Ядролық қарулардың Сеулдік Саммитінде АҚШ пен Ресей президенттерімен кездесуі  


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ядролық қарулардың Сеулдік Саммитінде АҚШ пен Ресей президенттерімен кездесуі 

Поиск

 

 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаветың жетістіктері мен қосқан үлесі тек Қазақстанда ғана бағаланған жоқ. Президент Назарбаев марапатталған кейбір сыйлықтар мен марапаттар:

- Қасиетті Апостол Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы)

- Австрия Республикасы алдындағы қызметі үшін Гранд Жұлдыз Құрметі

- Үлкен кресть және Финляндия Ақ Раушан орденінің командирі

- Венгрия Республикасы алдындағы қызметі үшін Орден

- Хризантема ордені (Жапония)

- Румыния Жұлдыз Кушак Ордені

- Сербия Республикасы Ордені

- Түркия Республикасы Ордені

 

ОсыордендердіңкейбірінАстанақаласындағыНазарбаеворталығынанкөруге болады. Бұл орталықты Президент ұлттық бірлік пен шыдамдылыққа себепкер ретінде жасалған. Қазақстан Президенті мен Қазақстан халықының мұраты болып табылады.

Президент Назарбаев үйленген, 3 қызынан 8 немере және 2 шөбересі бар. Қызығушылықтары табиғат, спорт, кітап оқу және музыка.

Президент жыл сайын аса маңызды мәселелер талқыланған жолдауын жолдайды. 1997 жылғы жолдауда "Қазақстан - 2030" бағдарламасының 7 басымдылығы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық және экономикалық өсу туралы айтылды. 2007 жылы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауы экономикалық дамуға, денсаулық сақтауға және Конституцияға өзгерістер енгізуге бағытталды. Жақында ғана 2012 жылы "Қазақстан - 2050" атты стратегияны ұсынды. Басты мақсат Қазақстанның 2050 жылға қарай өнеркәсібі дамыған 30 елдің қатарынан орын алуы. Сонымен қоса, Президент Назарбаев өз ой-пікірі мен көзқарасын мақалаларда жариялап тұрады. Президентіміздің ойын түсіну үшін "Қазақстандық жол" деген автобиографиясын оқу керек. Ол бір немесе бірнеше мәселелердің шешілуіне байланысты көптеген кітаптар жазды. Тәуелсіздік туралы Президент рухтандырушы ретінде былай дейді:

" Біз қарсы тұра алмайтын биіктіктерге кездесеміз және қиыншылықтардан арылу үшін ауыр сынақтардан өтеміз. Әлі талай рет қарқыны мықты желдер бетімізден ұрады, аяғымыздан шалады. Әлі талай рет шошынамыз. Біз осының бәрін көтеріп шығып, еңсеруіміз қажет!"

       Президенттің өз басшылығындағы мықты командасы бар. Мысалы, премьер-министр мен Президент бірлесіп жұмыс жүргізеді. 2012 жылдан бері Премьер-министр - Серік Ахметов, 2013 жылдан Сенат төрағасы - Қасым-Жомарт Тоқаев, 2012 жылдан Мәжіліс төрағасы - Нұрлан Нығматуллин.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев білім саласына да көп назар аударады.Мен осы үшін, Қазақстанда туып-өсіп, оқығанымды мақтан тұтамын. "Болашақ" сынды бастамалар арқылы мен шетелде білім алуға қол жетіземін және алған білімімді еліміздің болашағын орнатуға жұмсаймын. Білім саласында халықаралық беделге ие болуы және әлемдегі орнын қамтамасыз ету үшін президенттің жеке өзінің бастамасымен жасалған Назарбаев университетінде білім алуды армандаймын.

 

 

Қорытындыда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алған тұстан бастап еліміздің құрылуында шешуші рөл атқаратынын айтқым келеді. Мен біздің президентіміз - ол осыған дейінгі және бұдан кейінгі тұлғалардың ішіндегі ең мықтысы деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев мен секілді Қазақстанның жас ұрпағы үшін әрдайым құрмет пен таңданысқа ие болатынына сенемін. Қазақстанның келешегі болатын еліміздің жастарымен интернет және Facebook, веб-сайттар мен теледидар сынды технологиялар көмегімен әрдайым байланыста болады. Мен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дамытатын жетістіктерге қол жеткізетініне және Қазақстан халқының игілігі үшін экономикалық және саяси жүйелердегі реформаларды әлі де талай жасайтынына сенемін. Президенттің жастар туралы айтқан нақылымен аяқтағанды жөн көрдім:

"Жастар қазіргі жаһандық әлемнің көпшіл, қарқынды, ұтқыр, әрдайым жетіліп отыратын, өз сөзінде тұратындарды бағалайтынын түсінуі қажет. Көре алмаушылық, жалқаулық және бір ұлттың, тілдің және мәдениеттің басқаға артық болуы - жоюға алып келеді. Мұның бәрі де бала кезден түсіндірілуі қажет"

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.)