Кемпірқосақты бақылау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кемпірқосақты бақылау

Поиск

Жаңбырды бақылау

Мақсаты:Жаңбырды бақылау, оның пайдалы екенін, оның ірі және жылы болатынын түсіндіру.

Көркем сөз:Ал, қара бұлт, торланған,

                       Нөсеріңді төк  енді!

                       Жел хабаршы, орманға

                       Жеткізуге жөнелді.

Қимылды ойын: «Күн мен бұлт»

Балаларды байқағыштыққа үйрету.

№ 27

Кемпірқосақты бақылау

Мақсаты:Жаңбырдан кейін балалармен серуенге шығып кемпірқосақты бақылату, олардың қандай түстерден тұратынын таныстыру. (қызғылт, сары, жасыл, көкшіл, т.б.)

Көркем сөз:    Жаңбыр жауып басылды,

                       Күлімдейді көкте күн

                       Кемпірқосақ асылды,

                       Өрмегіндей көктемнің.

Еңбек: Учаскедегі қоқыстарды жинастыру.

Қимылды ойын: «Жаңбыр мен кемпірқосақ»

 

№ 28

Ағаштарды, бұтақтарды бақылау

Мақсаты:Көктемгі ағаштарды бақылау.

- Көктем келісімен ағаштар, бұтақтар, жалпы табиғат жандана бастады.

Көркем сөз:    Бүрлеп, өсіп көк шыбық,

                       Жұтып жатыр шуақты.

Енді аз уақыт ішінде ағаштар бүршіктер шашып, жапырақтар пайда бола бастайды

Қимылды ойын: «Мысық-пысық»

№ 29

Жасыл шөптерді бақылау

Мақсаты:Балаларға жаңа қылтиып шығып келе жатқан шөптерді бақылату.

Көркем сөз:     Қар еріді, су ақты,

                       Күндер туды шуақты.

                       Байтақ дала келбеті

                       Түкті кілем сияқты.

Еңбек: Гүл егетін жерлерді қопсытып дайындау.

Қимылды ойын:«Біз көңілді баламыз»

Балаларды татулыққа тәрбиелеу.

№ 30

Мамыр айындағы ауа райын бақылау

Мақсаты:Балаларға мамырдағы ауа райы туралы түсінік беру.

- Күн ұзарды, жылынды. Адамдар жеңіл киіне бастады.

Көркем сөз:    Көкке бояп өңірді,

                       Көктем келді көңілді.

Еңбек: Құмда ойнайтын жерді үлкендердің көмегімен қопсыту, тазалау.

Қимылды ойын: «Үшінші артық»

№ 31

Аспанды бақылау

Мақсаты:Мамыр айында аспан қандай болатынын анықтау.

- Мамыр айында аспан таза, ашық, көгілдір болады. Жел соқса, аспандағы бұйра-бұйра бұлттар көшіп кетеді.

Көркем сөз:    Жаңбыр жауып басылды,

                       Күлімдейді көкте күн

                       Кемпірқосақ асылды,

                       Өрмегіндей көктемнің.

Қимылды ойын: «Кім кетті?»

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)