Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Міне, сонымен таң намазы толығымен аяқталды.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Міне, сонымен таң намазы толығымен аяқталды. Алла тағала ықыласпен оқыған намазымызды қабыл етсін! Ескертулер: · «Ъ» әріпі қойылған жер араб тіліндегі «айн» әрпінің орны. Сондықтан ол жердегі әріп тамақтан қысыңқы жаңғыра дыбысталады. · «Һ» әріпі жеңіл іштен шығып, тамақта кедергіге ұшырамай дыбысталады. · «З» асты сызылған әріптер сақау болып дыбысталады. · «ИИ» екі рет жазылған әріптер созылып оқылады. · Қосымша сүре дегеніміз намазда Фатиха сүресінен кейін оқылатын кез келген сүрелерді айтамыз. Сондай-ақ, бір намазда қосымша сүре ретінде жазылған сүрелерді міндетті түрде оқу керек деп түсініп қалмаңыз. 114 сүренің кез келген сүресі мен аяттарын оқуға болады. Алайда, Фатиха сүресінен кейін бір сүре немесе ең кемі 3 аят яки ұзын 1 аят оқылуы тиіс. · Фатиха сүресінен кейін оқылатын қосымша сүрені «Бисмилләсіз» бірден оқиды. · Құран сүрелері мен намаз дұғаларының намаз кітаптарында әртүрлі берілетін жағдайлар кездеседі. Мәселен, бір кітапта «хәсәнатән» делінсе басқа кітапта «хәсәнәһ» деп беріледі. Мұның себебі, араб тілінің оқылу ережесіне сай жалғастырып оқығанда «хәсәнатән», ал тоқтап оқыған жағдайда «хәсәнәһ» болып өзгереді. Әр кітапта әртүрлі болып берілуінің себебі осында. Бұл екі үлгі де дұрыс болып саналады. · Имамға ұйып намаз оқитын адам ниет еткенде «ұйыдым осы имамға» деген сөзді қосады. · Таң, ақшам, құптан намаздары жария намаздарға жатады. Ал, бесін мен асыр намаздары құпия намаздарға жатады. Жария намаздардың парыздары жамағатпен оқылған жағдайда міндетті түрде жария оқылуы тиіс. Ал, жеке оқыған адам құпия оқуына болады. Алайда, құпия оқылатын намаздар жамағатпен де жеке оқылғанда да құпия оқылады. · Әйел адамдар парыз намаздарда қамат айтпай, бірден оқи береді.
йелдердің намаз оқу үлгісі
Намаз оқудың дұрыс үлгісі (таң намазының парызы).
«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға».
Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.
1.«Аллаһу әкбәр» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп ифтитаһ тәкбірі алынады. Ифтитаһ тәкбірін алып, Аллаға құлшық ету кезінде ештеңе адамның ойын бөлмеуі керек. Әйелдер тәкбір алғанда алақандары құбылаға қарап, саусақтары жәй ғана ашық қалпында және саусақ ұштары иықтардың тұсына келетіндей түрде қолдарын жоғары көтереді.
2. Тәкбір алғаннан кейін қол байлайды. Түрегеліп тұрғанда сәжде жасайтын жерге қарап тұрады. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака» дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук». Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ» Содан кейін: «Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» айтылады. Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын». Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».
Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».
3. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Рукуғта сәжде жасайтын жерге қарайды. Әйелдер рукуғта арқасын кішкене еңкіш ұстап, еркектердегідей саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды. Тізе шынтақтарын біраз бүгіп тұрады.
4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!
5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді.
6. «Аллаһу әкбар»(мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.
7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.
8. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.01 с.) |