Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібіСодержание книги
Поиск на нашем сайте ТАҢ НАМАЗЫ (таң намазы – 2 рәкәғат сүннет және 2 рәкәғат парыз) Таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі Әуелі ниет етіледі: «Таң намазының екі рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал,әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды:«Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук». Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды: Фатиха сүресі Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим. Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады). Кәфирун сүресі Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин. «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды.Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдерсәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді. Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә»тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды.Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі. Ескерту: Екінші рәкәғатта алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |