Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Емдік массаждың түрлеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Массаждың даму тарихы Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен... Ежелгі Грекия халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертедегі Грекиядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолмен емес,аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның ең бір кең тараған, алғаш агылған жері Қытай елі болатын. «Най – цзин! (ішкі құрылыс туралы кітап) атты қолжазбада (осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған. Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты үш кітаптың біздің дәуірімізге дейін, 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қалай қолданатыны жайлы атап көрсетілген. Славян елдерінде массажды моншада бейнке (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массаж туралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені шамалы. Қазірдің өзінде біреу білсе, екіншісі білмейді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін, ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары жүйке жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті. Массаж халық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық же шарына кең тараған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде шығыс және батыс массажы деп екіге бөледі. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қадап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады.
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар: Ø Гигиеналық массаж Ø Косметикалық массаж Ø Емдік массаж Ø Cпорттық массаж, Гигиеналық массаж Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң көмегі өте қажет – ақ. Косметикалық массаж Теріде патологиялық өзгерістер пайда болғанда не осындай өзгерістерді болдырмау, терінің ерте қартаюының алдын алу мақсатында пайданылады. Спорттық массаж Массаждың бұл түрін Саркизов Серозини бір жүйеге келтірді. Спорттық массаждың мынандай түрлері бар: - Гигиеналық массажы- массажды спортсмен ертеңгілк гимнастика кезінде не жаттығу алдында қолданады. - Жаттықтырушы массаж спорттық жетістіктерге қысқа уақытта ең төмен психо эмоциональды жүктеме арқылы жету үшін қолданады. - Дайындық массаж жаттығу алдында алдын ала өткізілетін дайындық массажы әртүрлі мүшелер мен жүйелер функциясын қалыпқа келтіру үшін, алдағы физикалық, психо эмоциялық жүктеиеге дайындық ретінде өткізіледі - Қалыпқа келтіру массажы ағзадағы ұзақ мерзімді өзгерістерді қалпына келтіру үшін, душ не қарама қарсы температуралы душпен бірге қолданылады. Емдік массаж. Емдік массаж науқастың жалаңаш денесіне, массаж жасаушының қолымен белгілі бір жүйелікте, үйлесімді және комбинациялық мөлшерде механикалық әсер ету. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаториялық-профилакториялық медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады. · Классикалық массаж-зақымдалған жерге не оның айналасына беріледі, бұл тәсілде рефлекторлық әсерлер ескерілмейді;
· Сегментарлы-рефлекторлық массаж-терідегі сезімтал зоналар не белгілі аймақтар арнайы әдістермен тітіркендіріледі де, ішкі мүшелер және жүйелер функциясында рефлекторлық өзгерістер пайда болады; · Дәнекер тіні арқылы массаждау-науқаста паталогияға ұшыраған біріктіргіш тінге, тері асты клетчаткасына беріледі. Патология Беннигроф сызықтары бойындағы өзгерістерді анықтау арқылы табылады және оларды қалыпқа келтіру үшін арнайы әдістер арқылы биологиялық белсенді зоналарға әсер беріледі; · Периостальды массаж-периостальды қабатта ауру сезімі, бұдырлы, бөртпе тәрізді патологиялық өзгерістер табылғанда қолданылады.
· Нүктелік массаж- Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға болады. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, нерв ұштарын тітіркендіреді. Биологиялық активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі сәйкес келмейді. Қоздыратын нүктелі массаж бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20—30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4 рет қайталайды. Қазіргі кезде ғалымдардыд айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей байланысты. Ол бір, екі, үш… саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен қолданылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |