азақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Поиск

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады.  Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

1) тыңдалым және айтылым;

2) оқылым;

3) жазылым;

4) әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- берілген ақпаратты түсіну;

- негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген көзқарастарды анықтау;

- тыңдалған материалға жауап беру;

- жасырын мәтінді анықтау, болжау;

- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру;

- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;

- тыңдалған материалды бағамдау;

- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.

«Оқылым» бойынша:

- жазбаша ақпаратты түсіну;

- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;

- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;

- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;

- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;

- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;

- түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;

- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

«Жазылым» бойынша:

- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;

- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;

- жоспар құру;

- өзіндік стильде мәтін құру;

- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде шығармашылық жұмыс жазу;

- түрлі жанрда мәтін құру;

- мәтіндерді салыстыру;

- мәтіндерді түзету және түрлендіру;

- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;

- эссе жазу.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- орфографиялық норма;

- орфоэпиялық норма;

- лексикалық норма;

- грамматикалық норма;

- пунктуациялық норма.

Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:

оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды, тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;

мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);

әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту жүреді.

Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.

Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде көрініс табады.

Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі.

Мәтінді оқыту кезеңдері:

Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:

мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.

Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:

әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Мәтіннен кейінгі тапсырма:

мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар

5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығы

Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады: алайда 5-9-сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.

5-сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес түсініп оқу болатынын ескерген жөн.

5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар

Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі.

 

11-кесте – 5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығының нормасы

 

Сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

5-сынып

105 – 115 сөз

110 – 120 сөз

6-сынып

115 – 125 сөз

120 – 130 сөз

7-сынып

125 – 135 сөз

130 – 140 сөз

8-сынып

135 – 145 сөз

150 – 160 сөз

9-сынып

145 – 155 сөз

170 – 180 сөз

 

Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерді:

 

12-кесте – Оқу дағдыларына қойылатын талаптар



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)