді

Бірқатар облыстардың аумақтық кұрылымы қайта қаралып біріктірілді және соған сәйкес олардың шекарасы да өзгерді. Әкімшілік-аумақтык реформаның барысында Жезқазған облысы Қарағанды об-лысымен, Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысымен, Семей Шығыс Қазақстан облысымен біріктірілді. Ал Талдықорған облысы Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыс-тарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарының өзгеруі туралы» (аудан-дарды біріктіру арқылы) Жарлығы бойынша бұл облыстардың ішкі кұрылымында өзгерістер болды. Президенттің жарлығын орындау мақ-сатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы қаулысының нәтижесінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары өзгерді. 1997 жылғы реформаның негізгі мақсаты әкімшілік құрылымды оңтайландыру және облыстардың қаржылық санын қысқарту еді. Кейіннен бұрынғы екі облыстың орталығы — Көкшетауға 1999 жылы және Талдықорғанға 2001 жылы облыс орталығының мәртебесі, сонымен бірге Алматы және Ақмола облыстарына облыс орталығының мәртебесі қайта қайтарылды. Қайта өзгертілген әкімшілік-аумақтық реформалардың салдары әртүрлі болды. Торғай облысының қысқаруы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Жезқазған облысы ірі кор-порация «Қазақмыстың» болуының арқасында бұл үдерістен жеңіл шықты. Семей облысының Шығыс Қазақстанға қосылуы Шығыс Қазақстан облысын дотациялық өңірге айналдырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының 2006—2008 жылдарғы қаланы дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін жағдай жақсы жағына қарай өзгере бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру өндіріс тауарлары мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына, инвестиция құйылуының артуына, азаматтардың материалдык және пәтер-үй жағдайларының жақсаруына, өндірістік және әлеуметтік инфраструктураның материалдық қор нысанының нығаюына септігін тигізді. Әкімшілік-аумақтық реформаның ішкі ғана емес, геосаяси маңызы бар. Өйткені, сол облыстардың алғашқы кезекте мемлекеттік шекара-сымен бірге сыртқы шекарасы да бір мезгілде жаңаша құрылды. Шека-рамен шектес аймақтарды ірілендіру болашақта олардың жағдайларын тұрақтандырды. Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас жалпы геосаяси кеңістікте ішкі бірігуіне жағдай жасады. Ірілендірілген шеткі облыстардын маңыздылығы шекараға шектес қаланың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның маңызды аймақтарымен аталды.

84)ҚР Президентінің Қазақстандық жол-2050 жолдауларының басым бағыттары. Қазақстан-2050 стратегиясы-2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды.Оның басты мақсаты-мықты мемлекеттің,дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін,Қазақстан-2050 Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдылықтарды іске асыруды қарастырады;1-Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу,инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; 2-Кәсіпкерлікті-қлттық экономиканы жетекші күшін жан-жақты қолдау; 3-Әлеуметтік саясаттың жаңа принцптері-әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; 4-Білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің,кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; 5-Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; 6-Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерлету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 7-Жаңа Қазақстандық патриотизм-біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

85)ҚазақстанныңОБСЕ-дегі төрағалық етуі. “ОБСЕ-нің кілті — Қазақстанның қолында!”. “Қазақ елінің азаматтары бөркін аспанға атар жайы бар. Қазақстан ОБСЕ Төрағалығы тізгініне ие болды! Афиныда өткен ОБСЕ-нің министрлер кездесуінде мынадай мазмұндағы декларация қабылданды: “Біз ОБСЕ-ге қатысушы мемлекеттер арасында Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ Төрағасы болуын құп көреміз. Біз Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ саммитін өткізу туралы ұсынысын оңынан қабылдаймыз.Біз мұндай мәртебелі жиынның маңызы мен мазмұнына сай тиісті дайындық жасаудың қажеттілігіне назар аударамыз. Біз өз шешімімізді негіздеу үшін ОБСЕ-нің күн тәртібіне прогресс дәрежесін анықтау мақсатында Тұрақты Кеңеске консультациялар өткізуді тапсырамыз”.

Сөз жоқ, бұл - Қазақстанның жеңісі! Сөз жоқ, бұл - Қазақстанның осынау Халықаралық ұйымға жетекшілік жасау тізгінін өз қолына алғанын айғақтайды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтың халықаралық дәрежедегі беделі орасан зор екеніне, біз тағы да көз жеткіздік...

86)Парасатты ұлт-2020.Ұлт жобасы-мемлекеттің иновациялық дамудың негізгі ретінде.жаһандық инновациялық индекс пен Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көшбасшысы болып табылатын Швейцария жоғары оң жақ бұрышта орналасқаны көрініп тұр. Бұл ретте, Қазақстан Мексика, Оңтүстік Африка, Словакия сияқты елдермен бір топта төмендегі сол жақ бұрышта орналасқан, бұларда инновацияларды жеке сектор мен жоғары оқу орындарының барынша аз қатысуымен негізінен мемлекет құрады.

Қазақстанның мұндай жағдайы елдің инновациялық дамуының іргелі негіздерін қалыптастыратын фактрорлармен негізделген.

Біріншіден, тұтастай алғанда, экономиканың инновациялық дамуының төмен деңгейі кейде мемлекеттік секторда инновацияларды енгізу дәрежесінің жеткіліксіз болуымен де негізделеді.

Қазіргі уақытта мемлекет халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық үкіметті дамыту, халыққа қызметтерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсету және т.б. сияқты стандарттарын жоғарылату жөнінде бірқатар маңызды бастамаларды іске асырып отыр.

Сонымен қатар, интернет пайдаланушылардың 2008 жылғы 15.1 адамнан 2010 жылы бір жүз адамға айтарлықтай өскеніне қарамастан, интернетті білім алу және біліктілікті жоғарылату мақсатында пайдаланудың төмендегені байқалады (2008 жылы 34.1 % және 2010 жылы 25.9 %). Бұдан басқа, интернетті қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен байланыс жасау үшін пайдаланудың болмашы ғана өскені байқалып отыр, мысалға 2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы өсу бар болғаны 3.6 %-ды құрады.

Жоғарыда келтірілген статистика мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарының заманауи технологияларды, атап айтқанда интернет-технологияларды енгізуі мен пайдалануының көрсеткіші төмен екенін көрсетеді.

Екіншіден, қоғамда инновациялар «мәдениетін» тарату деңгейінің жеткіліксіз екені байқалып отыр.

Әсіресе, бұл инновациялық ойлауды қалыптастыруға төмен дәрежеде бағытталған білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі тәсілдерден көрінеді. Бұдан басқа, бұл отандық зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің талап етілу деңгейінен көрінеді де, ғалымның мәртебесімен және тұтастай қоғам үшін ғылыми қызметтің маңыздылығымен негізделеді.

Инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бизнесті, халық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін ұлттық идеяға айналуға тиіс.

Үшіншіден, ғылымның тиімдігіне ықпал ететін факторлардың болуы.

Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен ғылыми-техникалық саланы басқаруды жетілдіру мәселелеріне мемлекет зор көңіл бөліп отыр. Әлемдік практикада бірегей Назарбаев Университеті құрылып, білімді, ғылым мен инновациялық процесті алғаш рет біріктірді, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, ғылым саласын басқарудың мүлдем жаңа жүйесі енгізілді, Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Ғылымды қаржыландырудың жаңа – гранттық, бағдарламалық-нысаналы және базалық нысандары енгізілді. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы құрылды. Инфрақұрылым дамытылуда, мысалға қазақстандық және шетелдік ғалымдардың барлығы үшін қолжетімді ашық үлгідегі ұлттық 5 зертхана және инженерлік бейіндегі 15 зертхана құрылып, заманауи жабдықтармен жарақталды.

Ғылымды қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің өсімін басып озатын қарқынмен айтарлықтай ұлғайту басталды. Айталық, 2011 жылы ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 23 миллиард теңгені құрады.

Дегенмен, ғылымның экономика мен инновацияларға іс жүзінде шығуы әзірге әлі де өте төмен. Әлемдік нарықтағы ғылымды қажетсінетін қазақстандық өнімнің үлесі нөлге тең дерлік. Бұл проблема, өз кезегінде, жоғары оқу орындары тарапынан меншікті ғылыми құзыретті дамытуға деген ынтаның болмауынан туындаған, өйткені батыстық универститеттерге қарағанда олар негізгі кірісті білім беру қызметтерін көрсетуден алады. Бұдан басқа, өнеркәсіптің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан секторлары жаңа технологияларды көбінесе шет елдерде сатып алуға мәжбүр.

Тұтастай алғанда, қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару мен қаржыландырудың қолданыстағы моделі айтарлықтай дәрежеде бизнестің алдында тұрған технологиялық сипаттағы нақты міндеттерді шешуге емес, ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағдарланған.

Төртіншіден, технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесінің жоқтығы.

Технологияларды коммерцияландыру, әдетте, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтердің практикалық қолданысы негізімен байланысты, және де сол ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін басталып, нарық пен коммерциялық тұтынушылар үшін бағалы болатын қасиеттері мен артықшылықтары бар нақты айқындалған технология, өнім немесе қызмет бар жерде басталады.

Ғылымды қаржыландырудың жалпы ұлғайғанына қарамастан, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің қомақты бөлігі экономиканың нақты секторына енгізілмеген күйінде қалады, әзірлеушілерге пайда әкелмейді және жобалар мен әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ететін ұйымдық және экономикалық тетіктердің болмауынан бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз етпейді.

Технологияларды табысты коммерцияландыру мысалдарының жетіспеушілігі елде білімдерді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік бермейтін инновацияларды қолдау мен енгізудің ұлттық жүйесінде олқылықтар бар екендігі туралы қорытынды жасауға алып келеді.

Осыған орай, ғылыми-зерттеу қоғамдастығының, мемлекеттік және жеке секторлардың ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттік саясат деңгейінде ынталандырылатын және қолдау көрсетілетін келісілген жүйелі шаралар кешенінің көмегімен экономикада жаңа білімді игерудің тиімділігі мен қарқынын айтарлықтай үдетуге мүмкіндік беретін жаңа тәсіл қажет.

Алдыңғы қатарлы әлемдiк тәжiрибенiң мысалдары мұндай шаралардың қажеттiлiгін көрсетеді. Бұл ретте орталық, сонымен бiрге, жергілікті мемлекеттiк органдар әртүрлi жергiлiктi және мемлекеттiк әріптестердің көпшілігінен тұратын, өзара әрекет ететін және бiр-бiрін толықтыратын икемді желіні құру үшін технологияларды коммерцияландыру процесiн ынталандыруда және қолдауда маңызды рөл атқаруы керек.

Технологияларды коммерцияландыру жүйесінің ұлттық және өңірлік деңгейде дамуы Қазақстан Республикасының ресурстық экономикадан білімге негізделген экономикаға көшуінің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегiнде, инновациялар саласындағы кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға мүмкiндiк туғызады, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуы, ғылыми және инновациялық қызметтi пайда табудың және тұрғындардың өмiр деңгейiн жоғарылату көзі ретінде насихаттауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Нәтижесінде, 2020 жылға инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа білімді қолдануда елдің барлық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені айқындайтын, қазақстандық жағдайларға сәйкес тиімді технологияларды коммерциаландыру жүйесі пайда болуы тиіс.

Бесіншіден, кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіз болуы елдегі инновациялық белсенділіктің жоғарылауына кедергі келтіреді.

    Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда инновацияларға сұранысты дамыту, оның ішінде техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу жүйесі, инновациялық компанияға ерекше мәртебе беру жолымен дамыту бойынша мемлекеттің арнайы реттеу шаралары жоқ. Сұраныстың аз болуы елдегі инновациялардың ілгерілеуін тежейтін түйінді фактор болып табылады.

Өз кезегінде, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары кейде осы бағдарламаларға кәсіпкерлердің қалың тобының қатысуына кедергі келтіретін өте күрделі процестерді қамтиды.

Осыған байланысты, инновациялық саясат бағдарламаларының нәтижелерін бақылау мен бағалаудың тиісті тетіктерін бизнеспен бірге орнатып, осындай бағалау нәтижелерін жаңа бастамаларды айқындау және түзетуші шараларды жүргізу процесінде ескерген жөн.

Нарықтық жағдайларда инновациялық даму көрсеткіштерінің жыл сайын өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін инновациялық және ғылыми-техникалық салаларда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық салада да нысаналы мемлекеттік саясат қажет.

Алтыншыдан, өңірлік инновациялық жүйелерді дамытудың ағымдағы жай-күйі инновациялық компаниялардың қалыптасуын қамтамасыз етпейді.

Орталық – өңір, өңірлер – өңірлер іс-қимылын үйлестірудің төмен деңгейі өңірлер дамуында орын алатын теңсіздіктің маңызды элементі болып табылады. Атап айтқанда, бір жағынан көптеген өңірлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың айтарлықтай ұлғаюының өзіне тән белгілері байқалады, бұл ретте кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен инновациялық өнім шығару мардымсыз қарқынмен, ал кейде тіпті осы көрсеткіштердің құлдырауымен жүзеге асырылады. Яғни өндірістік сектор үшін бұл жұмыстардың практикалық маңызы жоқ және көбінесе декларативті сипатта болады.

Екінші жағынан өңірлерде меншікті қаражаттың жетіспеуі қолда бар ішкі әлеуетті кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамытуға толық көлемде үйлестіруге, тартуға және шоғырландыруға мүмкіндік бермейді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін де, сонымен қатар өңірлік универститеттердің, технопарктердің, даму институттарының ғылыми және зерттеушілік әлеуетін де инновациялық қызметке тарту процесін тежейді. Жетіншіден, өңірлердегі ғалымдар мен инноваторларда инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарына жылдам қолжетімділіктің болмауы. Мемлекет күш-жігерінің басым бөлігі инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын статистика көрсетіп отыр, дегенмен, құрылған инфрақұрылым инновациялық қызметті қолдаудың барлық құралдарын қамтымайтынын атап өткен жөн, сондықтан да нақты экономиканың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылым элементтері елдің бүкіл өңірлерін әлі де қамтымай отыр.

Сегізіншіден, әлемдік инновациялық жүйеге кірігуді күшейту қажеттігі.

Қазақстандық ғалымдар мен инноваторлардың халықаралық ғылыми және бизнес-жобаларға қатысуы, шетелдік қызметтер мен халықаралық даму иституттары және инвесторлар беретін капиталға қол жеткізуі шектелген.

2010 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен қатар бірыңғай кедендік аумақты көздейтін «Кеден одағына» кірді, оның шегіндегі тауарлардың өзара саудасында кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Бұдан басқа, ғылымды, технологиялар иен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның әрқилы шетелдік мемлекеттермен жасаған 140-қа жуық келісімдері мен шарттары бар.

Бұған қарамастан, инновациялық даму үшін маңызы бар бірқатар келеңсіз үрдістерді өзгерте, қазақстандық инновациялық жүйенің әлемдік жүйеге кірігу процесін айтарлықтай жеделдете алған жоқпыз. Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің болмауы осындай факторлардың бірі болып табылады, бұдан басқа, Қазақстан шетелдік жоғары технологиялы компаниялар үшін әлі де жабық нарық күйінде қалып отыр, осының барлығы инновацияларды енгізудің негізгі көтермелеушісі ретіндегі бәсекеге келеңсіз әсерін тигізеді. Экономиканы жаңғырту және технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жобаларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіз болуы, шетелдік жоғары технологиялы компаниялардың Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарға орналастыруға сұраныстың төмен болуы әлі де байқалып отыр.

Жоғарыда аталған жүйелі кемшіліктермен қатар, Қазақстанда ғылым мен технологияларды шоғырланған түрде мемлекеттік жоспарлау мен үйлестіру жоқ.

87) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол жолдауы.Осы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама хаб қағидаты бойынша елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған.

Макроөңірлерді дамыту және ықпалдастыру көліктік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Осыған байланысты Бағдарламада инфрақұрылымды дамыту және іскерлік белсенділікті қолдау саласында айқын басым бағыттар мен нақты жобалар көзделген.

Автожол, теміржол салаларында және энергетикада елдің ішкі нарығын кеңейтуге, транзиттік және экспорттық әлеуетті, туризмді ұлғайтуға, сондай-ақ ел макроөңірлерінің тұрақты, теңгерімді энергиямен қамтамасыз етілуін құруға бағытталған басым жобалар іске асырылатын болады.

Көлік-коммуникациялық, энергетикалық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларды дамыту құрылыс материалдарына, өнеркәсіп өніміне және жабдықтарға айтарлықтай сұраныс туындатады, бұл дамыған индустриялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін талап етеді.

Макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту инвестициялардың өсуі мен экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін қосымша түрткі болады.

Макроөңірлерде хабтарды қалыптастыру халықтың біршама көшіп-қонуымен ұласатын болады, бұл еңбек нарығына және қалалардың инфрақұрылымына, оның ішінде тұрғын үй қорына жүк түсіреді. Сондықтан тұрғын үй инфрақұрылымы нығайтылады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту қамтамасыз етіледі.

Макроөңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын (мектептер, балабақшалар, ЖОО) дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені адами капиталға инвестициялар экономика мен тұтас елдің орнықты дамуының түйінді факторы болып табылады.

Осыған байланысты Бағдарлама білім беру саласындағы – авариялық мектептер, үш ауысымдық оқыту, балабақшалардың тапшылығы сияқты неғұрлым өткір проблемаларды, сондай-ақ ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасының проблемаларын шешуге бағытталған.

Іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында өңдеуші өнеркәсіп саласында шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті қаржыландырудың қолжетімділігін ұлғайту бойынша қолдау жалғастырылатын болады.

Тұтастай алғанда, инфрақұрылым мен отандық бизнесті дамытуға мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімді перспективада ғана экономикалық өсуге ықпал етіп қоймай, ұзақ мерзімді перспективада орнықты өсу үшін алғышарт жасайды, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы конъюнктура нашарлаған жағдайда, қазіргі жұмыс орындарын сақтап, жаңаларын құруды қамтамасыз етеді.

 Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, Индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ), Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2020, Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы, Отын-энергетикалық кешен тұжырымдамасы, Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

88)Қазақстандықтардың әлемдік деңгейдегіьспорттық жарыстардығы жетістіктер.Біздің спортшыларымыздың Олимпиададағы медальдары, жоғары спорттық нәтижелері мен жетістіктері Қазақстан тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығына лайықты сый болып саналады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесі биіктігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар,–деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өткен Олимпиадада біздің құраманың түрлі дәрежедегі 17 медальді иеленгенін атап өтті.

– Бұл – Қазақстанның әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысу тарихындағы басқа Олимпия ойындарындағы жүлделерден әлдеқайда көп. Ресми емес медальдік есепте біздің олимпиадалық құрама әлемнің 207 елінің спорттық құрамалары ішінде 22-орында тұр. Баршамыз Риодағы Олимпиада тұғырында еліміздің әнұраны 3 рет шырқалып, туымыздың 3 рет ең биікте желбірегеніне мақтанамыз. Осылайша, боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуден ел тарихындағы тұңғыш чемпион – Дмитрий Баландин, ауыр атлет Нижат Рахимов ерекше жетістіктерге жетіп, Олимпиада жеңімпазы атанды. Олимпиададағы табыстың ортақ қоржынына 5 күміс және 9 қола медаль иегерлері мол олжа салды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына, олимпиадашылардың отбасыларына және барша қазақстандықтарға сайыста қолдау білдіргені үшін, ал спортшыларға – нағыз бәсекеде көрсеткен ерік-жігері мен олимпиадалық даңққа ұмтылысы үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Ұлттық құраманың жетістіктері Рио-де-Жанейрода өтетін алдағы ХV жазғы Паралимпия ойындарына қатысатын спортшыларға рух беретінін айтып, оларға табыс пен жоғары нәтиже тіледі.

Елбасы Қазақстанның 25 жыл белесінде әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысқан атлеттеріміздің көптеген жарқын жеңістерге қол жеткізгенін айтты.

– Қазақстандықтардың 2016 жылғы жеңіп алған марапаттарын қосқанда еліміздің олимпиадалық қазынасындағы медаль саны 69-ға жетті. Біздің елімізде 1992 жылдан бергі жазғы және қысқы Олимпия ойындарында жеңімпаз болған 19 олимпиада чемпионы, 22 күміс және 28 қола медаль иегерлері бар. Бұл жоғары жетістіктер – мемлекеттің тұрақты қамқорлығының және спортты дамытуға жағдай жасаудың нәтижесі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

89) Мәңгілік ел-ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы.

1 Тәуелсіз Қазақстан және Астана

2 Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

3Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

4 Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу

5 Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

6Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

7 Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

90) Ядролық қарудан бас тарту-Әлем.ХХІ ғасыр манифесті.Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары ғаламды қамтитын үлкен проблемаларды шешутетіктерін ұсынуымен мәлім. Нұрсұлтан Әбішұлының Вашингтондағы ғаламдық саммитке қатысқанда көтерген мәселелері әлі күнге дейін үлкен талқыға түсіп жатқандығы соған дәлел. Бұл жолы да Елбасы әлемдегі тұрақтылықты сақтаудағы өзінің «рецептін» «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» құжаты түрінде беріп отыр: БҰҰ-ның базасында ядролық қаруларға қатысты ғылыми жаңалықтарды тіркеуге алып отыратын Реестр құру бастамасы үлкен қолдау табуы қажет. БҰҰ әлемдегі шиеленістерді шешетін маңызды ұйым болғандықтан, реестрді құру арқылы сан алуан қауіптің алдын алу механизмі жүзеге асатынына сенемін.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы мемлекеттердің және әлем елдерінің осы мәселе аясындағы кооперациясы және өзара тәжірибе алмасуы әдеттегі практикаға айналуын қалайтын Мемлекет басшысының бастамасы басқа тараптардан қолдау тапса көп мәселелер де шешілетін еді..

Елбасының әлемдегі әскери ұйымдар мен блоктардан бас тартуға шақыруы – ең алдымен, қазіргі шиеленіске түсіп, бір-бірімен қырғи-қабақ соғыс жүргізіп жатқан әскери әлеуеті мықты елдерді бір үстелдің басына жинауға алғышарт болады. Себебі, әскери ұйымдардың болуы – ядролық қауіптердің ықтималдығын жоғарылатады.

Президенттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі жаңа форматқа өту керектігі туралы бастамасы өте орынды. БҰҰ-ның қарусыздандыру жөніндегі жаңа стратегиясының фокусы киберқылмыспен күрес жүргізілуге бағытталса, террористік әрекеттердің алдын алуға серпін береді.

БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан ұсынған «Әлемдік Стратегиялық Бастама Жоспары – 2045 құжаты» соғыссыз бейбіт әлемді қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті, әлем елдерінің инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыруда үлкен рөл ойнайтын болады.

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы – барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт, қазіргіміз бен келешегімізге серпіліс беретін үлкен бастама. Қазақстанның осы мәселедегі ұстанымы әлемді ядролық зұлымдықтан сақтаудың алғышарты деп қабылдауға болады. Қазақстанның зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші болса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан осындай тарихи шешіммен әлемнің назарына ілікті. Сондықтан болар, әлемді ядролық қарусыздандыру саммиттеріне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы үлкен маңызға ие.

Осыдан 15 жыл бұрын еліміз аймақтағы көршілерімізбен бірге Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазір де еліміз жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басында келеді. Біздің антиядролық тәжірибеміз әлемнің барлық мемлекеттеріне үлгі болады деген үміттемін.

 

   

 

   

 

                       

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.05 с.)