Тура әрекетті доғалық пештер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тура әрекетті доғалық пештер

Поиск

 

Тура әрекетті доғалық пештердің негізгі қызметі (6.2.сурет) – илемдеу цехтарында ары қарай өңдеу үшін сонымен қатар, машина жасау зауыттарында қалыпұа келтірілген құю үшін; металлургиялық шикізат және химиялық өнімдерді алу үшін болатты құймалар түрінде балқыту.

Доғалық болатты балқытушы пеш (ДБП) формасы кеңейген немесе сатылы цилиндр түріндегі болат қаптамадан 1 тұрады. Қаптаманың ішінде отқа төзімді астар (футеровка) 2 орналасқан. Астарланған қаптаманың үстіне электродтар 4 өткізілетін пештің күмбезі 3 орналасқан.

Доғаны жағу үшін электродтар алдымен балқытылатын материалмен жанасқанға дейін түсіріледі, одан кейін доғаның 6 қозуына дейін кішкене көтеріледі. Балқыту процесінде электродтар электродтарды көтеру механизмімен 5 көтеріледі. Әрбір пештің жұмыс терезелері және құйып алуға арналған саңылаулыры болады. Жұмыс терезесі арқылы пешке материал жүктеледі, ал құйып алуға арналған саңылау арқылы – материал алынады. Кейде пештің күмбезін ашып немес жылжытып қойып оған материал жүктеледі. Дайын металды құйып алу пешті еңкейту арқылы жүргізілед.

Үлкен сыйымдылықты пештерде балқытылатын металдың химиялық құрамын және температурасын теңгеру үшін балқыманы араластыруға арналған электромагниттік құрылғылар бар.

Электрдоғалық пештік құрылғы металды құйып алуға арналған еңкею, күмбезді көтеру және бұру, электродтарды жылжыту механизмдерімен жабдықталған. Олардың электрмеханикалық немесе гидравликалық жетектері болуы мүмкін. Электродтар электродтарды жылжыту механизмімен байланысқан арнайы электр ұстағыштарда бекітіледі. Ток электр ұстағышқа мыс шиналар жинағының немесе сумен суытылатын құбырлардың көмегімен келтіріледі.

Өнеркәсіптік доғалық болатты балқытатын пештердің мысалы ретінде 6.3 суретте ДСП-200 М01 пешінің сызбасы көрсетілген.

 

 

6.2. сурет. Доғалық болат балқытушы пештің сызбасы.

6.3.сурет. ДСП-200М01 доғалық пеші:

1 – жұмыс терезесі; 2 – электродты жылжыту механизмі; 3 – электрұстағыш бағанасы; 4 – құйып алуға арналған түтік; 5 – іргетастық арқалық; 6 – қаптама; 7 – күмбез; 8 – электрод; 9 – кабельдер тізбегі; 10 – күмбезді көтеру механизмі; 11 – тербелетін бөлік; 12 – еңкею жетегі.

Доғалық пеште электрлоболатты балқыту процесі келесі операциялардан тұрады: метал қалдығын балқыту, оның құрамындағы зиянды қоспаларды және газдарды тазарту, металды тотықсыздандыру, оған қажетті легирлеуші құраушыларды енгізу, тазарту, металды келесі құю үшін ожауға құю.

Тіректік дақта дамушы температура доғасының әсерінен металл қалдығы балқытылады және сұйық металл пеш қоршауының төмен бөлігіне ағып кетеді. Шихтада төмен түсірілген электродтар пештің төмен бөлігіндегі металға жеткенге дейін төмен түсірілетін құдық пайда болады.

Металл қалдығының және шихтаның балқытылуы балқытылған металдың деңгейін жоғарылатады және қысқыаш тұйықталудың алдын алу үшін электродтар көтеріледі. Балқыту периодының сипаттық ерекшелігі доғаның жануының бірқалыпсыз режимі болып табылады. Электродтың және суық металдың ұштарының арасындағы жанып жатқан доға тұрақсыз, оның ұзындығы кең аралықта металл қалдығының жылжу және құлау кезінде (қысқа тұйықталудан доғаның үзілісіне дейін) өзгереді. Балқытудың периоды көбінесе барлық процестің уақытының жартысын құрайды және бұл кезде барлық электрэнергиясының 60-80% жұмсалады. Ваннадағы барлық металл сұйық күйге өткен кезде балқыту процесі аяқталды деп есептеледі.

Қоспалардан тазарту келесідей жүргізіледі. Алдымен салыстырмалы түрдегі төменгі температураның салдарынан ваннада темірді, кремниді, марганецті және фосфорды эндотермиялық тотықтандыру реакциялары қарқынды түрде жүреді. Оксидтер қалқып шығады және балқыма бетінде енгізілген әкпен бірге балқытылған металмен салыстырғанда құрамында жеңіл иондалатын құраушылары (электронның шығуының айтарлықтай төмен жұмысы) бар шлак қабатын түзеді, сондықтан айтарлықтай ұзартылуына қарамастан бұл жерде доға тұрақты жанады. Шлакта кремний оксидтері сәйкес силикаттар түзе отырып темірдің және марганецтің тотықтарымен қосылады. Бұл процестерді интенсификациялау үшін ваннаға темір кенін немесе оттегіні енгізеді. Бұл кезде металл көміртегі кенді қалпына келтіреді. Көміртегінің пайда болған оксиді көпіршік түрінде қалқып шығады – былайша айтқанда ваннаның «қайнауы» болады. процестің маңызды сатысы тазарту болып табылады.

Балқыту периодының соңында металды талап етілген құрамына жетуі үшін оған легирлеуші қоспаларды енгізеді және құюға кіріседі. Ірі пештерде балқыту 4-6 сағатқа созылады: оның 1,5-2,5 сағатында балқыту жүреді және 2-4 сағатта – металдың тотықтандырылуы және тазартылуы жүреді. Металл қалдығының, шихтаның түріне, астар құрамына, легирлеуші құраушыларды қолдануға байланысты пештің жұмыс режимдері және технологиялық процесс сатылары әр түрлі болуы мүмкін. сондықтан доғалық пештің конструкциясына, оның элементтеріне және электр жабдықтарының сызбаларына ерекше талаптар қойылады.

1. Қуатты оңай басқару мүмкіндігі, себебі бастапқы периодта балқыту процесін тездету үшін максималды қуат қажет. Басқа периодтарда металдың және шлактың температураларын басқару үшін қуатты қзгерту мүмкіндігі болу керек. Негізгі процеспен толық тотықсыздандырумен балқыту кезіндегі доғалық пештің қуатының және кернеуінің жобалы түрдегі графигі 6,4, а,б сретте көрсетілген.

 

6.4 сурет. Негізгі процеспен толық тотықсыздандырумен балқыту кезіндегі доғалық болат балқытатын пештің қуатының және кернеуінің графигі

 

2. Пеште қалпына келтірілген атмосфераны ұстап тұру.

3. Пештің электр жабдығының жиі қысқаша тұйықталуларға және балқу периоды кезіндегі доғаның үзілуіне жылдам әсері, токты қысқаша тұйықталудың қауіпсіз шамасына дейін шектеу мүмкіндіг, аз уақыт ішінде қалыпты электрлік режимнен барлық ауытқуларды жою. Қалыпты режимнің бұзылуы фаза бойынша жүзеге асады. Сондықтан пештің әрбір электроды автоматты түрде реттелетін көтеру және түсіру механизмімен жабдықталуы қажет.

Доғалық болат балқытатын пештер үшфазалы болып табылады және өткізбейтін төменгі бөлігі бар. Бұндай пештегі металы бар ванна табиғи үшфазалық тізбектің нольдік нүктесін түзеді және пеш нольдік сымсыз үшфазалы токтың үш сымды жүйесі бойынша қосылған болады.

Доғалық пештердегі электродтар электр энергиясын оны тұтыну аумағына енгізуге, шихтаны балқытуға және қажетті материалды алу үшін қызмет етеді. Электродтар шығындалмайтын және шығындалатын болып бөлінеді. Оларға қойылатын негізгі талаптар: жеткілікті механикалық беріктілік, жоғары температураға шыдамдылық, төмен активті кедергі. Доғалық пештерде үздіксіз өсірілетін графиттелген электродтар қолданылады. Олардың дөңгелек қимасы және осі бойынша бұрандалы саңылаулы өңделген бүйіржағы бар. Саңылауларға электрод материалынан жасалған бұрандалы түтіктер бұралған. Бұрандалы түтіктер ұзындығының жартысына дейін бұралған. Электродтың бүйіржағынан шығып тұрған бқрандалы түтіктің жарты бөлігіне келесі электрод бұралған және т.с.с. Осындай жолмен бірнеше электродтан тұратын электродты шырақ дайындалады.

Диаметріне байланысты электродтарды 1000-1800мм ұзындықта әзірлейді. Электродтардың шырағының төменгі бөліктері пеште жану дәрежесіне байланысты ол жылжу механизмінің көмегімен төмен түсіріледі. Электр ұстағыш пештің күмбезіне жеткенде электродтардың өсірілуі және қайта қосылуы жүзеге асырылады.

6.1. кесте.

Пештің түрі

Трансформатордың номинал қуаты, кВ·А

Трансформатордың бірінші ретті орамының кернеуі U1, кВ

Екінші ретті кернеудің өзгерісінің шектері, ∆U, B

Трансформатордың екінші ретті орамасының тогы I2, кА

Электр энергиясының шекті шығыны w, кВт·сағ/т

ДС-0,5

6,10

213-110

1,085

ДСП-1,5

6,10

225-118

2,57

ДСП-3

6,10

242-122,5

2,25

ДСП-6

6,10

257-197,5

6,3

-

ДСП-12

6,10

278-202

10,4

ДСП-20

6,10

318-116

16,35

ДСП-25

384-148

24-10

-

ДСП-40

386-126

23,5

-

ДСП-50

20000-29150

486-152

27,7-34,6

460-440

ДСП-80А

478-161

38,8

ДСП-100

591,5-164,1

43,9

-

ДСП-200

-

-

 

Графиттелген электродтарды арнайы электрлік пештерде жасанды элетрграфиттен дайындайды. Олар көміртікке қарағанда қымбат болғанына қарамастан, заманауи пештерде айтарлықтай басым түрде графиттелген электродтар қолданылады. олардың негізгі артықшылықтары – меншікті кедергісінің аз болуы.

Кейде қолданылатын диаметрі 100-1200мм графиткөмірлі электродтар арнайы пештерде дайындамларды оттегінсіз 1600К дейінгі температурада күйдіру жолымен антрациттен, термоантрациттен (қыздырылған антрациттен), мұнайлық кокстен, таскөмірлі пектен (таскөмірді айдау қалдығы) және шайырдан дайындалады.

Біздің елімізде сыйымдылқтары 200т дейін, қуаты 80МВ·А дейін трансформатормен қуатталатын пештер эксплуатацияланады. Болашақта сыйымдылқтары 300-400т болатын пештер жасалуы керек. ДБП негізгі берілгендері 6.1 кестеде келтірілген.

Пештің қуаты жоғарылағанда 1т металды балқытуға кететін энергия шығыны төмендейді, бұл пеш қондырғыларының беталысының іріленуін анықтайды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.)