Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілеріПоиск на нашем сайте Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері Сабақтың мақсаты: 1) құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; 2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырма, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларғабірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру: І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір,қос нүкте,сызықша және үтір мен сызықша қойылады.Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы,біріншіден,салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың,әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты. 1.Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады. Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады. 2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр. 3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады. Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін. 4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді. 5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды. 6. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті. 7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады. Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,дала адамы жаңаша өмір сүреді. 8. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 104; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.53 (0.008 с.) |