жымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

жымдық кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

Поиск

Тау-кен кәсіпорындарының экономикалық тетігін қайта құру – шаралар жүйесінде, ұйымдастыру мен еңбекақының ұжымдық нысандарын енгізуде маңызды орын алады. Бригада жұмысының тиімділігі көбінесе еңбекақы төлеу жүйесін ұйымдастырумен анықталады. Қазіргі кезде бригадалар жұмысақыны есептеу тәсілдері мен ұжымдық табысты үлестіру жағынан мына түрлерге ажыратылады: жеке еңбекақы төленетін, бірыңғай жүктелім (наряд-есеп) бойынша еңбекақы төленетін, жалпы ұжымдық табысты еңбекке қатысу коэффициентті пайдаланып және пайдаланбай тарататын болып бөлінеді.

Еңбекақының бригадалық кесімді жүйесінде өндіріс ерекшеліктеріне және өнім шығару түріне қарай жалақының мөлшерін жеке немесе кешенді кесімді бағаламалар арқылы есептеуге болады. Жеке кесімді бағалама бойынша ақы төлеу, бригада мүшелерінің арасында істейтін жұмысты анық бөлу мүмкіндігі болған кезде орынды. Осы жағдайда бригаданың әрбір мүшесініңң кесімді бағаламасы (РЖ) оның тарифтік мөлшерлемесін (ТС) бригадалық өндірім нормасына (НӨ) бөлумен анықталады:

                                 РЖ = ТС / НӨ .                              (5.15)

Ал әр жұмысшының табысы, оның кесімді бағаламасын белгілі бір кезеңде өндірілген нақты өнім көлеміне көбейтумен анықталады.

Жер астында өндіріс процесінің ерекшелігіне байланысты (қолайсыз жұмыс жағдайы, күрделі кен-геологиялық жағдайлар, жұмыс орындаудың циклділігі, т.б.) еңбекті ұйымдастыру бірнеше мамандардың жұмысын қатарынан атқару және бір бригада мүшесінің жұмысын басқа біреу істей алуын талап етеді. Осындай жағдайда, кесімді бағаламаны пайдаланған жөн. Бригадалық (кешенді) кесімді бағалама бірнеше жолдармен есептелінеді.

Бригада күрделі агрегаттарға қызмет көрсеткенде, жұмысқа агрегаттық норма белгіленгенде, бригадалық кесімді бағалама (РБ) мына формуламен анықталады:

                 РБ = ӨА,                        (5.16)

мұндағы Т – бригада мүшелерінің жеке тарифтік мөлшерлемелері, теңге;

 НӨА – агрегаттық өндірім нормасы.           

Бригаданың тұтас табысы былай есептелінеді:

ЗБ = РБ × QБ ,                    (5.17)

мұндағы QБ – есептік кезеңдегі бүкіл бригаданың нақты өндірімі.

 

Бригада өндірген өнім бірлігінің кешенді кесімді бағаламасы (РБК), нормативтік еңбек сыйымдылығы (ТН) мен бригаданың жұмыстар кешенінің барлық операцияларға белгіленген тарифтік разрядтарымен анықталады:

Рбк = ,                          (5.18)

мұндағы Qбо – бригада орындайтын жұмыстар кешені  бойынша түпкі өнім көлемі.

Немесе:                        Рбк = S Т / Нөб ,                                (5.19)

мұндағы Нөб  – бригаданың өндірім нормасы.

Кешенді бригаданың жалпы кесімді табысы, кесімді бағаламаны өндірілген өнім көлеміне көбейтумен есептеп шығарылады. Бригада мүшелері арасында ұжымдық табыс – жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі, жұмыс істеген уақыты мен бригаданың қосымша табыс коэффициенті арқылы бөлінеді, яғни:

З жі = Т× n і × К т,                            (5.20)

мұндағы З жі – әр бригада мүшесінің табысы, теңге;

  n і –  әр бригада мүшесінің жұмыс істеген уақыты, ауысым, сағ;

 К т – бригаданың қосымша табыс коэффициенті.

Қосымша табыс коэффициенті немесе кесімді табыс коэффициенті – бригаданың жалпы кесімді табысы (Збк) мен оның барлық тарифтік табысының қатынасымен есептелінеді:

,                   (5.21)

мұндағы Qбк – бригаданың нақты өндірген өнім көлемі.

 

Мысалы, 6 жұмысшыдан тұратын үңгілеушілер бригадасы бір айда жазық қазбаның 120 метрін өтті. Бригаданың бір мүшесіне шаққан кешенді өндірім нормасы – 0,6 метр. Басқа деректер 5.4-кестеде берілген. Бригаданың әр мүшесінің кесімді еңбекақысын анықтау керек.                                                                        

5.4-кесте

Бригада мүшелерінің тарифтік

мөлшерлемелері мен жұмыс істеген уақыты

 

Разряд

Ауысымдық тарифтік мөлшерлеме, теңге

Бір айда істеген ауысымдар саны

Тарифтік жұмысақысы, теңге

Кесімді жұмысақысы, теңге

Барлығы

 

т=125450

бк=176000

                       

Бригаданың кесімді бағаламасы:

теңге/м

Сонда бригаданың бір айдағы жалпы табысы:

Збк = Рбк·Qбк =1466,67·120 =176000 теңге.

Қосымша табыс коэффициенті:

К т = Збк т = 176000/125450 =1,403.

Бригаданың әр мүшесінің жұмысақысы мына формуламен есептелінеді:

З жі = Т× n і × К т.

 

Сонымен, 1-ші жұмысшының және басқаларының жұмысақылары былай есептелінеді:

Зж1 = 1010 × 25 ×1,403 = 35426 теңге;

Зж2 = 1010 ×24 × 1,403 = 34009 теңге;

Зж3 = 870 × 25 × 1,403 = 30515 теңге;

Зж4 = 870 × 23 ×1,403 = 28070 теңге;

Зж5 = 760 × 24 × 1,403 = 25590 теңге;

Зж6 = 760 × 21 × 1,403 = 22390 теңге.

 

Осы есепте жұмысшылардың жоспарлы тапсырманы орындау және асыра орындауы үшін сыйлықтары, аудандық коэффициент, т. б. төлемдер ескерілмеген.

Әрбір жұмысшының ұжымдық еңбекке қосқан жеке үлесін барынша толық есепке алу үшін, табысты бөлудің әрбір жұмысшыға бригаданың жалпы жиналысында белгіленетін еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) қосымша пайдаланылады. Еңбекке қатысу коэффициенті (Ке) арқылы кесімді қосымша табыс, ұжымдық сыйлықтар мен көтермелеулер, жұмысақы, қорды үнемдеу мен ұжымдық ақы төлеудің басқа түрлеріне бөлінеді.

Еңбеке қатысу коэффициентін пайдаланып, әрбір жұмысшының табысын қосымша табыс пен сыйлықтарды бөлу арқылы былай есептейді:

+ ; (5.22)

 

мұндағы А – сыйлық мөлшері, бригаданың кесімді % ретінде алынған.

Еңбекке қатысу коэффициентін пайдаланып, бригаданың барлық табысынан, оның әрбір мүшесіне былай үлестіреді:

 

  .                     (5.23) 

 

Мысалы, 5.4-кестедегі бастапқы деректерді пайдаланып, еңбекке қатысты коэффициетті ескере отырып, бригаданың әр мүшесінің кесімді жұмысақысын есептеу керек.

Берілген деректер кесте арқылы берілген (5.5-кесте).

Бригаданың әрбір мүшесінің табысы:

Зже1 = 27725 ×  = 38758;

Зже2 = 21816 × 1,3954 =30442.

 

5.5-кесте

Үңгілеушілер бригадасы мүшелерінің табысын

ЕҚК арқылы бөлу

 

 

Разряд

 

Тарифтік табыс, теңге

 

ЕҚК

ЕҚК ескергендегі тарифтік табыс, теңге

Кесімді табыс ЕҚК ескергенде, теңге

6-шы

1,1

6-шы

0,9

5-ші

1,2

5-ші

0,8

4-ші

1,1

4-ші

0,9

Барлығы

-

 

Осы жолмен қалған жұмысшылардың табысын есептеуге болады.

Осы әдістемемен бригаданың қосымша табысын (176000 -125450=50550 теңге) ЕҚК артылы жұмысшылар арасында бөлуге болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.)