Тақырыбы: ӨсімдіктердіҢ Қоректенуi мен тыҢайтҚыш ҚолдануҒа байланысты топыраҚ ҚасиеттерiнiҢ Өзгеруi 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: ӨсімдіктердіҢ Қоректенуi мен тыҢайтҚыш ҚолдануҒа байланысты топыраҚ ҚасиеттерiнiҢ Өзгеруi

Поиск

Фосфордың жетіспеуі

Сабақтары жіңішке, ағаштанған. Жапырақтары ұсақ, жасыл түсі күңгірттеу болып келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде қызыл түс пайда болады. Талшықты тамырлары өте әлсіз дамиды. Жемістің салынуы және пісуі кешігеді.

 

Калийдің жетіспеуі

Өсімдіктің төменгі бөлігінде сұрша-жасыл жапырақтар пайда болады. Өсімдіктің жапырақтары қола немесе сары-қоңыр түсін қабылдайды.  Олардың шеттері сарғайып, кейінінен қоңырланады. Жапырақтың жүйкелері бойында дақтар пайда болады. Жапырақ ұлпалары іріп, өледі. Тамырлары қоңыр түсті, әлсіз дамыған.

Сабақтары жіңішке, біртіндеп олар қаттыланып, ағаштанады. Бұршақ дақылдарына қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

 

Азоттың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі ақшыл-жасыл болып келеді. Азоттың жетіспеуінен бірінші болып төменгі жапырақтар қиналады, кейін жетіспеушілік белгілер басқа жапырақтарда да байқалады. Төменгі жапырақтар солып, түсі ақшыл–сарыға айналып, одан кейін қоңырланып, түсе бастайды. Өсімдіктердің бойы аласа болады.

 

Фосфордың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі күңгірт-жасыл болып келеді. Жапырақ сағағы және жапырақ беттері жоғары қарай қайырылады. Өсімдіктердің бойы аласа болады. Сабақтары жіңішке, қызғылт түсті.

 

Калийдің жетіспеуі

Жапырақтардың шеттерін бойлай сары теңбілдік пайда болады. Хлорозға ұшыраған учаскелері қосылып, жапырақтың басын және бүйір жақтарын бойлай анық үздіксіз сары жолақтарды құрады. Жапырақтың бұл аймағы кеуіп, өлген ұлпа ыдырайды. Майда жапырақты бүршік тұқымдастардың жапырақтары өсімдіктің барлық бөліктерінде зардаптанады. Жапырақтардың шеттерінде майда ақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тоқтатылады.

 

 

дәріс 10

Мақсаты: Топырақтың потенциалды  құнарлығының деңгейін себептейтін жайлармен танысу.

Міндеті: Топырақ қасиеттері көрсеткіштерінің жиынтығын шартты  түрде бөліктеуін түсіну.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.)