Еңбекке мерзімдік ақы төлеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Еңбекке мерзімдік ақы төлеу

Поиск

 

Еңбекке мерзімдік ақы төлеудің де бірнеше түрі бар.

Жай мерзімдік еңбекақы – жалақыны жұмысшыға берілген разряд бойынша сағаттық (ауысымдық) тарифтік мөлшерлемені іс жүзінде атқарылған табель (тізім) сағаттарының санына көбейту жолымен есептеуге негізделген:

                 ЗМ = ТСt,                                 (5.12)

мұндағы ТС – жұмысшының сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;

 t – жұмысшының нақты істеген сағаттар саны.

Бұл жүйенің бір түрі – еңбекке қызметақы төлеу болып табылады. Мұнда басшыларға, мамандар мен қызметшілерге, жұмысшыларға бір айдағы жұмыс сағатының санына қарамай-ақ, айлық лауазымдық қызметақы белгіленеді.

Мерзімдік ақы түрлерінің ішінде мерзімдік сыйлық беру жүйесі барынша кеңінен тараған. Бұл жүйе бойынша, жұмысшы тарифтік табыстан тыс белгілі бір сандық немесе сапалық көрсеткіштерге жеткені үшін сыйлық алады. Жұмысшының табысын осы жүйеге сәйкес мына формула бойынша анықтауға болады:

ЗМС = ЗМ + ЗМ (а+в*с)/100,                      (5.13)

мұндағы ЗМС – жұмысшылардың мерзімдік-сыйлық табысы;

 ЗМ – жұмысшылардың жай мерзімдік еңбекақысы;

а және в – белгіленген ереже бойынша сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындау үшін төленетін сыйлық пайыздары;

с – сыйлық көрсеткіштерді асыра орындау, %.

Кейбір тау-кен кәсіпорындарында сандық және сапалық көрсеткіштерді орындау мен асыра орындау үшін төленетін пайыздар орнына бірыңғай пайыз белгіленеді, онда жұмысшының табысы былай есептелінеді:

                 ЗМС = ЗМ (1 + А /100),                                  (5.14)

мұндағы А – бекітілген жоспарлы тапсырмаларды орындау (асыра орындау) үшін сыйлық төлеудің бірыңғай пайызы.

Кейінгі кезде еңбекақы төлеудің мердігерлік нысаны кең таралуда. Мұнда бір тарап (мердігер) екінші тараптың тапсырмасымен, соның не өзінің материалдарымен белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенетін, ал тапсырыс беруші – орындалған жұмысты қабылдап, ақысын төлеуге міндеттенетін шарт. Жұмысшылардың табысы – бригадалық кесімді бағаламаны, бригаданың нақты орындаған жұмыс көлеміне көбейтумен анықталады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)