Дәріс: Жол көлік оқиғасын тергеу. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс: Жол көлік оқиғасын тергеу.

Поиск

Дәріс жоспары:

 1. Криминалистикалық сипаттамасы

 2. Анықтауға жататын жағдайлар

 3.  Болжаулар, жоспарлау, тергеу тактикасы

Негізгі ұғымдар: автокөлік, трамвай, жүргізуші, көлік оқиғасы

 

1.Автокөліктің, трамвайдың немесе транспорттық механизмдердің жүргізушілері абайсызда жолда жүру ережесін бұзу арқасында адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, бір немесе бірнеше адамның өліміне әкелсе жол көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткен кезде немесе жүргізушілердің жолда жүру ережесін бұзған кезде, яғни жоғарыда айтылғандар орын алған кезде ол қалмыстық жазаланушы ісі деп танылады. Жол көлік оқиғасының криминалистикалық сипаттамасы болып келесі элементтер саналады.

Жол көлік оқиғасы болған жағдай көбінесе көлік көп қатынайтын және жаяу жүрушілер мол қалаларда болады деп есептеледі. Жол көлік оқиғасы көп жағдайда жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамағаннан болады.

Жол көлік оқиғасы жасалу механизмі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: жаяу жүрушіні басу, автокөлік соқтығысы, олардың төңкерілуі, басқа заттарды басу, жолаушылардың автокөліктен түсіп қалуы.

Жол көлік оқиғаға қатысты барлық жүргізушілердің мастығын анықтауға байланысты жүргізуші медициналық тексеруге жіберіледі. Жол көлік оқиғасы кезіндегі алғышқы тергеу жағдайларын үшке бөлуге болады:

а) жүргізуші, автокөлік және жәбірленуші оқиға болған жерде болады немесе олар белгілі бір жағдайлармен жоқ болады. Бұл көбінесе көліктер соқтығысында болатын жағдайлар. Тергеуде толық мәлімет бар. Анықтаушылардың бұл жағдайдағы атқаратын ісі – оқиға орнын қарау, оқиғаны көрген адамдардан жауап алу, жәбірленуші мен жүргізушілық тексеруден өткізу;

ә) жәбірленуші оқиға орнында болып, ал жүргізушінің көлігі оқиға орнында жоқ болуы немесе жүргізуші жайында анық мәліметтің жоқ болуы оқиға орнын қарағаннан кейін, оқиғаны көрген адамдардан, жәбірленушіден жауап алу, содан кейін оны сот-медициналық сараптамаға жіберу, қажет болса куәлар мен жүргізушіні бетпе-бет кездестіру.

Б) жәбірленуші мен көлік оқиға орнында болып, жүргізушінің жоқ болуы. Бұл жағдайда жәбірленуші мен куәлар жүргізушінің қылмысын байқап қалуы мүмкін, өйткені, жүргізуші оқиға болған жерден кетпес бұрын көліктен түсіп жәбірленушінің өлген жағдайда немесе ес-түссіз жатқан жағдайда екеніне көзі жеткізеді. Жүргізуші ұсталғаннан кейін оның осы қылмысқа қаншалықты қатыстылығын сот-медициналық сараптамасы және т.б. сараптамалар бойынша тәркілейді, оның автокөлік жүргізушісі екенін алған дене зақымдарынан анықтауға болады.

 2. Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұлардың қылмыстық-құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалысы ережелерін бұзу; ә) заңда көзделген зардаптардың болуы; б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.

Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынандай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс құралдарының соқтығысуы; велосипедшіні, көлік, арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктің аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен кұлауы (ұшып кетуі) және т.б.

Автокөлік қылмыстарына - жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлыкпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізушілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады. Олардың әрекеттерінен, атап айтқанда, көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен.

Көрсетілген ситуациялардын нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік қүраддарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.

Жол-көлік кауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сиякты криминалистикалық сипаттағы мұндай элементтерді қарау кезінде, бүл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298-299-баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындығын ескеру қажет.

Жол-көлік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуға — көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жүмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе катынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әрекеттер жатады.

Сонымен катар жол-көлік кауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізушілердің құкыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың шамадан артық болуы, озып өту, катар жүру мен жол ережелерін бұзудан; карама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылысқан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды керсетпеуден; темір жолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысына қауіп тендіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден.

Тұлғалардың келік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеулер адам ағзаларындағы елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның авто-көлік, мотоцикл, трактор және баска да механикалық көлік құралдарын жүргізу кабілеттілігін төмендететіндігін дәлелдейді.

Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байланысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көлік мекемелеріндегі өкілетті тұлғалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылған дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т.б.

Қылмыскерлер көбінде қылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ, қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып көміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілердегі зақымдану іздерін жоюға тырысады.

Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән.

Зардаптың өте ауыр түріне - адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады.

Жол-көлік қозғалыс ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасында түлғалардың жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бүзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен карау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысы кауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың өздері орындамауы, болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сақтауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т.б.

Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады:

- жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы.

- өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мелшердегі заттарды жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы).

Жол жағдайы объективті және субъективті жайттардан тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жүргізушімен көлік құралын жүргізу кезінде ескерілуі керек.

Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі.

Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де криминалистикалық мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталыктарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс колдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі.

Жол-көлік оқиғасы — себептер мен саддардың жиынтығын құрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудың ақиқатын анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен катар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс кауіпсіздігін камтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға мыналар жатады: көлік құралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік құралдарының, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті қозғалысты бақылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуесқой) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына катысушыларға кауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б.

3. Жол-көлік оқиғасының тергеу тәжірибесін талдап жалпылау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруға, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік оқиғасының тергеу жоспарын ұтымды түрде пайдалану үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашқы тергеу әрекеттерінің жиынтығы мен типтік тергеу болжауларын құруға мүмкіндіктер береді.

Берілген санаттағы іс бойынша типтік тергеу ситуациялары мен болжаулар катарына келесілер жатады:

1) жол-келік оқиғасын қалыптастыратын динамикалық өзгерістердің тоқтау сәтіндегі жағдай езгеріссіз оқиға болған жердегі барлык тиісті заттармен бекітілген. Бұл ерекше ситуациялық жағдайлардағы тергеу болжауларына: а) оқиғаның болу себебі - жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу салдарынан; ә) оқиға жол қозғалысы ережелерін жәбірленуші тұлғалардың (жаяу жүрген адамдардың немесе жолаушылардың) бұзуы нәтижесінде болған; б) оқиғаның болуы өкілетті тұлғалардың көлік құралдарын жолға заңсыз түрде шығаруынан немесе көлік құралдарының күтпеген жерден техникалық ақаулықтарға ұшырауынан;

2) оқиғаға қатысушылармен жол-келік оқиғасының нәтижесін нақты сипттайтын жағдайлардың өзгертілуі. Мұндай ситуацияларда жоғарыда көрсетілген болжаулармен қатар, осы немесе басқа да оқиғаларға қатысты түлғалардың кінәсін әшкерелеп көрсететіндей жекеленген іздердің көзін жою мақсатында жол қозғалысына, болмаса қозғалыс қауіпсіздігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін деген болжаулар кұрылуы қажет;

3) жол-көлік оқиғасының барлық фактілік белгілері сақталған, бірақ көлік жүргізуші окиға болған орыннан қашып кеткен ситуация. Мұндай ситуацияларда тергеуші алдымен болған оқиғаға накты қандай көлік құралдарының қатысқандығын және оны кім жүргізгендігі жөнінде болжаулар құруы керек. Сонымен қатар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген бірінші ситуациядағыдай болжаулар құрылуы қажет;

4) жол қозғалысы аймағынан қылмыстық фактілер көрініс табатын жағдайлар (мысалы, көшенің немесе жолдын бойынан, болмаса жиегінен, шетінен мәйіт табылған, бірақ жол-көлік оқиғасы болғандығын нақтылайтын белгілердің болмауы). Мұндай ситуацияларда келесідей болжаулар құрылуы тиіс: а) басқа қылмыстың ізін жасыру үшін жол-көлік оқиғасы болды деп инсценировка жасау; ә) накты оқиға болған жерді жасыру, бұл ситуацияларда жалпы тергеу болжауларымен қатар жол-көлік оқиғасының болған жері, оның сипаты мен нақты жағдайы, оны жасау орны мен жолдың бойы, жиегі, шеті және т.б. жерлерде мәйіттің пайда болу жағдайы туралы жеке болжаулар жасалуы тиіс;

5) жол қозғалыс ағымы шекарасынан тыс жерлерден (орманнан, парктен, сай-жыралардан) мәйіт табылған, бірақ оның денесі мен киімдеріндегі жарақат, зақымдардың көлік құралдарынан болғандығын сипаттайтын белгілер (дөңгелек протектрлерінің іздері; фар шыныларының, болмаса автокөліктің терезесінің үсақ үгінділері; мәйітті сүйрету іздері) болған жағдайлар.

Жол-көлік оқиғасын тергеуді дер кезінде жоспарлау қылмыс түрінің объективті әрі нәтижелі тергелуіне белгілі бір дәрежеде маңызды әсер етеді. Ол алғашқы алынған фактілік мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады. Жол-көлік оқиғасының жоспарын құру кезінде тергеуші ситуацияға байланысты және құрылған болжаулар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімді кезектілігін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалған көлік құралдары мен жүргізушілерді іздеп табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуді анықтауы қажет.

Жоспарда бірінші орынға окиғаны көзімен көрушілерді анықтау мәселелері койылады, содан кейін куәлардан, жәбірленушілерден жол-көлік оқиғасының болуына кінәлі көлік құралының жүргізушісінен жауап алу; сот-медициналық сараптама тағайындау; жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілер оқиға болған кезде алкогольдік мас күйінде болған немесе болмағандығын тексеру мақсатында куәландыру әрекеттерін жүргізу мәселелері қарастырылады. Жол-көлік оқиғасын тергеу жоспарында әсіресе автотехникалық-сараптама тағайындау мен жүргізу маңызды орын алады. Автотехникалық-сарапшы-ның қорытындысы көп жағдайларда қылмыстық істің кейінгі тағдырын анықтайды. Жол-көлік оқиғасының жоспарында, сонымен қатар белгіленген шараларды жүзеге асыру мерзімі мен олардың нақты орындаушылары қарастырылады.

Сонымен, тергеушінің құрған жоспарында төменгідей мәселелер қарастырылуы тиіс:

- оқиғаны көзімен көруші-куәлардан, жәбірленушілерден, көлік құралын жүргізушіден жауап алу;

- оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынудағы) жүргізушілерді іздестіру мен ұстауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсырмалар беру; оқиғаны кезімен көрушілер мен жолаушыларды аныктау;

- сот-медициналық сараптамасын тағайындау, жүргізушінің мас күйінде болғандығын (немесе болмағандығын) тексеру мақсатында куәландыру әрекетін жүргізу;

- сезіктіден жауап алу.

Тергеудің кейінгі кезеңінін жоспарында келесі мәселелер қарастырылады:

- әр түрлі сараптама түрлерін тағайындау мен жүргізу (автотехникалық, криминалистикалық, химиялық, психиатриалық, психологиялық және т.б.);

- айыпталушыдан және т.б. жауап алу;

- қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізу;

- оқиғаның болуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау.

Берілген категориядағы іс бойынша оқиға болған жерді карау әрекеті көлік апаты жайында хабар келіп түскеннен кейін дереу түрде жүргізілуі тиіс. Келіп түскен мәліметтерді қабылдағаннан кейін тергеуші оқиға болған жерге жылдамдатып жетуі қажет, ол оқиға болған жерге шықпай тұрып, мүмкіндігінше, оқиға қашан, қай жерде болғандығы туралы және кімдер зардап шеккендігі, нақты осы сәтте оқиға болған жерде не болып жатқандығы женіндегі мәліметтерді барынша нақты анықтап алғаны жөн. Бұл мәліметтер оқиға болған жерге шақырылатын қатысушы тұлғалардың қатарын анықтау мен қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтарды іріктеп алуға біршама көмегін тигізеді.

Оқиға болған жерді қарауға міндетті түрде: автотехник, криминалист, сот-медицина маманы, куәгерлер, қажет болған жағдайларда қылмыстық іздестіру қызметкерлері қатыстырылады. Мүмкіндігінше жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізушілерді де оқиғаны қарау әрекетіне қатыстырған дұрыс.

Оқиға болған жерге келгеннен кейін тергеуші төмендегідей әрекеттерді жүргізуі қажет:

а) жол-көлік апатының зардаптарын жоюға байланысты барлық қажетті шаралар қолданғандығына көз жеткізуі (жәбірленушіге қажетті көмек көрсету, жәрдем жасау, өрт сендіру т.б.) және кажетті әрекеттерді үйымдастыруы немесе жеке өзі жүргізуі тиіс;

ә) оқиға болған жердің шекарасын анықтауы және ол жерден артық адамдардың кетуін талап етуі, сондай-ақ оқиға болған жерге күзет қою шараларын жүргізуі керек;

б) апатгы кезімен көрушілер мен оқиғаға қатысты көлік құралының жүргізушісін анықтау, олардың құжаттарын (жүргізу куәлігін, көліктің техникалык паспортын, жолдама кағазын, жүк тасуға байланысты берілетін накладнойларды) алуы қажет;

в) мас күйінде болған-болмағандығын анықтау мақсатында жүргізушіні медициналық куәландыруға жіберуі тиіс;

г) көлік жүргізушісі оқиға болған орыннан жасырынып кетіп қалған жағдайларда, оны іздестіру мен үстау шараларын ұйым-дастыру қажет;

д) тергеуші оқиға болған жерге келгенше оқиғаның жағдайына қандай да бір өзгерістер енгізілгендігін немесе енгізілмегендігін анықтауы керек.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

  3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

  4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

  5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

9 Дәріс: Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі

 Дәріс жоспары:

 1. Криминалистикалық сипаттамасы

 2. Болжаулар мен алғашқы тергеу әрекеті

 3. Тергеу әдістемесі

Негізгі ұғымдар: мүлікке құқықты беру, қорқытып алу, күш қолдану, елеулі зиян.

 

1.Қорқытып алушылық ол бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс- әрекеттерді жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немес оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкін өзге де мәліметтерді жария ету. Оның басты элементтерінің бірі қылмыс жасау тәсілі. Ол негізінен бопсалау арқылы іске асырылады, бағалы затты сол сәтте емес біраз уақыт өткен соң беруді талап ету.

2.Қорқытып талап етушілік жәбірленуші арыздары немесе құқық қорғау органдарының өздерінің тікелей анықтауы негізінде іс қозғалады.

Қорқытып талап ету арыздары түскен кезде тексеру тергеуге кедергі келтірмейтіндей және жәбірленуші мен куәларға қауіп тумайтындай жағдайлар арқылы іске асырылады.

Алғашқы анықталатын жағдайлар: қорқытып талап ету бір- ақ рет жасалған ба, әлде жүйелі түрде орын алған ба, қылмыскер қорқытып талап еткен мүлік берілді ме және жәбірленуші талап етушіні тани ма.

3. Әдетте тергеу жәбірленушіден жауап алудан басталады. Онда талап ету жолдары  қандай жағдайда және қалай талап етілді; қанша ақша немесе құнды мүлік беру туралы, талап орындалды ма, жоқ па, байланыс жүйесі, сөйлеу , дауыс ерекшеліктері, таныстығы, т.б.

Телефонмен сөйлесу фонограммалары жазылып хатталуы керек, ол фоноскопиялық сараптама тағайындау үшін қажет.

Сезікті ұсталған соң, одан жауап алу, жәбірленушімен тағы басқа адамдармен беттестіру, айғақ заттарды алы т.б. іске асырылады.

Қоркытып алушылық, ягни бөтен мүлікті немесе мүлікке кұкыкты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе Бұлдірумен қоркыту аркылы мүліктік сипаттағы баска да іс-әрекеттерді жасауды Іалап ету. Сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жакындарын маскаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оньщ жакындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау. Қорқытып алу кезіндегі қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып қолма-қол акшалар. ал кей жағдайларда басқа да мүліктер немесе оған деген күкыктар жатады. Мемлекеттік мүлікті қорқытып алу жағдайлары тіпті кездеспейді. Көбінде қылмыскер; : азаматтардың жеке мүліктерін немесе коммерциялық кұрылымдардың мүліктерін иеленуді көздейді.

Қорқытып алушылық қылмыстарының басты элементтерійің біріне қылмыс жасаудың тәсілдері жатады. Әдетте қоркытып алу қылмыстары - қылмыска дайындалуға, қылмыстык ойды жүзеге асыруға және қылмыстың ізін жасыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан түрады. Қорқытып алуға дайындық кәсіпорынның қызметі (кооперативтік, арендалық және т.б.) және жоғары табыс табатын адамдар жөнінде мәліметтер алудан көрініс табады. Қоркытып алушыларды Бұл тұлғалардың: табыс көлемі, түрмыс-тіршіліктері, олардын қолма-қол акшалары мен кұнды мүліктері, жеке өмірінің жағдайлары және мінез-қүлық ерекшеліктері кызықтырады.

Қылмыскерлер қорқытып алушылық қылмыстарына дайындық кезінде атыс және суык кару-жарақтарын иемденеді, қару макеттерін (үлгілерін) жасайды, көлік кұралдарын карастырады және т.б. Қорқытып алу кезіндегі бір нәрсені талап ету жолдары авторы көрсетілмеген хаттармен, байланыс жүйелерімен. тікелей қатынаспен, сондай-ақ үшінші жақтың (делдалдардың) катысуымен жүзеге асырылады.

Қоркытушылар келесідей тәсілдер қолдана отырып талап ету хатын дайындайды: қол жазуын өзгерту, өзіне тиесілі емес басу машинкасында жазу, керекті әріптер мен сөздерді газет, журналдардан қиып алып кұрастыру арқылы. Телефон жүйесімен сөйлесу кезінде дауыс ырғактарын, интонациясын өзгертіп, сондай-ақ басқа үлттардың дауысына ұқсастыра акцент келтіру аркылы қорқытып талап етеді.Көбінесе қылмыскерлер талап еткен затты алудың уақытын, жерін, әдісін өздері белгілейді.

Талап етілген зат қолдан-қолға берілу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мү-ндай жагдайда қоркытып алушылар: адамдар аз жүретін жерді, қараңғы уакытты тандай отырып, түрлі көліктерді пайдаланады. Сонымен қатар, талап етілген затты делдалдардың көмегін қолдану арқылы да алады.

Кейде қылмыскерлер талап етілген заттарды тастап (жасырып) кететін нақты жерлерді керсетеді. Бұл жерде жасырын бақылау жүргізе отырып, біраз уақыт өткен соң қалдырылған ақшалар мен құнды заттарды қорқытып алушылардың өздері немесе басқа біреулер арқылы алуға әрекет етеді. Қорқытып алу қылмысы жүйелі түрде, көп көріністегі сипаттамада жасалады. Қорқытып алушылық қылмысынан қалатын әртүрлі іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыстың жасалу сипатына, тәсіліне және басқа да жағдайларға байланысты. Қылмыстың материалдық іздеріне: қорқытып алушылардың жәбірленушіге өз атын жасырып жазган хаттары; дене жарақаты, қан дақтары, аяқ, қол, көлік құралдарының іздері; қылмыскерді ұстау кезінде лақтырып жіберілген заттар және т.б. жатады. Осы санаттағы қылмыстар бойынша өз көзімен көруші куәлердің болмауы себебінен Бұл іздер мен заттай дәлелдемелер аса маңызды мәнге ие болады. Жәбірленушінің есінде қалган қорқытып алушылардың сөз саптаулары мен сөз мәнерлері арқылы қылмыскер жайында басты ақпарат аламыз.

Қорқыуып алу кезінде қажетті іздер өте аз қалдырылатындықтан, қылмысты тергеу қйынға түседі. Қылмыскерді қылмыс үстінде қорқытып алу кезінде затымен ұсталудың маңызы өте зор. Епті жүргізілген ұсгау әрекеті көбінде тергеу нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Қорқытып алушының жеке басы - сарандық, өзімшілдік, қатыгездік, азғындық пен шектен шығушылық қасиеттерімен сипатталады. Басым көпшілік жағдайда қорқытып алу қылмыстары ер адамдармен жасалады. Ал, әйел адамдары тек топ құрамына кіру аркылы қылмыс жасауға қатысады. Әдетте қорқытып алу қылмысын көбінесе 16-35 жас аралығындағы бүрын сотталган қылмыскерлер жасайды.

Қоркытып алу қылмысын ұйымдасқан қылмыстық топ қүру жолдары арқылы жасау жиілеп кетті. Мұндай құрылған топқа қылмыскерлердің өзара атқаратын қызметтері мен міндеттерін бөлу, қылмысқа барынша дайындалу, атыс қаруын, автокеліктерді қолдану және т.б. әрекеттер тән. Ұйымдасқан топ құрып қорқытып алу қылмысын жасау тәсіліне: қылмыскерлердің коммерциялық ұйым басшыларына олардың қауіпсіздігін қорғағаны үшін ақы төлеуін талап ету, кәсіпорын қызметіне кажет емес мүліктерді алу немесе баска фирманың есеп шотына белгілі бір соммадағы ақшалай қаражаттарды аудару талаптарын нығайта түсуі жатады. Қойылған талаптардан бас тартқан жағдайда қылмыскерлер олардың мүліктерін Бұлдіріп немесе жойып жібереміз деп қорқытады.

Қорқытып алу қылмыстарының жәбірленушілері көп жағдайда барынша бай; талап етушілердің ойынша, табыстары жоғары (мысалы, коммерсанттар, кәсіпорын басшылары); сондай-ақ заңсыз немесе жартылай заңды қызметпен айналысатын адамдар. Қорқытып талап етушілер жәбірленушінің жеке басының қорқақтық пен еріксіздік қасиетгерін ескере отырып қылмыс қүрбандарын тандайды.

Қылмыс жасау тәсілі мен ұйымдасқан топ құру дәрежесіне байланысты қорқытып алушыларды үш топқа беліп көрсетуге болады.

1. Жәй қорқытып алу, қандай-да бір дайындықты қажет етпей жеке ересек адамдармен немесе жасөспірімдермен (жасөспірімдер тобымен) жүзеге асырылады. Қылмыскерлер көбінде кездейсоқ адамдардың мүлкін қорқытып алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланады. Бұл ситуациядағы қылмыстар қорқытудың негізгі түрі денеге жарақат салу мен зорлық-зомбылық жасау қаупін төндіру арқылы жасалады. Егер қылмыс жасөспірімдердің тобымен жасалса, ұйымдаскан топтың белгілі бір элементтері болады.

2. Қорқытып алу, ұйымдасу деңгейі темен немесе ұйымдасқан топ кұру белгілері жоқ ересек адамдар тобымен жасалатын қылмыстар. Мұндай топтар бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылып, қылмыс соңында тарқап
кетеді. Бұл қорқытып талап ету тәсілі дайындық кезеңінен, яғни қол сүғу обьектісімен қолайлы жағдайды тандаудан тұрады. Мүлікті беруді талап ету кезінде көбінесе өлтіру немесе денеге ауыр жарақат салу қаупін төндіру арқылы жасалады. Өмірде құрбанды қинау және азаптау жағдайлары кездеседі. Қорқытып алуда көбінесе көп көлемде ақша соммаларын немесе құнды заттарды, ал кей жағдайда белгілі бір ақша мөлшерін жүйелі түрде беруді талап етеді.

3. Қорқытып алу, бірігіп ұйымдасқан топпен жасалып, рэкет атауымен аталатын қылмыс, Бұл қорқытып алу қылмыстарының ішіндегі баю мақсатымен қылмыстық кәсіпшілікті көздейтін ең ауыр түрі Мұндай топтарға қылмыстың жоғарғы дәрежеде ұйымдасуына: қатысушылардың, ұйымдастырушылардың (басшы), бақылаушылардың, барлаушылардың, орындаушылар мен көмекшілердің атқаратын қызметтерінің қатаң түрде бөлінуі; сондай-ақ топ мүшелерінің бағыныштылығы тэн. Олар қылмыстық қызметін жасырын түрде
жүзеге асырады. Көптеген мүшелері сырт көзге заңға бағынышты өмір сүріп сауда орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде т.б. жерлерде жұмыс жасайды, ал кейбіреулер мүгедектік туралы жалған анықтамаларды пайда­ ланады. Топ мүшелері жақсы автокөліктермен, қару-жарақтармен барынша қамтамасыз етіледі.

Бұл топтардың қылмыс жасауы барлық уақытта мұқият дайындық жұмыстарын жүргізумен сипатталады, яғни қорқытып талап ету құрбандарының жеке басы туралы мәліметтерді жинауы, топ құрамдарының атқаратын қызметтерін өзара бөліп алуы, келік құралдарын дайындау мен кепілдікке алынатын адамдарды жасыру орындарын және т.б. алдын ала іздестіру. Мүлікті заңсыз беруді талап етудің кеңінен таралған түріне - оны иеленушілер мен меншіктеушілерге ауыр дене жарақатын салу немесе өлтіру қаупін төндіру жатады. Рэкеттер меншік иелерінің сағын сындыру мақсатымен ұрып-соғу, қинау әрекеттерін де қолданады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Список рекомендуемой литературы:

1.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520

2.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет.

3.Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет.

4.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет.

5.Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.

6.   Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997.-С. 480.

 

10 Дәріс: Пара алу ісін тергеу әдістемесі

Дәріс жоспары:

1. Криминалистикалық сипаттамасы

2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері

3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы

Негізгі ұғымдар: лауазымды адам, парақор, парақорлыққа делдел болу, пара беру, бопсалау

1. Пара алу, лауазымды адамның өзі немесе делдел арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін алуы. Бұл жағдайда лауазымды адам өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланады.

   Пара қорлыққа делдал болу, ол пара алушыға және пара берушіге алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге жәрдемдесу

  Пара беру лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру.

  2. Қылмыстық іс қозғауға пара берушінің арызы негіз болады Онымен қоса азаматтардың хат немесе арыз жазуы, әкімшілік орнының хабары, ақппарат құралдарындағы мақала материалдары, жедел -іздестіру қызметінің нәтижесі.

Анықталатыны: хабар жалған, жала жабылған, оқиға шын орын алған.

Болжамдар: арыз бар, ол қылмысты әшкерелеуге дайын, ал пара алушы оны білмейді; Пара беруші мен алушы келіскен, ұйымдасқан іс- әрекет жасауда, бұл құқық қорғау органына белгілі. Бұл жағдайда екеуін де ұстау үшін іс- шара іске асырылады; Пара алушы мен беруші іс-әрекеттерінің құқық қорғау органына белгілі екенін біледі. Бұл жағдайда куәден, сезіктіден жауап алу, айғақ заттарды, құжаттарды алу, тінті тағы басқалар іске асырылады.

 3. Тергеу барысында тергеуші арыз иесінен жауап алу арқылы мынаны анықтайды: параны кім алады, делделдар бар ма, пара ретінде қандай зат алынды немесе алынуы тиіс, пара не үшін беріледі, пара беру уақыты, орны, тетігі, пара алушы пара берушінің пайдасына қандай іс- әрекет жасауы тиіс, т.б.

1. Пара берушілік және алушылық болды ма.

2. Параның заты не болып саналады.

3.Пара берушілікте және алушылықта кімдер қатысты, кiмге және қандай мақсатпен берiлгендiгi.

4. Пара беру уақыты, орны және тәсілі және оны жасыру жолдары.

5. Қылмысты жасауға қатысушылар, делдалдардың қанша болғаны, қатысу­шы­лар­дың бiр-бiрiмен әрекеттестiгi, олардың әрқайсысының рөлi, әрекетi.

6. Пара алушының қызыметi, лауазымы.

7. Пара алушылықтың бiрнеше рет қайталануы.

8. Айыпкерлердiң мiнiн, қылмыс жасау себеп салдары.

9. Қылмысқа қатысқандардың әрқайсысының мiнездемесi.

10. Қылмыстық жауапкершiлiктiң жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайлары.

11. Осы қылмыстарды жасауға итермелеген және тағы басқа да жағдайлары.

   Алдын-ала тергеу барысындағы тексеру әдiстемелерiнің маңыздылығы оның жа­сау түрлерiне байланысты болады. Бұл көптеген әрекеттермен жүзеге асырылады:

1. Танысу әдiстемелерi.

2. Жедел-iздестiру шаралары.

3. Процессуалдық формада.

Танысу әдiстемесiнiң формасына:

1. Алғашқы деректердi дайындау мақсатында мекемелер мен жеке тұлғалардан ар­найы құжаттарды талап ету.

2. Оқиға болған жерге шығып, мекеменiң қызыметi мен танысу, ол адамның сол мекемедегi алатын орны, ондағы құжаттармен танысу және т. б. анықтау.

   3.Лауазымды адамнан және азаматтардан жазбаша түрде түсiнiктемелер талап ету.

   4. Тексерiстер (ревизия) және сараптамалар тағайындау және т. б. жүргiзу.

   Құжаттарды тексеру барысында пара алушы байқап қоймайтындай абайлықпен, жа­са­ған жөн. Өйткенi, олар байқап қойған жағдайда тергеуге қажеттi кейбiр құжаттарды жойып жiберуi мүмкiн. Құжаттарды тексеру, жәбiрленушiден, немесе басқа арыз беру­шiнiң арызынан бастап жүргiзiлуi қажет.

   Мекемелерге тексерулер жүргiзу барысында куәгерлердi iздеу, және олардан жауап алу өте абайлықпен сұралуы қажет. Сонымен қатар, бұл iстерде куәгерлер аз болып ке­ледi, немесе ол пара алушының өзiнiң таныс жұмысшысы кей жағдайларда оның туысы болып келедi. Сондықтан, куәгерлердi iздеп, түсiнiктемелер алуға сол басшылары арқы­лы шақыртуға болмайды. Өйткенi пара алушы оларға бар жағынан әсер етуi мүмкiн.

   Процессуалдық тексерулердiң мәселелеріне келетiн болсақ, қылмыстық iс қозғал­мас бұрын жүргiзiлетiн әрекеттер көптеген әр түрлi дискуссиялық сипаттамадағы әре­кет­терден тұрады.

   Алдын ала тексерудер жүргiзудiң бiрден бiр элементiне қылмыстық iстi қоз­ғауға негiз толық па немесе жоқ па соны анықтау жатады.

   Пара алушылық жөнiндегi жедел-iздестiру шаралары арқылы алынған хабар­ла­ма­лар, сонымен қатар басқа мәлiметтер жоқ болған жағдайда ол алдын-ала тергеу әдiсте­ме­лерi арқылы тексерiлуi қажет.

   Пара алушылық жөнiнде арыз келiп түскен сәтте ол жөнiнде арыз берушiмен сөйлесіп барлық жағдайларды анықтап, нақтылау қажет. Ол арыздың заңдылығын тексеру барысында ол азаматтың кейiннен өз арызынан бас тартып немесе мойындамай кетпес үшiн толығымен тексерiлiп немесе оның құқық­та­ры мен мiндеттерi толығымен түсiндiрілуi қажет. Оның не себептен арыз жазып отыр­ған­дығын (қатты толғанғандықтан, қорқу, үрейден пайда болған, кек қайтару, қызмет барысындағы жағымсыздық­тың әсерiнен және т. б). Сондықтан арыз берушiнiң өзiнiң болуы, сол фактiлерге сәйкес мәлiметтер бере алуы, ондағы адамдар туралы және т. б. мәлiметтер анықталып арыз қабылдануы қажет.

   Парақорлықтың амалдарына:

- ақша (беру) алу, бағалы қағаздар, құндылықтар, мүлiк;

- жұмыста қорғаушылықтар жасау;

- банктерде шоттар ашу;

- қызметке тағайындау сияқты т. б. көптеген мемлекетке зиян келтiре отырып қыл­мыстық жолмен белгiлi бiр әрекеттер жатады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.015 с.)