Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
тапсырма (Е деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)
2.5 3-тапсырма (Е деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)
Бағыты: ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСАТЫ
Тақырыпща: Қазақстанның қазіргі саясаты
"Қазақстанның президенті - Нұрсұлтан Назарбаев кім?"
(2436 сөз)
Мен "Қазақстанның Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев кім?" деген сұраққа жауап беретін мәселені таңдап алдым. Еліміз туралы көп білгіміз келсе бұл маңызды мәселе болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Еліміз үшін жасаған еңбегі үшін елі "Елбасы" деген атақ берді, орысша аудармасы "Лидер нации". Халқымыз үшін маңызды адамға бұл - асқақ мәртебе. Мен Елбасымыздың өмірі туралы және тәуелсіз мемлекеттің Президенті қалай болғандығы жөнінде кішкене тоқтала кетсем. Одан соң оның қазіргі Қазақстандағы жетістіктері туралы айтамын. Ол біз үшін, яғни Қазақстанның жас ұрпақтары үшін көшбасшы ретінде маңызды, ал, әлемдік аренада ол Қазақстан туралы жақсы пікір қалдырады. Қазастанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шамалғанда дүниеге келген. Ол кедей отбасыда дүниеге келді. Әкесі қарапайым жұмысшы болды, басында бай отбасының қойын бағады, кейін көшпелі өмір сүрді. Бұл кез туралы Президент былай дейді: "Соңғы уақытта жұмысшы отбасынан шығып асқақ болу үрдісі басқаға - кез-келген жолдар арқылы өз үрім-бұтағынан "асыл текті" іздеумен ауыстырылды. Біздің отбасыда ондай болмады. Мен ешқашан ақсүйек болмаған шопанның баласымын, немересімін, шөбересімен. Менің ата-бабам Алатудың бөктерінде өмір сүрген". Нұрсұлтан Назарбев орыс тілін көптілді Шамалғанда жүргенде үйренген. Мектепке Алматыға жақын Қаскелеңдегі мектепке барады. Мектептен соң Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істейді. Теміртау - Қазақстанның маңызды металлургиялық-өнеркәсіптік қаласы болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев домна пештерінде жұмыс істеді. Бірақ уақыт Днепропетровск металлургиялық зауытында оқыды. "Үздік" деген белгімен бітірді.

|