ПсихологиялыҚ тренингтер топтамасы        


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ПсихологиялыҚ тренингтер топтамасы       

Поиск

«Өмір ұраны»

Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.

Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.

 «Пазлдар»

Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.

Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

«Пальма, піл, қолтырауын»

Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.

    Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.

 «Парасатты диалог»

Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.

«Паровоз»

Сырттан сыныпқа немесе тақтадан партаға келіп отыру үшін 3 қатысушы бір сапқа орналасып алады. 1-тұрған оқушы, 2-тұрған кедергі, 3-мұғалім. Кедергі оқушының көзін байлап тұрады, паровоз болып дыбыстайды. Мұғалім сөзбен оқушының қалай жүруін бағыттап отырады. Оқушы есту арқылы қабылдаушы, орындаушы. Оның жұмысын қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы оқудағы кедергілер тақырыбы басталады.

 «Плюс, минус, қызықты»

 Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.

 

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты

«Пойыз»

Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, сабақты бекіту кезеңіне үш шағын ойын мен бір шығармашылық жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде – төрт вагон. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге болады.

«ПОПС формуласы»

озиция Объяснение Пример Суждение)

   Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

   Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

   Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

   Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

 

«Портрет»

Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды.

 «Прогресс білдіру»

Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.

- Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;

- Оқу журналын пайдаланыңыз;

- Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;

- Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;

- Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.

 

«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі»ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)