Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ық және экономика факультетіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Құқық және экономика факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы С И Л Л А Б У С Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі пәні бойынша 5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін Оқыту түрі: күндізгі курс: 3 семестр: 4,6 кредит саны: 3 барлық сағат саны: 135, соның ішінде дәріс: 30 практикалық сабақтар: 15 СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) 90 Емтихан: 4,6 семестр
Талдықорған 2018 ж Оқытушы туралы деректер Жангушукова Алия Заманбековна: Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. Телефон: 87714478683 Консультация сағаттары: СӨЖ Консультация кестесі бойынша кафедрада Пән: Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі Уақыт: Бекітілген бойынша Электрондық пошта: aliyazhangushukova@mail.ru Пән пререквизиттер: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы Пән постреквизиттер:Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру Пәннің қысқашы сипаттамасы: Курсты оқу барысында студенттер, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту: қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жаза дегеніміз не; оның жүйелері мен түрлері; жазаны орындауды кейінге қалдыру, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның түрлері туралы; Сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік алады. Курсты оқу барысыда студенттер қылмыстың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын криминалистикалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйренеді. Сондай - ақ дайындау барысында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жолындағы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасы Конституциясының, Ішкі Істер органдары туралы Заңының, заңды күші бар, Ел басы Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының қағидалары, сондай-ақ Прокуратура, Жоғары Сот Пленумының, Білім және Ғылым Министрлгінің нормативтік актілері, сондай-ақ, Жоғары арнайы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарт қағидалары ескерілген. Еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күресте қолданылатын криминалистикалық әдіс-құралдардың тәжірибелік бағытын аталмыш бағдарлама анық беріп отыр. Бұл пән «Халықаралық құқық, ювеналды құқық және қылмыстарды саралау мен тергеудегі құқықтық қатынастар» модулінің таңдау пәні болып табылады. Пәннің тақырыптық жоспары 2 модулге бөлінген. Пәннің өзектілігі: Қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолданумен қылмысқа қарсы күресте ғылымның теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгеру мен анықталады. Криминалистика секциясы ретінде зерттеу әдістері органикалық тіркесімін құралады: - біріншіден, тиісті жеке тактикалық-техникалық және сот әдістерін жекелеген санаттарын жағдайларды тергеу ерекшеліктеріне қатысты түсіндіріледі соттық техника мен тактика бойынша әзірленген ғылыми өнімдер; - екіншіден, осы бөлімде ғана құрылған тергеудің нақты міндеттеріне бейімделген әдістер мен құралдарды қамтитын нақты интегративтік жүйе. Тақырыптың жаңашылдығы: Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі криминалистиканың төрт бөлімдерінің бірі болып табылады. Сот-әдісі негізделген ғылыми есептілігін, жүйесі, түрлердің оның құрамы (топ) криминологиялық қылмыстардың сипаттамасы, сондай-ақ тергеу процесінің негізгі кезеңдерін сипаттау кіреді, олардың инновациялылығын көрсетеді. Курстың мақсаты:Студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы толық түсінік беру болып табылады. Курстың міндеті:Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып, өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Жеке адамдардың нақты әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыстық құрамының барын нақты анықтауды, қылмыстық дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды дәлме-дәл қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдану. Студенттердің қылмыснама, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық орындау және әкімшілік құқық пәндерінің кейбір тақырыптарымен танысу. Өндірістен қол үзбей оқитын студенттер үшін, жыл сайын қылмыстық құқық курсын оқып үйренуге байланысты әдістемелік нұсқауларды пайдалану қажет. Тақырыптық жоспар (сағаттар бөлінуі) оқу жоспарымен қарастырылған дәріс және семинар (практикалық) сабақтарға бөлінген уақытқа сәйкес жасалған. Бағдарлама дәрістер мен семинарларға жоспарланған сұрақтардан тұрады. Әр тақырыпқа нормативтік актілер мен әдебиет ұсынылады. Студенттердің білімін бақылау нысанына курстық жұмыс, емтихан қарастырылған. Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған: (Заңгерлердің мамандық құзыреттілігі өзінде жеткілікті кең саланы көрсетеді, оларға келесідей құзыреттер кіреді: Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік – қоғамдық институттар және адамдармен қарым-қатынастылық саласындағы құзыреттілік, сондай-ақ мамандық қарым-қатынас және мінез-құлықтық амалдарды иемдену; жеке тұлғалық құзыреттілік –ұдайы мамандықпен біліктілікті жоғарылату, сондай-ақ мамандық еңбекте өзін жүзеге асыра білу; арнайы: теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі, біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі, нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс, кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы. коммуникативтік (заңгердің қызметіндегі сәйкестендірілген аспект – бірден-бір қолданыстағы және де ерекше таңдалған заң мамандығы тәуелділігінде жатады; ауызша және жазбаша сөйлеудегі дағдылар (айтылған сөздің немесе болған жағдайдың мазмұнын жазбаша түрде қысқаша және нақты жеткізе білу, сұрақтарды өз уақытында және сауатты нысандай білу: диалогты жүргізу шеберлігі, полемикалық және шешендік өнер); ұйымдастырушылық күрес жүргізуді ұйымдастырушы есебіндегі заңгерге сеніп тапсырылған айлақтағы жұмысқа, ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |