Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Микротыңайтқыштардың сипаттамасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 2. Микротыңайтқыштардың сипаттамасы және оларды қолдану
Ауыл шаруашылығында қолданылатын микротыңайтқыштардың негізгілеріне мыналар жатады (7-сурет):
5.1.4.2. Борлы тыңайтқыштар
Бор қышқылы. Ең концентрлі, құрамында 17,1-17,3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0,05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады. Бор магний тыңайтқышы құрамында 2,27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (20-25 кг/га) қолданылады. Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P2O5 және 0,2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді. Бура - ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11,3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0,5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2,2 кг болады. Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.
5.1.4.4. Молибденді тыңайтқыштар Аммоний молибдаты құрамында 52% молибден элементі бар, майда кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тұз. Тұқымды себер алдында өңдеу үшін 1 центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-25, жоңышқа, көкөніс дақылдарына 500-600г. мөлшерінде тұз алып, тұқымға қосып аралыстырады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін 100-200 г аммоний молибдатын 200-300 л суда ерітеді. Молибденді түйіршікті жай суперфосфат құрамында 20% P2O5және 0,1 % Мо бар, ақшыл-сұр түсті түсті түйіршік. Тұқымды сепкенде қатар аралығына гектарына 50-100 кг есебінде береді. Молибденді түйіршікті қос суперфосфатта 43% P2O5 және 0,2% Мо болады. Қатар аралығына гектарына 25-50 килограмнан береді. Аммоний-натрий молибдаты ұнтақ күйінде өндірінеді, құрамында 35-36% молибден бар.
5.1.4.5. Марганецті тыңайтқыштар Күкірт қышқыл марганец кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, құрамында 21-24% марганец бар тұз. Тұқымды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін оның 0,01-0,5 пайызтік судағы ерітіндісін, ал топыраққа ендіруде гектарына 5-15 кг тұзды қолданады. Марганецті суперфосфат ашық-сұр түсті түйіршікті, құрамында 1-2% Мn, 20% P2O5бар тыңайтқыш.
5.1.4.6. Мырышты тыңайтқыштар Күкірт қышқыл мырыш ақ түсті, майда кристалды, құрамында 22% мырыш бар, суда жақсы еритін тұз. Тұқымдық материалды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде оның 0,03-0,1 пайыздық судағы ерітіндісін қолданады. Мырышты полимикротыңайтқыш күңгірт сұр түсті, құрамында 25% мырыш болатын, ұнтақталған күйінде өндірілетін қосылыс. Тұқымды өңдеуге (1 тонна тұқымға 4 кг есебінде) және топыраққа ендіру үшін (гектарына 12-20 кг есебінде) қолданады.
5.1.4.7. Мысты тыңайтқыштар Мыс сульфаты кристалды көгілдір-көк түсті, құрамында 25% мыс бар, суда жақсы еритін тұз. Өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде және тұқымды өңдеу үшін мыс сульфатының 0,01-0,05 пайыздың ерітіндісін пайдаланады. Мыс колчеданы құрамында 0,3-0,5 % мыс болатын қызғылт түсті ұнтақ зат. Сүдігер жыртар алдында гектарына 5-6 ц есебінде береді. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен оның сапасына микротыңайтқыштар қолайлы әсер ететін фактор болып саналады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 90; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.008 с.) |