азақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
Білуге міндетті!
Орта білім беру мазмұнының инвариантты компоненті типтік оқу жоспарларында, вариативті компонент – жұмыс оқу жоспарларында іске асырылады.
Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруіне, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен кәсіби бағдарлануына бағытталған.
Негізгі орта білім беру білім алушылардың ғылымның базистік негіздерін меңгеруін, олардың бойында жоғары рухани-адамгершілік мәдениет пен тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дарытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі тануын, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды, бейіналды дайындықты іске асыруды қамтамасыз етеді.
5-8-сыныптарда «Жол жүру ережелері» оқу курсы сынып сағаттарының есебінен және сыныптан тыс уақытта сынып журналының жеке бетінде сабақ тақырыбы мен күні көрсетіле отырып, әр сыныпта 10 сағаттан жүргізіледі.
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ:
«Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Родной язык», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі».
|