Электржабдықталу жүйесіндегі доғалық болат 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Электржабдықталу жүйесіндегі доғалық болат

Поиск

§6.6. Электржабдықталу жүйесіндегі доғалық болат

балқытатын пештер

 

Электр энергиясын тұтынушы ретінде ДБП электржабдықталу сенімділігі бойынша екінші категорияға жатқызылады, жоғары бірлік қуатымен сипатталады, 0,85-0,89-дан (ДСП-5) 0,7-ге дейін (ДСП-200) қуат коэффициенті, тәуліктік лезде ауыспалы циклдік жұмыс режимі бар. ДБП жұмыс элементі – электрлік доға – бейсызық активті кедергі болып табылады, оның параметрлері жану жағдайларына аса тәуелді болады. Доғаның қуатының басқарылуы қоректендіруші желінің индуктивті элементтерімен келтірілген кернеумен және доға ұзындығымен жүргізіледі. Балқу процесі кезінде пеш ең максимал қуатпен жұмыс істейді және балқытуға жұмсалатын барлық энергияның 50-80% жұмсайды. Лездік қуат автоматтық реттегішпен белгіленген белгілі бір орташа мәннің маңайында тербеледі. Реактивті қуаттың тербелісі жылдамдығы 500мвар/с болғанда, тербелісі 200% жетеді жәнеактивті қуаттың мәнінен асады. Бұл периодта шихтамен немесе сұйық металмен опырылған электродтардың тұйықталуының есебінен жиі эксплуатациялық қысқа тұйықталулар болады. ток осциллограммасында жоғары гармониканың кездейсоқ қасиеті бар амплитудалары және ұзақтығы әр түрлі токтың секірісі, яғни бейсинусоидалық байқалады.

Пештің жеке графиктері тегіс болмайды, ол қуаттың технологиялық төмендеуімен және пештің өшуімен түсіндіріледі. Бұл жерде қоректендіруші желіде тербеліс тудыратын, ЭЕМ, теледидарлардың, жарықтандырудың және т.б. басқа тұтынушыларының жұмысына кері әсер ететін ток тербелісінің 10%-на жететін фазалар жүктемесінің статикалық және динамикалық асимметриясы да байқалады. ДБП-тің электрлік желінің жұмысына кері әсерін төмендету үшін технологиялық және электрэнергетикалық сипаттағы ұйымдық-техникалық жұмыстар жүргізіледі: токты және реактивті қуат компенсациясының реттелуінің автоматтандырылуы, кернеу тербелісін фаза бойынша төмендету, жоғарғы гармоникаларды іріктеу.

Технологиялық іс-әрекеттерге мыналарды жатқызсақ болады: бөлікті (скрап) іріктеу және дайындау, оның біркелкі жүктелуі, сапалы электродтарды пайдалану; бөлікпен бірге байытылған және жекелеп қалпына келтірілген кесек түріндегі темір рудасын қолдану.

ГОСТ 13109-67 талаптарына сәйкес қоректендіруші желіден электрэнергиясының сапасына мына іс-әрекеттер қабылдануы қажет: жоғарылатылған 110-220кВ кернеуді қолдану; электр тасымалдау сызығының (ЭТС) терең енгізілулерін қолдану; қысқа тұйықталудың үлкен қуатты нүктесінде пештің қосылуы.

Жеке қоректі пештергежәне цехтарға арналған қолданылған сызбалық шешімдер басқа тұтынушылармен байланысты тек 110-220кВ кернеуде ғана қарастырады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)