Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
олданылған әдебиеттерСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қорытынды
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы Қазақстан Республикасы экономикасының әр сферасының бәсекелестік мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталуы керек. Сондықтан батыс елдерінің нарықтық экономикасы сияқты, мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлерге қарқынды және кешенді қолдау жасау керек. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарды несиелеу, сақтандыру және инвестициялық белсенділікті ынталандыруды жергілікті жерлерде көтеру керек. Жергілікті жерлерде мемлекеттік қолдау тиімді. Неге десек жергілікті қорлар инвестициялық жобаны несиелеу туралы шешім қабылдау арқылы шағын және орта кәсіпорындардың жұмысын несиені қайтарғанға дейін бақылай алады. Шағын және орта бизнесте инвестициялық жобаны несиелеу үшін мемлекет кепілдігіндегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаржыларын қолдану ыңғайлы. Бір сөзбен айтқанда мына элементтерден тұратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ыңғайлы жүйесі жұмыс атқаруы керек: – құқықтық қамтамасыз ету. – қаржылық қамтамасыз ету – салықтық қамтамасыз ету – кадрлық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету Ұсынылып отырған салық салу механизмдері мемлекетке және салық органдарына бюждетке салықтармен басқа төлемдердің түсуінің өз уақтылы және толығымен түсуін қадағалауына жеңілдік беру керек. Міне осыдан салық салу механизіміне жүйелі келу, біздің ойымызша кәсіпкерлікті дамыту және республикадағы әртүрлі құқықтық нысандағы қызметтерден бюждетке ұйымдық-құқықтық құралдардың түсуін қамтамасыз етеді. Республикада қазіргі уақытта шаруашылық субъектілер үшін берілетін салық жеңілдіктерінің азаю тенденциясы байқалады. Біз бұл жағдайды қолдаймыз. Бірақ, республикада кәсіпкерліктің дамуын ескере отырып, жаңа технология сатып алуға, өндірістік құралдарды қосуға және басқа механизмдерге қоса салықтық кредитті ұсыну қажет деп санаймын. Несие проценттерін қайтару мерзімін шағын және орта кәсіпорындарын қызметіне байланысты дифференциялау қажет. Соған байланысты кәсіпкерлікке арналған бюждет арқылы жүретін инвестициялар көлемін ұлғайту керек. Оларды ішкі кредит ресурстары немесе сыртқы заем арқылы жүзеге асыру керек. Сондықтан салықтық құралдар басқа да мемлекеттік реттеу құралдарымен бірге қолданылуы қажет, тек сондай жағдайда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Қорыта келгенде кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуында салық механизмінің ролі орасан зор деп санаймыз. Қазақстан Республикасы жағдайында реттеу құралдардың шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы үшін, әсіресе олар өндірістік сферада көбірек дамыса, оларды ынталандыру үшін қажетті де жеткілікті мөлшерде қолданылмайды десек қателеспейміз. Осыған орай, салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету көкейтесті мәселелер қатарында, өйткені салық заңнамасында жиі болатын өзгерістер жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне тікелей әсер етеді. Кәсіпкер салық жүйесіне бірнеше рет енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тез бейімделе алмайды және ертеңгі күнге сенім жоқ. Өйткені, салық заңнамасына енгізілетін кезекті өзгеріс күтіліп отырған пайданы залалға айналдыруы мүмкін. Сонымен бірге, табысты кемітіп көрсету, оның нақты сомасын жасыру сияқты келеңсіз факторлар көрініс алады. Бұл кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Зерттеу барысында қалыптасқан пікірлерге тоқталатын болсақ: жеке тұлғалардың табысынан алынатын салықты алғашқы 2-3 жылда босатып, есесіне жаңа жұмыс орындары құрылған жағдайда бюджетке кем түскен қаражаттар әлеуметтік салық арқылы толығар еді; аванстық төлемдер жасау барысында кәсіпкер тұлғаға 1-2 ай көлемінде жеңілдік беру; келесі 3-ші айда келесі аванстық төлемдерге, есім, айыппұл есептелмей, қосып төлесе; төлем көзінен салық салынатын салықтар табыстарға жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері жаңа салық кодексі бойынша жатқызылады, бұл біздің ойымызша халықты, әсіресе зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін көтеруге жағдай жасамайды. Бұл табысты салық объектісінен алып тастау қажет деп ойлаймыз; Шағын бизнес субъектілерінің жиынтық салығы кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының 25-30%-дан аспауы қажет; Бүгінгі күнде орта бизнес субъектілерінің мониторнгін ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр; Дамыған елдерде белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, өз өндірістерін кеңейтуге, негізі құралдарды жаңартуға арналған құралдар алатын болса, ол салықтан босатылады; Жеке кәсіпкерлерге қосылған құн салығын салған кезде, аталған салық бойынша есепке тұру кезінде ең төменгі айналым мөлшерін 12000 АЕК -тен 15000 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету ұсынылады. Республикамызда егер өндірістік кәсіпорындардың, шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы үлес салмағының артқанын қалайтын болсақ мұндай тәжірибелерді қолдану артық болмас еді.
1. Табысқа салық салу пайда болу алғышарттары сайт: www.massaget.kz 2. Бисенғазиев М.Б. Хамитов А.Ш. « Кәсіпкерлік негіздері» Алматы қаласы, 2008 жыл, 256 б. 3. Райхан «Шағын кәсіпкерлік: бүгіні мен ертені» эконмикалық шолу . Ақиқат -1999 № 2 15-20 бет. 4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2009 жыл 5. Мейірбеков Б.К. Шағын кәсіпкерлік пен қолдау жолдары мен дамыту әдістері . Алматы 2004 24 бет . 6. Бердалиев. Қазақстанның экономикалық басқару негіздері. 7. http// www. minfin.kz. 8. Облыс бюджетінің 2012 жылдың 1 қазанына атқарылуы туралы сайт: http://www.e-kyzylorda.gov.kz 9. Шағын және орта бизнес сайт: http://www.e-kyzylorda.gov.kz 10. Кашкин, В.В. Проблемы кредитования малого и среднего бизнеса [Текст] / В.В. Кашкин // Банковское дело. – 2010. − № 4. – С. 36-42. Лаврушин, О.И. Банковское дело: современная система кредитования [Текст]: учебное пособие / О.И. Лаврушин, О.Н. Афанасьева, С.Л. Корниенко. – М. : КНОРУС, 2007. – 264 с. 11. Указ Президента республики Казахстан, имеющий силу Закона "О государственной регистрации юредических лиц" от 17.04.1995 г. 12. Налоги. Под ред. Д.Г. Черника // М. Финансы и статистика, 1999 ж. 13. Курс экономики. Под ред. Б,А- Райзбергд // М., Инфра-М, 2000 г. 14. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы // Алматы, К/аржы -қаражатДООЗ ж.'. 15. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. // М., 1962, т.2. 16. Құланбай Э. Шағын бизнес иелері текке шырылдамайды. // Егемен Қазақстан, 26.12.2002 ж. 17. Идрисова Э.К. Қазақстандағы салық және салық салу. Оқулық.// Алматы. 2003ж. 18. Ермекбаева Б. Ж. Салық салу негіздері. Оқу құралы // Алматы, 2003 19. Черник Д.Г. Налоги в рыночной эконоомике // М., ЮНИТИ, 1997 г. 20. Кенесов Б. Американский бизнес требует перемен // Деловая неделя, №3, 24.10.1997 г. 21. Юткина Т.Ф.Налоги и налогооблажение. // М., Инфра-М, 1999г. 22. Бухгалтерлік бюллетень №49 (258) желтоқсан 2003 ж. 23. Алипов А. Механизм налогооблажения малого и среднего бизнеса // Деловая неделя, №39, 24.Ю.1997Г. 24. Томпиев М.К."Малое предпринимательства и ее проблемы" Алматы, 2003г. 25. Ваксян И.М. "Эффективные методы и приемы налогового контроля в отношении малых предприятий". Налоговый эксперт, №1 2002 г. 26. Туржанов. С. О состоянии малого бизнеса г.Алматы и некоторых проблемах развития малого предпринимателства/ Вестник пердпринимателя, 2004г. №1 ст.5-10 27. Туржанов С.А. большие проблемы малого бизнеса// Налоговый эксперт №5(30), 2002г. 28. Дауранов И., Рудецких А. Роль и место малого бизнеса в решении проблем занятости. Қаржы-қаражат. 2004г. №5 ст.5-10 "В" 29. Байниетова М. Основные препятствия деятельности субъектов малого предпринимательства//Саясат. №8, 2004аг.
Сурет 2 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Сурет 3 – Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы тарихи даму бағыттары
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.007 с.) |