Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 4-ші есеп. № 8 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастары 1.ҚР-ның жоғары оқу орнында білім алу үшін Польша елінің Валецкий деген азаматы осы елге келеді, содан соң ҚР-ның Тавиева деген азаматшасына үйленіп, тұрақты түрде Алматыда тұрады. Ол жұмыс істеп жүрген мекеменің әкімшілігі одан еңбек ету құқығын куәландыратын құжатты талап еткен. Есепке қатысты сұрақтар: Осы жағдайда әкімшіліктің талабы заңды ма? 2.ҚР-да құрылған, түрік құрылыс фирмасына жататын, шетелдік инвестициясы бар мекеме Ақмола облысының аумағындағы құрылыс нысанын қайта құруды жүзеге асырады. Ол құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін әр түрлі мамандыққа байланысты шетелдік азаматтардың белгілі бір тобын жұмысқа тартады. Есепке қатысты сұрақтар: Шетелдік азаматтармен еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші қандай шарттарды алдын ала жүзеге асыру керек? Ресми түрде босқындар деп танылған шетел азаматына жұмыс бергенде осы шарттарды жұмыс берушінің орындауы талап етіле ме? Шетелдік жұмысшы қай органнан және қандай құжат алуы керек? 5-ші есеп. № 9 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік құқығы 1.70-жылдардың басында «Новости» атты баспа Агенттігі ағылшын тілінде маршал Г.К. Жуковты еске алу туралы басылымды жарыққа шығарды. Оған Алматы, Лондон қалаларының ғана емес, бүкіл әлемнің оқырмандары қызығушылық білдірді. Есепке қатысты сұрақтар: Г.К. Жуковтың кітабы Берн конвенциясымен әрекет етілуге жата ма? Егер жатса, қандай ережелердің негізінде? ҚазССР Берн конвенциясының қатысушысы болды ма? Қай кезден бастап, біздің еліміз Конвенция қатысушыларынан құрылған Берн одағының мүшесіне айналды? 6-шы есеп. № 11 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы – неке қатынастары. 1.Франция азаматы М. Қазақ елінің азаматшасы А-мен некеге тұрады. Неке Алматының Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімінде тіркеледі. Ерлі-зайыптылардың бірге өмір кезіндегі жинаған және некеге тұрар алдындағы өздерінде болған мүліктері болған. Ерлі-зайыптылар Алматыда бірнеше жыл өмір сүреді. Кейіннен күйеуі Францияға оралады. Қазақстан азаматшасы А. Алматы сотына күйеуіне қарсы талап арыз береді. Өзінің талап арызында ол некені бұзу және мүлікті бөлу жөніндегі мәселені шешуді сұрайды. Есепке қатысты сұрақтар: Ерлі-зайыптылар бір-бірінен бөлек тұрған болса, сот істі өз өндірісіне ала алар ма еді? 2.Эстония елінің азамтшасы Степанова, 1997 ж. мамыр айында, Қазақстандық азамат М-мен некеге тұрмай, одан қыз босанады. Степанова өз қызы Татьянамен Нарва қаласында (Эстония) тұрып жатады, ал әкесі болса Жетісай қаласында. Әкесі қызды асырау үшін көмек көрсетуден бас тарту негізінде, Степанова оған қарсы алименттерді өндіріп алу үшін сотқа жүгінгісі келеді. Есепке қатысты сұрақтар: Степанова алиментті өндіріп алу үшін қай елдің сотына жүгінуі тиіс? Сот істі қарау барысында қай елдің заңын қолдануы тиіс? 3. П. Қазақстанның азаматшасы Семей қаласында тұрып жатқан М-мен некелеседі. Некеге тіркелгеннен кейін, М. Омск қаласына көшіп кетеді, алайда Қазақстанның азаматтығын сақтап қалады. 1998 ж. М-ның кәмелетке толмаған жиені өз ата-анасынан жол көлік апатының салдарынан жетім қалады. Ерлі-зайыптылар бұл баланы асырап алу жөнінде шешімге келеді. Бала Семейде тұрады және ҚР-ның азаматы болып табылады. Есепке қатысты сұрақтар: Қарастырылып отырған жағдайда, кәмелетке толмаған бала асырап алу жөніндегі мәселе қай елдің құзіретіне кіреді? Қай мемлкеттің заңын қолдануға жетеді?
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.) |