Менің тұлғамның формуласы» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Менің тұлғамның формуласы»

Поиск

«Қызыл табан»

Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.

Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

 «Қысқа аутотренинг»

Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар! Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер... Қабақтарың ауырлай бастады... Біркелкі, терең демалыңдар... аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер. Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады... Біркелкі, терең дем алыңдар... Сендер аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада қалықтайсыңдар. Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар келеді. Сендер өздеріңді сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. «Үш» сөзінде көздеріңді ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын сезінесіңдер. Бір, екі, үш...

 

«Мағынаны тану»

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).

«Мағынасы қандай?»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын табу.
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
* * *
Тұр уылжып жемістер,
Еңбек қызды егісте.
Күз – береке,
Күз – ырыс,
Терсіңіріп,
Жеміс тер!
* * *
– Үй бола ма ауласыз?
Қоршап таста бау – бақты, –
Деп ем,
Інім:
Аула сыз
Тартады, – деп зар қақты.

 

 «Мадақтау»

Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!»т.б.

Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.

«Мамандық таңдау»

Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.

Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

 «Мәтінмен жұмыс»

      Тапсырмалар:

· мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

· әр бөлікке атау беру;

· әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

· кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

· мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;

· мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

· мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.

«Мен кіммін?»

Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек.

Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады.

 

«Мен ешқашан...»

Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын сөйлем айту керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын». Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске жетеді.

 «Мені түсін»

Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.

Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын, дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар «қосу», «азайту», «көбейту», «бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады.

Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5 жалқаулық

Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған оқушылар мен «көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)