БАКТЕРИАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАКТЕРИАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Поиск

5.2.11. ЖАСЫЛ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық тәсілдерінің бірі. Жасыл тыңайтқыш үшін өсірілетін дақылдарды сидераттар деп атайды. Жасыл тыңайтқыш ретінде бөрі бұршақ, сераделла, сиыр жоңышқа, эспарцет, тригонелла, чина, шабдар, қыша,  нут сияқты дақылдарды пайдаланады.

Жасыл тыңайтқыштар топырақтағы  органикалық заттар мен азоттың қорын арттырады және фосфор, калий тағы басқа қоректік заттарды сіңімді түрлерімен байытады. Топырақтың ауа, су өткізгіштігі жақсарады. Микробиологиялық процестің жүруі жылдамдайды. Жасыл тыңайтқыш құрамындағы азотты өсімдіктің пайдалануы көңдегі азотқа қарағанда екі есе жоғары болады. Топыраққа еңгізілген жасыл тыңайтқыштар оның негізбен қанығу дәрежесін, сіңіру сыйымдылығын, буферлігін жақсартады.

Жасыл тыңайтқыштар жеке немесе басқа дақылдармен бірге егілуіне қарай дара және тығыздалған (аралас) болып екіге бөлінеді. Дара сидераттар алқапқа бір-екі маусым немесе бірнеше жыл қатарынан егіледі. Вегетациялық дәуірі қысқа негізгі дақыл жиналған соң, ол алқапқа жасыл тыңайтқышты  орналастырады, күзге қарай көк балаусаны топырақты жырту арқылы сіңіреді де күздік дақыл себеді. Мұндай жасыл тыңайтқышты аралық сидератдейді. Барлық алқапты немесе оның кейбір учаскелерін жолақ түрінде қамтуына қарай сидераттар жаппай және ықтырмалы болып бөлінеді. Оларды орып алу әдістеріне қарай жер бетіндегі өскіндері мен тамыр жүйелерін бірге, басқа жағдайда жер бетіндегі немесе тамыр жүйелерін жеке-жеке пайдаланады.

 Қазақстанның оңтүстік облыстарында егілетін техникалық, отамалы және астық дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштар мен көңнің орнына сидераттарды пайдалануға болады. А.А.Лукашев пен П.К.Ажигоев Жамбыл және Алматы облысында жағдайында жасыл тыңайтқыштармен егістік тәжірибе жүргізіп, сиыр жоңышқа, тасбеде, жем бұршақ, шабдар және басқа өсімдіктерді егіп сынады. Аталған облыстардың жағдайында күздік бұршақ, сиыр жоңышқа, тас беде, ноғатық, шабдар мол көк балауса беретінін анықтады. Екі жылдың ішінде ноқаттың гектарынан орта есеппен 34 тонна көк балауса жиналды, 207 кг азот алынды, ас бұршақтың гектарынан 28 тонна көк балауса, 91 кг азот, сиыр жо-ңышқаның гектарынан 25 тонна көк балауса және 109 кг азот жи-налды. Мұнда бір гектарға еңгізілетін тыңайтқыш мөлшеріне шақ-қанда  сиыр жоңышқа мен ас бұршақ 20 тонна, ноқат 40 тонна көңнің орнына жүреді. Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының арнайы жүргізілген тәжірибесі боз және қара қоңыр топы-рақтарда сидераттар көң мен салыстырғанда анағұрлым тез ыдырайтынын көрсетті. Осы ғылыми мекеменің мәліметі бойынша боз топырақты алқаптың гектарына 20 тонна көң еңгізілгенде 111 ц, толық минералдық тыңайтқыш қолданудан 114 ц, ал жасыл тыңайтқыш пайдаланудан 146 ц қосымша қант қызылшасының тамырының өнімі алынады. Жамбыл тәжірибе стансасында тасбеде сидератының орнына егілген қант қызылшасының әр гектарынан 535 центнерден, 20 тонна көң берілген жерден 527 центнерден, ал органи-калық тыңайтқыш қолданылмаған әр гектарынан 480 центнерден өнім алынды. Гектарына 40 тонна көң қолданғанда картоп өнімі 244 ц, тасбедені жасыл тыңайтқыш ретінде қолданғанда 249 ц, ноқатты қолданудан 247 ц өнім жиналды.

Мақта егісінде ас бұршақ пен сиыр жоңышқаны күзде егіп, көктемде мақтаны екпестен екі апта бұрын жыртады.

Қызылорда облысында күріш дақылына жасыл тыңайтқыш үшін сиыр жоңышқа мен ас бұршақ егуді қолданып келеді. Бұл сидераттар шалғынды-батпақты топырақта өсірілетін күріштен мол өнім алуды қамтамасыз етеді.

Жалпы жасыл тыңайтқыш тиімділігі оның  өсіп-жетілуіне және өнім деңгейіне байланысты. Бұршақты өсімдіктердің аңыз егістігі өсіп-жетілу кезінде кемінде екі рет суғарған дұрыс. Сидераттар егістігін жыртқанда топыраққа олар неғұрлым көп араласса ол жасыл тыңайтқыш ретінде күшті әсер етеді. Жасыл тыңайтқыш егістігіне фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану,тұқымдарын микроэлементтердің тұздарымен өңдеу оның өнімділігін жоғарлатады, нәтижесінде сидераттың тиімділігі артады. 

5.2.12. САПРОПЕЛЬ

Сапропель - органикалық және минералдық заттардан тұратын ылғалдылығы 60-97%, біркелкі коллоидты масса. Құрамында 12-80% органикалық зат және 19-88% күл болады. Органикалық масса гумин қышқылынан (11-43%), фульвоқышқылыннан (2-24%), қиын ыдырайтын қалдықтан (5-23%), гемицеллюлозадан (10-53%), целлюлозадан (0,5-6%), битумнан (6-17%) және суда еритін заттардан (2-14%) тұрады. Азот қиын еритін қосылыстар түрінде кездеседі. Өсімдікке сіңімді фосфор мен калий мөлшері төмен немесе өте төмен болады. Сапропельді құрамындағы күл шамасына қарай былай жіктейді: аз (30-пайызға дейін), орташа (30-50%), көтеріңкі (50-70%), жоғары (70-85%) және өлі балшық (85 пайыздан көп). Сапропель күлі негізінен кремний, кальций, алюминий, темір оксидтерінен тұрады (52-кесте).

 

Өсімдік қорегінің аса маңызды көзінің бірі-құрамында бактериялар болатын препараттар. Мұндай микроорганизмдер топырақтағы азот пен фосфорды немесе ауадағы бос азотты және минералдық тыңайтқыштағы заттарды бойына сіңіреді де оларды өсімдіктер оңай пайдаланатын күйге айналдырады. Бактериалды тыңайтқышқа нитрагин, азотбактерин, фосфоробактерин сияқты препараттар жатады. Нитрагин өсімдік тамырына түйін-түйін болып жиналатын бактерия, оның ауадағы бос азотты жинайтын қабілеті өте күшті. Республикамыздың суармалы аудандарының топырақ-климат жағдайларына байланысты беде өсімдігінің тамырына түйнек аз жиналады, сондықтан беде егісіне түйнекті неғұрлым көп жинау үшін оның тұқымын нитрагин препаратымен өңдеудің маңызы ерекше. Түйнек бактериясының жеке түрі өсімдіктің белгілі бір түрінде ғана кездеседі. Мысалы, беденің тамырында өсетін түйнек бактериясы жоңышқа тамырында кездеспейді. Сондықтан нитрагин препаратын бұршақты өсімдіктің белгілі тобына арнап әзірлейді және этикеткасын қандай өсімдікке қолдану керек екенін жазып қояды. Нитрагинде кемінде 100 млн. түйнек бактериясының клеткасы болады. Нитрагин шыны құмыраға 500 грамнан құйылып қойылады. Осындай мөлшердегі нитрагин бір гектарға себілетін тұқымды өңдеуге жетеді. Ол үшін препарат алдын ала суға езіледі (10 кг тұқымды өңдеу үшін 1 стакан су алынады), сонан соң сұйық быламық тәріздес препаратты тұқымға бүркеді де тұқымды күрекпен аударыстырады, көлеңкеде кептіреді, осыдан соң себеді. Түйнек бактериясының әрекет жасауына топырақта тиісті жағдай жасалса, нитрагин өте жақсы нәтиже береді. Мысалы, фосфор тыңайқышы мен молибден қолдану түйнек бактериясының әрекет жасауын күшейтеді, яғни оның ауадан азот жинау қабілеті артады. Азотобактерин топырақта еркін өмір сүретін бактериялардан дайындалатын препарат. Ол бактерияларды азотобактер деп атайды. Оның түйнек бактериясынан өзгешелігі өсімдік тамырында болмайды, түйнек түзбейді, тамыр айналасындағы топырақ қабатында жатып өседі. Азотобактер өзінің өсуі үшін, өсімдік тамырынан бөлінген заттарды және өсімдіктің өлген тамырларын пайдаланады.

Зертханада азотобактер бактериясын екі жолмен көбейтеді: қара шірігі мол топырақта (оны топырақты азотобактерин деп атайды) және қолдан дайындалған қоректік ортада (мұны агарлы азотобактерин дейді) өсіреді. Топырақты азотобактерин препаратын дайындау үшін азотобактерияларды әуелі температурасы 26 градус қоректік ортада көбейтеді де, 2-3 күннен соң көбейген азотобактерияларды жинап алып, үстіне су құяды да әбден араластырады. Сонан соң қайтадан топыраққа еңгізеді. Бұл топырақты жәшікке салып шаруашылыққа жібереді.

Агарлы азотобактерин әзірлеу үшін қоректік ортаны қайнатады да жарты литрлік құмыраларға құяды. Салқындаған құмыра ішіндегі агар қоректік ортаға азотобактерияларды салып агарды жұқтырады. Осындай тәсілмен әзірленген әр құмырада 40-60 млн клетка болады. Топырақты азотобактерин гектарына 3-6 кг есебімен, күздік және жаздық бидайдың, қант қызылшасының, көкөніс дақылдарының, картоптың тұқымымен бірге топыраққа еңгізіледі. Ол үшін 30 кг тұқымды бір литр суда шылайды. Шыланған тұқымға азотобактерин себіледі, араластырады. Егер азото-бактерин тұқымға жақсы жабысбаса, онда тұқымды тағы да шылап азотобактеринді екінші рет бүрку керек.

Азотобактериннің тиімділігін арттыруда топырақ ылғалдылығы мен оның ауа режимі жақсы болу керек. Суармалы егіншілікте бұл жағдайды егісті дер кезінде суару және қатар аралығын өңдеу арқылы жасауға болады. Азотобактеринмен бірге топыраққа фосфор тыңайтқышын еңгізудің маңызы үлкен, өйткені фосфор бактериялардың азотты  жинауын арттырады. Қызылша ауыспалы егісінде азотобактеринді бидайға, сондай-ақ күздік бидайдан соң егілетін қант қызылша егісіне пайдаланған дұрыс, өйткені ауыспалы егістің басқа дақылдарына қарағанда қант қызылшасы егісінде азоттың нитратты түрі аз болады.     

Фосфоробактерин органикалық заттарды ыдырататын және фосфордың қиын еритін қосылыстарын өсімдік оңай сіңіретін түрге ауыстыратын, бактериялардың спораларынан тұрады. Қазақстан ұлттық ғылым академиясының топырақтану институтының топырақ пен Қаратау фосфоритінен дайындаған фосфоробактерин препараты-ашық-сұр түсті ұнтақ. Оның 250 грамында 40-50 млн бактерия клеткасы бар. Аталған фосфоробактерин суармалы егіншілік аймақтарда жүргізілген тәжірбиелерде жақсы нәтиже береді. Оны тұқымды өңдеу үшін пайдаланады. Қолдану мөлшері гектарына 250 грамм. Препаратты тұқымды өңдеуден екі сағат бұрын жылы суда ерітеді, сонда споралар ісінеді. Қосынды бірнеше рет араластырылады, содан соң тұқымға бүркеді. Препарат тұқымға біркелкі жұғу үшін мұқият араластыру керек. Минералдық тыңайтқышты қолдану микроорганизмнің санын көбейтеді.

Бактериалды тыңайтқыштардың әсері оның құрамына, дайындау тәсіліне, өсімдіктің өсуіне қажетті басқа факторлардың әсеріне байланысты. Өндірісте бактериалды препараттарды олардың тигізетін әсерінің ерекшіліктерін ескере отырып қолданған дұрыс. Мысалы, республикамыздың қуаң далалық аймақтарында бактериалды тыңайтқыштардың тиімділігі байқалмайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 113; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)