ыркүйек айындағы ауа райын бақылау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ыркүйек айындағы ауа райын бақылау

Поиск

№ 4

Қыркүйек айындағы ауа райын бақылау

Мақсаты: Балаларға күннің қысқарып келе жатқанын, күн көзінің жерге жылуын аз шашуын бақылату.

 Таңертеңгілік ауа райы қоңыржай, салқын болатынын айту. Күндіз ауа райы жылы, кешкілік салқындайды, түн суық болатынын түсіндіріп айту.

Жұмбақ:Ақ сандығым ашылды,

       Ішінен жібек шашылды. (Күн)

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан».

№ 5

Ағаштарды бақылау

Мақсаты:Балалардың ағаш туралы түсініктерін кеңейту.

Серуен кезінде тәрбиеші балаларға жасыл, сары, қызыл жапырақтары бар ағаштарды таңдап алып: «Балалар, қараңдаршы, қандай тамаша сәнді ағаштар. Бұл ағаштың жапырағы жасыл, ал мына ағаштардікі сары, қызғылт екен» – деп балалардың назарын ағаштарға аудартады.

Көркем сөз:    Көк майсалы көрікті

                       Алқаптағы көп егін,

                       Бұл күндері киіпті

                       Сары жібек көйлегін

Дидактикалық ойын:Ағаш жапырағының түстерін айыруға үйрету.

Ағаш жапырақтарын жинап алып, жапырақтардың түстерін атату.

№ 6

Желді бақылау

Мақсаты:Балаларға ағаштардың тербелуін, бұтақтардың майысуын, ағаштардан жапырақтардың ұшуын бақылату. Желдің түрлерімен таныстыру. (қатты, ақырын, ал күзде суық жел)

Көркем сөз: Жел еседі бетімізге,

                Тербеледі ағаштар

                Кіп,кішкене ағаштар

                Біп-биік боп өседі.

- Егер далада жел соқса, онда ауа райы желді. Желмен ойнауға да болады. (Қағаздан зырылдауық жасап айналдыру)

- Ол неліктен айналады? - Себебі оларды жел айдайды.

Ойын: Зырылдауықпен ойнау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)