Белсенді оқылым тәсілдері
«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
«БББ»
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
Белсенді оқылым тәсілдері
Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
Болжау
Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:
Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеулері тиіс.
|