Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Аралық бақылау 2 (кейс тапсырмасын орындау)Содержание книги
Поиск на нашем сайте Аралық бақылау 2 (кейс тапсырмасын орындау)
Барлығы: дәріс практикалық сабақ СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)
ОСӨЖ тапсырмалары 1-ші есеп. № 2 тақырып. Халықаралық жеке құқық нормаларын қолдану: негізгі құқықтық мәселелер. 1. Қазақстандық азаматша М. Болгария азаматы Д-мен некеге отырады. Неке Болгарияда тіркеледі. Осы некеден екі бала өмірге келеді. Үлкені Қазақстанда, ал кіші Болгарияда туады. Ерлі-зайыптылардың соңғы бірге тұрған тұрғылықты жері Болгария болды. Содан кейін азаматша М. Қазақстанға келіп, Алматы қалалық сотына Д. деген азаматтан балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыз береді. Есеп сұрақтары: 1. Алматы қалалық соты, осы алимент өндіріп алу туралы іс бойынша қай елдің заңын қолдану керек? 2. Ол қандай коллизиялық нормаға сүйену керек? 3. Мұндай норма қай жерде қарастырылған? 2. Иордания азаматы осы елде мұсылман әдет-ғұрпымен екі рет некеге отырады. Үшінші рет Қазақстан азаматшамен осы елде тағы да некеге отырады. Есеп сұрақтары: 1. Иорданиядағы ҚР консулдық бөлімі мұндай некені тіркей ала ма? 2. Егер күйеуі қайтыс болса, Иордания заңы бойынша барлық әйелдеріне теңдей мұра қалдырылатын болса, егер күйеуінің тұрақты жері Иордания болса, Қазақстандық сот оның жылжымайтын мүліктеріне қатысты барлық әйелдерін тең дәрежеде танымауына бола ма? 3. Сот жария тәртіп туралы ережеге сүйене отырып, соңғы әйелі – Қазақстандық азаматшаны ғана мұрагер деп тани ала ма? 4. Жария тәртіп туралы ереже қолданыла ма? 5. Елдік құқық өзгеше болса қолдануы тиіс пе? 2-ші есеп. № 3 тақырып. Халықаралық жеке құқығының субъектілері 1.Болгарияда тұрып жатқан болгар азаматы Алматыдағы Медеу аудандық сотына Түмен қаласындағы жер үйдің бір бөлігіне меншік құқығын тану туралы талап қойды. Сот 1996 жылы талапты қанағаттандырды. Есеп сұрақтары: 1.Болгариямен жасалған халықаралық шарттың қандай ережелеріне сүйене отырып, сот мұндай шешім қабылдады?ҚР-ның қай заңнамасының ережесіне сүйене отырып, сот не себептен мұндай шешімге келді? ҚР-да тұрақты тұрмайтын шетелдік тұлғаның мүлкіне меншік құқығын шектейтін ҚР-ның құқығында ережелер бар ма?
2. Ақмола облысында тұрып жатқан, ұлты неміс, ҚР-ның Рейх деген азаматы тұрақты түрде тұруға Германияға кетті және онда «оралмен» мәртебесіне ие болды. Оның ҚР-да аудандық жерде үйі, гаражы және жылжитын мүлкі қалып қойды. Тұрғын үйге деген меншік құқығына байланысты Германияда Рейх пен оның туысқандарының арасында дау пайда болады. Осы талап арыз неміс сотының қарауына беріледі. Есеп сұрақтары: 1.Рейхтың мүлікке меншігі сақтала ма, ол біреуге сыйға бере ала ма, сата ала ма, не болмаса мұраға қалдыра ала ма? 2.Рейхтың мүлікке, меншігіне қатысты қай елдің заңнамасы қолданылады? Неміс соты нені негізге алу керек? Осындай сұрақтарды реттейтін ҚР мен Германия арасындағы халықаралық шарттар бар ма?
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |