Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Дәріс: Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
Дәріс: Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
Дәріс жоспары:
1. Тергеу болжауы және жоспарлаудың түсінігі
2. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының өзара байланысы.
3. Тергеу жоспарының негізгі принциптері, элементтері және жоспар жасау техникасы.
Негізгі ұғымдар: тез арада ашу, тергеу жоспары, болжау, талдау
1. Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап, белгілейді.
Сұрақтар, тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жұмыс гипотезасына жатады.*
|