Н. А. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі стратегиялық қалыптасуы мен дамуы» атты еңбегі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Н. А. Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі стратегиялық қалыптасуы мен дамуы» атты еңбегі.

Поиск

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті.

Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды.Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді.

65) ҚР мемлекеттік құрылыс.Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Назарбаев Нурсултан Абишевич. Конституцияға сай, Қазақстан – үш тәуелсіз билік арнасы бар мемлекет: атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыұлттық референдумында қабылданды. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық. Заң шығарушы орган Парламент болып табылады. Атқарушы билікті Үкімет, оның құрамында орталық орган (Министрлік, Агентство, Ведомство) және жергілікті орган (Әкімшілік) атқарады; соттар билігін мемлекеттік сот (Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары) жүзеге асырады. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Мемлекеттік нышан-белгілер Байрақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген. Қазақстан байрағы, елтаңбасы және әнұранымен қатар, Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік нышан-белгісі боп саналады. Қазіргі қолданыста жүрген байрақ 1992 жылы қабылданды. Байрақтың авторы — белгілі дизайнер және суретші, Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков. Сол жағында ұлттық өрнегі, алтын күні мен қақ ортасында Қазақстан Республикасы бостандығының, тәуелсіздігінің және егемендігінің нышаны – қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір байрақ. Оның тұтас бір түсті болуы – Қазақстан бірлігінің нышаны. Елтаңба                         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір аспан аясындағы шаңырақ бейнелі, жан-жаққа күн сәулесіндей тарап жатқан уығы бар, мифтік аңыздағы дүлділ аттардың қанатымен көмкерілген. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазуы бар. Елтаңбада екі түс – алтын және көгілдір көк түс басым. 1992 жылдың 4 маусымы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының туған күні. Еліміздің елтаңбасындағы шаңырақ — бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық адамның ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі өз уықтарының мықтылығына байланысты болатыны сияқты, елдің бақыты онда тұратын әр адамның жайлы өміріне тәуелді. Сыртқы түрі аспан күмбезіне ұқсас шаңырақ қазақтардың тұрмыс-тірлігіндегі ең кие тұтатын бір белгі іспетті. Шаңырақ— туған үйдің, ал кеңірек ұғымда қарасақ, әлемнің, күллі ғаламның нышан-белгісі. Егемен Қазақстанның қазіргі елтаңбасы екі танымал сәулетшінің: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі боп есептеледі. Мәрелі конкурсқа болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы келіп түсті. Әнұран Мәтін сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әуен авторы: Шәмші Қалдаяқов . Конституция Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің негізгі заңы. Қазіргі Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдуммен қабылданды. Қазақстан Республикасы Конституциясының күні – бұл мемлекеттік мереке. 1-БАП 1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті — жоғары лауазымды тұлға және мемлекеттің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Республика Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент 5 жылға сайланады. Жасы 40-тан асқан, кемінде 10 жыл республика аймағында тұрған және мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін үміткер сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда». Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Қазақстан әкімшілік-аумақтық жағдайына қарай 14 облысқа бөлінген. Ел астанасы – Астана қаласы. Алматы қаласы республикалық мәртебеге ие.    Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан халқының Ассамблеясы Мемлекет Басшысы жанындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде құрылды. Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. .

66) Қазақстанның Азия құрлығындағы сыртқы саясаттағы қызметі.Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) бастамасын жүзеге асыру айрықша орын алады.

Қазіргі уақытта АӨСШК-ге мына 26 мемлекет мүше.

 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мемлекет басшысы бастаманың басты мәні әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік әлі жасала қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді және әмбебап құрылым жасақтау бағытындағы бұрын жүзеге аспаған талпыныстарды қайта жаңғыртуда екенін атап өтті.

Азияда ядролық қарудың таралу үрдісінің, заңсыз көші-қонның қарқын алуы, қоршаған айнала ахуалының күрт нашарлауы, экстремизм мен есірткі саудасы бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қаупін оятты. 

Сондықтан АӨСШК-ні шақыру туралы идея бірқатар азиялық мемлекеттерден және БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ (Араб мемлекеттері лигасы) сияқты халықаралық ұйымдардан қолдау тапты.

Алғашқы кездесу 1993 жылы сәуірде өтті. Екінші басқосу 1993 жылғы тамыз-қыркүйекте, ал үшіншісі 1994 жылы қазанда болды. Үшінші кездесудің нәтижесінде Кеңестің құжаттарын дайындау міндетіне кіретін Арнаулы Жұмыс Тобын құру туралы шешім қабылданды.

Басқосуға ерекшелік берген жайт – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіні болды. Еуропалық іргелі ұйымның қолдауымен 2010 жылы 7 маусымда Ыстамбұл қаласында «Экономика және қауіпсіздік саласындағы ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық» арнайы шарасы өткізілді.

АӨСШК-нің 20 жылдыққа арналған мерейтойлық отырысы мен форумның сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі 2012 жылғы қыркүйекте Астанада өтті. Қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК-нің маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті.

Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары Бангладеш пен Катарды Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жаңа мүшелері ретінде ықыласпен қарсы алды. 

Осылайша, жиырма жылдан астам уақыт ішінде АӨСШК өңірлік қауіпсіздік архитектурасын нығайту ісіндегі атқарған сындарлы рөлі арқасында өзінің қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. 

67) Қазіргі таңдағы Қазақстан-Ресей қарым қатынастары.1992 жылдың 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2006 жылдың 12 желтоқсаннан бері Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников.

2014 жылдың 11 ақпаннан бері Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин.

Саяси диалог. Қазақстандық-ресейлік қатынастар әртүрлі салаларда қарқынды дамумен сипатталады. Мемлекет басшыларының ұдайы кездесулері мен келіссөздері Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда жетекші орынды алады.

Үкімет басшылары деңгейінде қарқынды өзара іс-қимылдар жүргізілуде. Екіжақты және көпжақты форматтардағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылдар мәселелері ұдайы талқылануда.

Парламентаралық байланыстар жоспарлы дамуда. Тиісті парламенттік комиссиялардың және комитеттердің жұмыстары парламентаралық ынтымақтастыққа жүйелі сипат береді. ҚР Парламенті Сенатында бұл – «Қазақстан Республикасы-Ресей Федерациясы» парламенттік ынтымақтастық комитеті (комитеттің тең төрағасы К.Ищанов), Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінде – ҚР Парламенті Сенатымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ (топтың тең төрағасы И.Умаханов); ҚР Парламенті Мәжілісінде – РФ Мемлекеттік думасымен ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік топ (басшысы С.Дьяченко), Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасында – ҚР Парламентімен байланысы бойынша депутаттық топ (басшысы О.Савченко).

Екі елдің сыртқы саясат іс-қимылдары көп жоспарлы және жан-жақты сипатқа ие. 2014 жылдың 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Ресей Федерациясында (Мәскеу) ресми сапармен болды. Оның барысында өзінің әріптесі С.Лавровпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың бағыттары бойынша кіші комиссиялардың отырыстары тұрақты өткізілуде: банкаралық және инвестициялық; көліктік; өңіраралық және шекара маңы; әскери-техникалық; ОЭК саласында; ғылым және жаңа технологиялар саласында, өнеркәсіп саласында. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданған және оны орындау бойынша 2012-2014 жылдарға арналған Жоспар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшыларымен қол қойылған 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылып жатыр.

Екіжақты қарым-қатынастың тиімді дамуына өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшылары қатысуымен жыл сайын өңіраралық ынтымақтастық Форумы өткізіледі.

Ғарышты игеру мен «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану саласындағы ынтымақтастық дамып келеді.

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен қызмет іске асырылуда, соның ішінде көліктік дәліздерді іске асыру бөлігіндегі: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік - Оңтүстік», «Батыс - Шығыс» және басқа жобалар.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.

Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынас серпінді дамуды жалғастырып келеді. Екі мемлекет халықтары арасындағы достастықты тереңдету, РФ тұрғындарын тарих туралы ақпараттандыру, қазақ халқының мәдени мұрағаты мен құндылықтары, Қазақстан имиджін нығайту, әртүрлі салалардағы мемлекеттің жетістіктерін жария ету және Қазақстанды Ресей қоғамында қазіргі заманға сай қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде ұсыну бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тату көршілікті және стратегиялық әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тығыз негізді, өзара тиімді қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың әлеуетін көтеруді бірлескен күш салысумен жалғастырып жатыр.

68) ҚР-ның шекаралас мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын делимитациялау.Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын.КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.

Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу

Делимитация

1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.

1992 жылғы 17 шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті.

Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.

Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жалпы ұзақтығы 1783 км, оның ішінде құрлық щекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 566,89 км.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу

Бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекітілетін келесі құқықтық құжаттар болып табылады:

1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері.

Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негізіне алды.

Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті.

Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері ескеріле отырып шешілді.

Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі  2003 жылы, ал далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуірде басталды. Шекара сызығы 1565 шекаралық белгілермен белгіленген.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы

Делимитация

2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекара сызығы 366 шекара бағаналармен белгіленген.

Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы

Делимитация

Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін өтті. Осы келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді.

 

Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында шекара белгілерін орнату жұмыстары 2014 жылы аяқталды. Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекара сызығында 1055 шекара бағаналар орнатылған.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының 5200 км шамасында 3000 астам шекара белгілерімен белгіленген

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында шектес елдердің шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген келісімдер:

1. 1999 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;

2. 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім;

3. 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.

Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою жөніндегі жұмысы жүргізілуде.

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы 13383 км., оның ішінде:

- Қытай Халық Республикасымен – 1 783 км. шамасында;

- Қырғыз Республикасымен – 1 257 км. шамасында;

- Өзбекстан Республикасымен – 2 351 км. шамасында;

- Түрікменстанмен – 458,3 км. шамасында;

- Ресей Федерациясымен – 7 548 км. шамасында.

69) Мемілекеттік Нұрлы көш» бағдарламасы - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.

Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

70) Ұлттық валютаның енгізілу себептері мен маңызы.1993 жылы 1-і қарашада Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал араға үш күн салып Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының (1993 ж.) 78 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазанындағы қаулысына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»- деп көрсетілген. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді.. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.017 с.)