Play Market-тегі қосымша анықтамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Play Market-тегі қосымша анықтамасы

Поиск

Play Market-тегі қосымша анықтамасы

Тұтынушы чипті алғаннан кейін оны ұялы телефонымен байланыстыруы тиіс. Ол үшін Play Market-тегі ӘмиянFinder қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіп, чиптың бетінде жазылған кодты арнайы бланка тереді. Қосымша тез арада чипті тауып, сол жайлы мәліметтер береді. Ол яғни картада оның қай жерде тұрғаны, жағдайы.

Қосымшаны жасау Қостанай қаласындағы қосымша жасаумен айналысатын Progressive Solutions компаниясының мойнында болады. Олар Google-ға Play Market-тен қосымша ашу үшін тапсырып жасап, тіркеуден өтеді. Қосымша қысқа уақытта дайын болады. Одан кейін олар чип шығарушы BioHax International компаниясымен байланысқа шығып, олардың чип системасын ӘмиянFinder қосымшасымен байланыстырады.

Қосымшада карта және 102, яғни полицияға жедел түрде қоңырау бөлімдері болады(сирек жағдай).

Чипті қолданар алдында арнайы батырманы басып іске қосуы тиіс. Қолдану керек емес болып жатса сөндіріп қоюға болады.

(қосымшаны төмендегі суреттен көруге болады)

        

 

 

Нарықты талдау

Қазіргі таңда қоғамдағы барлық адамдар ақшасын, банк карточкаларын, визиткаларын сақтап, ұстап жүргісі келеді. Ол үшін қолданылатын нәрсе әрине әмиян. Оны қолданудың жас немесе жыныс ерекшелігі жоқ. Себебі ол әр адамға керек нәрсе. Әмиян - әлемдік деңгейде өте маңызды, ең керек нәрселердің бірі.

Әмиян жоғалту – әмияны бар кез келген адамның басынан өтеді. Адам әмиянын көптеген жағдайда жоғалтуы мүмкін. Мысалы бір нәрсе сатып алып жатқанда әмияның ішінен ақша алып, әмиянды орнына салмай, тастап кетуі мүмкін немесе қолында ұстап жүріп бір жерге тастап кетеді. Қарапайым мысал: әмиянды қалтасына салып жүріп, сол әмиян салған киімді шешіп, тастап та кетеді.

Ең қауіптісі – әмиянның ұрлануы. Әмиянның көп ұрланатын орындары: көлемді сауда орталықтары, ойын-сауық кешендері, қоғамдық көліктер, тамақтану орындары және орталық базар, яғни адам көп жиналатын жерлер.

 

 

Бұл статистикаларды азайтатын, жоғалу немесе ұрлану үрдістерінің болуына жол бермейтін бірден-бір шешім – ӘмиянFinder компаниясының өнімін сатып алып, тұтыну.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)