Жаңбырдан кейінгі ылғалдылықты бақылау
№ 32
Жаңбырдан кейінгі ылғалдылықты бақылау
Мақсаты:Жаңбырдан кейінгі өзгерістер жайлы түсініктер беру.
Балалардың назарын жаңбырдан кейінгі буға аудару. Бу аспанға көтеріліп, кішкентай тамшыларға айналып, жаңбыр болып жауады. Табиғатта алмасу процесі осылай жүретіндігін түсіндіру. Сук бу буға айналады.
Көркем сөз: Су – тіршілік нәрі
Еңбек: Есік алдын сыпыру.
Қимылды ойын: «Түлкі мен қояндар».
№ 33
Желге бақылау
Мақсаты:Жел бағытын анықтау.
Зырылдауық арқылы желдің бағытын анықтау.
Көркем сөз: Көре алмайсың өзін сен,
Ол ысқырса өзінше
Орманды жайпайды
Теңізді шайқайды. (Дауыл)
Қимылды ойын: «Жел айналдырғышпен ойнау»
Балалардың көңіл-күйін көтеру, жүгіруге үйрету.
№ 34
Құмды бақылау
Мақсаты:Құмның күн ыстықта ол да ыситынын түсіндіру. Құмнан пішіндер жасату.
Көркем сөз: Бір алаша төселген
Екі ауылды жалғайды
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды (Құм)
Еңбек: Құмшаның ішін қоқыстан тазалау.
Балаларды еңбексүйгіштікке баулу.
Ойын:Құммен ойнауды ұйымдастыру.
Дымқыл құмнан ойыншықтарды жасау.
|