Массаж бөлмесіне қойылатын негізгі талаптар. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Массаж бөлмесіне қойылатын негізгі талаптар.

Поиск

       Массаж бөлмесіне қойылатын негізгі талаптар.

   Массаж бөлмесі құрғақ, таза болуы, ауданы 18 шаршы метрден кем болмауы керек, ауасы 2-3 рет кондиционермен тазартылуы керек. Бөлмеде салқын, ыссы су, ауаны соратын желдеткіш, ұзындығы 1.85-2 метр, ені 0.5-0.6 метрлік дерматинмен қапталған кушетка керек. Кушетка биіктігі әркімге жеке болғаны дұрыс. Талап бойынша оның биіктігі тізе биіктігінен 5 смдей биік болуы керек. Сүлгі, халат, жамылғы үшін шкаф, массаждық сағат, пациент салмағын өлшейтін кір, фонедоскоп және тонометр, солюкс шамы қажет. Бөлме температурасы 20-22 градус, ылғалдылығы 60% дан жоғары болмауы керек. Бөлмеде міндетті түрде алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрілер болуы тиіс.Массажда қолданылатын майлар, ерітінділер, ұнтақ, кварц шамы қажет.

 

 

 

 

   Массажды қабылдаушыға талап: денесі таза жарақатсыз болуы тиіс. Егер денеде жырылған, сыдырылған, зақымдалған жер болса, ол жерді тазартып желімдеп тастау керек.

  Массаждаушыға қойылатын талап: тырнақтары қысқа болуы, қолда ешқандай сақина, сағат болмауы керек. Аяқ киімі ыңғайлы, өкшесіз, үстіндегі киімі бос тұруы керек. Қолдары күстенбеген жұмсақ болуы керек.

 

         Емдік массаж жасаудың параметрлері.

 Механикалық әсерінің жылдамдылығын, ұзақтығын, ырғақтығын, күшін патологиялық үдерісінің орналасу жеріне, науқастың жынысы мен дене бітіміне қарай анықтайды. Жылдам, ырғақты емес, қысқа уақыта және күшті әсерінде сергектікэффектісі, жай, ырғақты, беткей және ұзақ әсерінде седативты эффектісі пайда болады.

  



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)