Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
птан намазының 3 рәкәғат үтір уәжібінің оқылу тәртібіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Фатиха сүресі Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим. Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады). Асыр сүресі Уәл ъаср, иннәл инсәәнә ләфии хуср, илләлләзиинә әәмәнуу уа ъамилус-соолихаати уа тауаасау бил-хаққи уа тауаасау бис-собр. «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдерсәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді. Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып«Субхаана раббиял аъләә»тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, құптан намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі. Фатиха сүресі Кәусәр сүресі Иннәә әътойнаа кәл-кәусәр, фасолли лироббика уәнхар, иннә шәәни-әкә һуәл әбтәр. Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң«Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деп айтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады. Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ». «Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид». «Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр». Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохим. Аумин, - деп бет сипайды. Міне, осымен құптан намазының 2 рәкәғат сүннеті де аяқталды. Әуелі ниет етіледі: «Құптан намазының үш рәкәғат үтір уәжібін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ер адамдароң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук». Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |