Массаж жасау әдісінің сатылары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Массаж жасау әдісінің сатылары

Поиск

   Массаж жасау әдісінің сатылары

· Әзірлік сатысы- ұзақтығы 1-3 минуттай жәңіл қимылдардан сипалау, беткейлі сылау, вибрайиядан тұрады.

· Негізгі бөлігі- ұзақтығы 5-20 минуттай. Ауру түріне, клиникалық физиологиялық ерекшелігіне қарай әр кімге жеке, бірқалыпты және қойылған мақсатқа сай массаж беріледі.

· Қорытынды сатысы- ұзақтығы 1-3 минут, массаж белсенділігі төмендетіледі.

 

          Массаж жасау әдістемесі.

     Емдік массажды өткізуде шеткі лимфа тамырлары бекітілген және ірі тамырларға құйылатынын есепке алу керек. Лимфаның ағуына көп санды клапандар бөгет жасайды.Лимфа жүйесінің маңызды бөлігі бұл лимфа түйіндері, оларда микроағзаларының лизисі және тіндердегі азот алмасу өнімдерінің жойылуы жұреді. Механикалық әсер олардың трабекулярлы құрылысының бұзылуына және метоболиттер мен азот алмасу өнімдерінің көктамыр жүйесіне тасымалына, тамыр қабырғалары қабынуының дамуына себепші болады.

     Емдік массажды белгілі бір ереже бойынша өткізеді. Әрбірлимфа жолымен жақын орналасқан лимфа түйіндеріне қарай өткәзеді, бірақ түйіндерге әсер етпейді. Массаж жасаушының қолының бағыты шеттен орталыққ қарай болады. Беттің массажында ортасынан алдыңғы лимфа түйіндеріне қарай бағыттылады. Қол аяқ проксимальды бағытта білезіктен шынтақ сүйегіне қарай, сосын қолтық асты лимфа түйіндеріне қарай әсер етеді. Арқаны омыртқалардан жан жаққа қарай, кеуде қуысын төстен қолтық асты түйіндеріне қарай, қарынды бүйеннен төмен қарай сол жақ шапқа массаж жасайды. Жамбас, бел, сегізкөз аймағынан шаптың лимфа түйіндеріне қарай әскер етеді.

       Емдік массажда 4 негізгі массаждық әдістер қолданылады: сипау, ысқалау, уқалау, вибрация.

· Сипау. Осы тәсілмен массажды бастайды және аяқтайды, оны қалған барлық тәсілдермен кезектестіре орындайды. Қол тері бойынша әр түрлі күшпен баса сырғанайды. Негізгі сипау әдістері-жазықтықты және құшақтық- бір немесе екі қолмен орындалады. Сипауды бойлай, кесе көлденең, ирек, шеңбер, спираль тәрізді жасауға болады. Баяу орындалады, ырғақты, минутына 24-26 сипалау темпінде.

· Уқалау орын ауыстыру, жылжу немесе теріні әртүрлі бағытта созудан тұрады. Ұқалау орташа темпі минутына 60-100 қозғалысқа тең болады.

· Ысқылау. Кардинальды тәсілінде массаждың, ол бұлшық етке әсер етеді. Ысқылайтын бұлшық еттерді ұстап көтереді және созады, сыққан сияқты басып тұрады. Ысқылау әдетте үздіксіз, ырғақты, минутына 40-50 ысқылау екпінінде орындайды.Ысқылаудың қосалқы әдістері: домалату, жылжу, созылу, басу, жұлқұ, қысу.

· Вибрация бұл ұқаланатын тіндерде әр түрлі жылдамдықта тәрбелгіш қозғалыс және амплитудалар пайда болады. Үздіксіз және үзілмелі вибрациялар вибрациялар деп бөледі.

       Массажды вибротерапиямен, жергілікті баротерапиямен, гидротерапиямен, криотерапиямен, үйлестіреді және бір күнде термотерапиямен, электромагнитотерапиямен, емдік дене шынықтырумен өткізуге болады.

       Емдік массаж ем шарасын мөлшерлеу әсер ету тіндердің аумағына, жеріне, ұзақтығына, массаж манипуляциясының саны бойынша өткізеді. Сипау және ұқалауды өткізгенде-седативты эффектісіне жетеді, басқа тәсілдерін қосқанда сергіту эффектісі пайда болады. Бір массаж бірлігі-10минут. Дененің әр түрлі жеріне массаж бірлігі әр түрлі болады. Ем шараның ұзақтығы-10-20 минут. Күнде немесе күнара өткізеді, курсына 10-15 ем шара. Қайталау курсы 1 ай өткен соң.

 

 

 

 


 

                                               Қорытынды:

    Массаж - адам денесіне қолмен немесе ауа, су, басқа да орта арқылы әсер ететін арнайы аппараттармен белгілі бір мөлшерде уқалау, қысым түсіру, вибрация арқылы берілетін механикалық жаттығулар жиынтығы.

    Емдік массаж науқастың жалаңаш денесіне, массаж жасаушының қолымен белгілі бір жүйелікте, үйлесімді және комбинациялық мөлшерде механикалық әсер ету.

   Емдік массаж адамның шеткі перифериялық жүйке жүйесі аймақтарына жақсы әсерін тигізеді, емделушінің ем алу кезінде ішкі көптеген мүшелерінің қызметі жақсарады және емдік массаждың арқасында жалпы тері қабатының және тері өзегінің жақсарғандығын байқауға болады. Адам организмінде қан алмасуға тигізер нәтижесі оң, қандағы гемоглабин, лейкоциттер, эритроциттердің санын көбейтуге қабілетті. Массаж адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Организм мен оны қоршаған орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасу процесі жүреді.

   Ем шараның ұзақтығы-10-20 минут. Күнде немесе күнара өткізеді, курсына 10-15 ем шара. 1 ай өткен соң курстық ем қайталанады.

 

 

 

 


                             Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г.Н.Пономоренко, В.М.Боголюбов. Жалпы физиотерапия. 2003ж

 

2. Г.Н .Пономеронко, Г.Николаевич. Жалпы физиотерапия. 2015ж

 

3. Қ. Ж. Ахметов, Ә.Г.Ендовицкая Хасанова. Емдік массаж. 2011

 

4. Васичкин В. Энциклопедия массажа. Практическое руководство. Полигон,2003г

 

5. Васичкин В.И. Сегиентарный массаж. Санкт-Петербург, 3-е изд., Полигон,2003

 

6. Иванушкин Ю.В. Массаж внутренных органов или Живот вскму голову. Санкт-Петербург. Вектор, 2007г

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 79; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)