Бәсекелестік және бәсекелестік артықшылығы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бәсекелестік және бәсекелестік артықшылығы.

Поиск

Бәсеке — ол түрлі фирмалардың нарығы жағдайында жан сақтап өмір сүру үшін, өзара жарыс пен бақталастықтың бір түрі. Бәсеке іскерлік қатынастардың әр субъектісінің өзінің экономикалық әлеуетін іске асыруға деген егемен құқынан туады.

Кәсіпкерлер арасындағы бәсеке — ол жаңа, тиімдірек құрылыс өнімі мен қызметтерінің, жаңа идеялардың, жаңа жобалардың және басқасының алға өрлеуі. Нақ осы бәсекенің арқасында өмір бай, әрі қызықты бола түседі, ал экономика қарқынды адымдармен алға жылжитын болады. Бәсеке нарықтық экономика өміршеңдігінің негізі болып табылады.

Кәсіпкерлер арасындағы бәсекенің даусыздығы сатып алушылар мен сатушылардың нарықтық экономикадағы басымдығынан туған. Нарықтық экономика жағдайында бәсекенің үш: жасампаз, бейімделуші, қамсыздандырушы (кепілдік беретін) тұрпаты ажыратылады.

ӘмиянFinder компаниясы жаңа бағыттағы компания болғандықтан бәсекелестік аз, Қазақстанда тіптен болмауы мүмкін. Компанияның басты бәсекелері шет елдерде болған жағдайда да, біздің компания баға жағынан қол жетімді. Бәсекелескеннен гөрі серіктесіп, бірлесіп жұмыс жасайтын компаниялар табылуы мүмкін. Еліміздегі әмиян шығаратын барлық фирмалар өнімдерін чиппен жабдықтауға өтініш жасауы мүмкін. ӘмиянFinder компаниясының жұмысы - фирманы белгілі бір мөлшерде чиптермен қамтамасыз ету.

Бәсекелестiк артықшылықтардың ұғымы белгілі бір кәсіпорын тауарының басқа серiктестiктердiң тауарларымен салыстыруда артықшылық немесе кемшілік алуы , кәсіпорынның ойдағыдай жұмыс iстеп жатқаны немесе одан әрі дамуы керек болатынын бiлдiредi. Тауар артықшылықтары немесе кемшіліктеріне оның бағасы және сатып алушы үшiн тартымды айырмашылық ерекшелiктерi жатады.

Бәсекелестiк- кәсіпорындардың қызмет нарығындағы көптеген бәсекелестерге төтеп беруі; шығарылатын тауарлардың бiртектiлiгi; шығындарды төмендетудiң тосқауылдарының бар болуы; тұрақты биiк шығындар. Нарықтық бәсеке iшiндегі қысымды кiшiрейту әдістерінің бірі кәсіпорынның басқалармен салыстырғанда нақты артықшылықтарды қолдануы болып табылады.

Жоғарыда айтып кеткендей ӘмиянFinder компаниясы еліміздегі жаңа бағыттағы, әлі бастау алмаған компания. Бәсекелестіктің болуы компанияның сапалы әрі дұрыс өнім шығарып, оны тұтынушыға тиімді бағаға сатуға септігін тигізеді.

Компания бәсекелестік болған жағдайда артта қалмайды. Компания тауарлары басқа компания тауарларымен салыстырғанда сапасы мен тиімділігі жағынан алдыға шығады. Ең бастысы – бағасының тиімділігі. Кемшіліктер болған жағдайда компания басқа компаниялармен бәсекелестік негізінде оларды тез арада дұрыстап, артта қалмауға тырысады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)