Доғалық болат балқытатын пештің энергетикалық балансы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Доғалық болат балқытатын пештің энергетикалық балансы

Поиск

 

ДБП жұмысының үнемділігін арттыру үшін электрэнергиясының және екінші ретті энергетикалық ресурстардың үнемделуі бойынша іс-ірекеттердің жасалуы және жүзеге асырылуы энергетикалық балансты – кіріс есебін және энергия шығынын құрайды.

Энергияның толық кірісі  келесі бөліктерден тұрады:

1. Пешке пеш көлемінде орналасқан электродтардың бөліктерімен шығарылатын қуатсыз доғаның сәйкес қуатымен және электрэнергиясымен берілетін жылу . Оттегіні қолданбай балқытқанда  мәні (0,8÷0,9)  жетеді, оттегіні енгізгенде .

2. Пешке шихтамен берілетін және оттегінің физикалық жылуы, жылу . Оны өлшеу үшін шихтаның барлық бөліктерінің және енгізілетін оттегінің массасын және температурасын білу қажет. Егер пешке келген барлық түсімдер қалдық газдар мен газдық жанғыштардың көмегімен қыздырылса,  мәні үлкен болуы мүмкін. Тәжірибелік балқулардан бұл кезде электрэнергиясының шығыны 60-80кВт·сағ/т қысқаратынын көреміз.

3. Процестің термодинамикалық есептелуімен анықталатын экзотермиялық реакцияның жылуы .

4. Электродтың жануынан шығатын  жылуы.  балқымасына жұмсалған электродтың массасы белгілі болғанда, көміртектің 40-50% жану процесіне қатыспайды депе есептеледі. Онда .

5. Электрэнергиясының 20% дейін үнемделуін беретін және жылутехникалық есептеумен анықталатын газоттекті жанғыштармен пешке енгізілетін  жылу.

6. Көлденең қимасының ауданы  және электрод материалының меншікті электрлік кедергісі ρ белгілі болғанда, ұзындығы l пеш бөлігінің көлемдерінде электродтарда бөлінетін  жылу:

.

Энергия шығыны келесі бөліктерден тұрады:

1. Құйылатын металдың және қоқыстың жылуы .

2. Эндотермиялық реакция кезінде металмен жұтылатын  жылуы.

3. Жылулық шығындар . Олардың ішінде мыналар айтарлықтай маңызды:

а) футеровка арқылы жылудың шығындалуы; б) жинақтың ашылу периодында ашық жұмыс терезесі арқылы сәулеленумен және конвекциямен болатын шығыс; в) пеш конструкциясының элементтерін суытуға арналған судың есебінен болатын энергияның шығындалуы; г) қалдық газдармен жылудың шығындалуы. Олардың үлесі көп болуы мүмкін және шихтаның және бөліктің алдын ала қыздырылуы үшін қолданылуы мүмкін. жалпы шығындар 20-35% және одан да көп бөлікті құрауы мүмкін.

Пештің жылулық ПӘК:

.

Пештік қондырғының электрлік балансы мына формуламен өрнектеледі , бұл жерде  - электрлік құралдың активті энергиясының шығыны,  – кернеі жоғары желіден пештің алатын активті энергиясы.

Қондырғының электрлік ПӘК:

.

Электрлік шығындар 8-15%-ды құрайды, бұл кезде .

Жұмыс сипаттамларының, энергетикалық және электрлік баланстардың талдауы ДБП техника-экономикалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)