тақырып. Сыртқы экономикалық мәмілелер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

тақырып. Сыртқы экономикалық мәмілелер

Поиск

3-ші есеп.

1.Құлымжанова ханым сізге Қытайдан спорттық аяқ киімнің сатушысына байланысты мәселе бойынша кеңес сұрап келіп отыр. Келісім шарт бойынша Қазақстанға «Reebok» фирмасының қыстық аяқ киімдері жеткізілуі керек, нақты мерзім келісім шарттың айдың 10 күні көрсетілген. Жүк пойызының келуі, Қытайдан тауарды жеткізген сәттен бастап 5 күн өтеді. Дегенмен, тауар бірнеше күн ерте келеді. Бұған қарамастан, Құлымжанова ханым теміржол жүкқұжатымен тауарды ала алмады, себебі ол дұрыс рәсімделмеген және жүк жіберушідегі жүкқұжатпен сәйкес келмейді. Құлымжанова ханым Қытайдағы Чан мырзамен хабарласты және ол кешірім сұрап, дұрыс көшірмені жіберетініне уәде береді. Бірақ, бірнеше уақыт өткеніне байланысты, Қазақстанда қыс маусымы біте бастады және Құлымжанова тауарды сата алатынына күмән келтіреді.

Есепке қатысты сұрақтар:

Сіз заңгер ретінде сотқа шығындарды өтеттіру талабымен шағымдануға осы жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?

2. Максимов мырза құрылыс материалдарын сатып алушыларға «Кейтопиллар» американ фирмасынан әрқайсысы 150 000 АҚШ доллары тұратын жаңа құрылыс крандарын сатып алғанша, көбірек, бірақ арзан 70 000 АҚШ доллары тұратын бағадан қолданылған крандарды сатып алмақшы болды. Американ сатушысы телефоннан (тауар қандай күйде болса да, барлық кемшіліктерімен сатылатынын), ешқандай кепілдік берілмейтінін түсіндірді. Бұл талаптар БҰҰ-ның Вена конвенциясымен реттелетіні шартта жазбаша көрстеілді. Құрылыс крандарын Қазақстанға алып келгеннен кейін, әрине Максимов мырза көп шығынға батты, 6 кранмен жұмыс істеу мүмкін еместігі және әр кранды жөндеу 35 000 АҚШ доллары болатыны анықталды.

Есепке қатысты сұрақтар:

Максимов мырза сотқа шағымдана ала ма және конвенцияға сәйкес жөндеу шығындарын өтеттіре ала ма?

3.Бейнетаспаларды және үнтаспаларды сатумен айналысатын Фидахметов мырза күмән тудыратын Уонг атты қытай саудагерінен «Deep Forest», «Enigma» топтарының жаңа жазбаларымен әр таспаны 0.50 АҚШ долларына, барлығы 10 000 таспа сатып алады. Одан кейін ол Клейн атты Авсрия сатып алушысымен әр таспаны 4 АҚШ доллар бағамен сатуға келісім шарт жасасты. Клейн мырза Австриядағы бейнетаспалар мен үнтаспалар сататын дүкендер кешенінің басшысы болып табылады. Бұл келісімшарт БҰҰ-ның Вена конвенциясымен реттеледі. Келісімшарт жасалған соң және таспалар Австрияға жөнелгеннен кейін Клейн мырза жазбалар авторлық құқық туралы Еуропа заңдылықтарын бұза отырып жасалған және соған байланысты Австрияда сатуға болмайтынын хабарлап, төлеуден бас тартты.

Фидахметов мырза кеңес сұрап келгенде ол да, сатып алушы да оларды қара нарықта сатып алғанын білмегенін айтты.

Есепке қатысты сұрақтар:

Фидахметов мырза Клейн мырзаны сотқа бере ала ма?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)