Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасПоиск на нашем сайте Сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас Сабақтың мақсаты: 1)себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; 2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлілікке,жаңашылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, шығармашылықпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру: Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дейміз. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сыңарлары тек сабақтаса,яғги бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып,екіншісіне бағына байланысады. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады: Бағыныңқысының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сөйлемдердің сызбасы Көсемше -ып,-іп,-п,-а,-е,-й Қайтіп? Қалай? /.............../ қосылып, / - - - - - - - - -/ /.......... жарыспай/, / - -- - - -- - - -/ Есімше -ған + дай (-ген + дей) болып –ған (ген) күйі (қалпында) –ма,+с+тан -па+с+тан -бе+с+тен Қалай?
Қалай?
Қалай? /........../ танығандай болып, / - - - - - - - / /............/ ұстаған күйі, /- - - - - - - - - / /....../ талмастан /- - - - - - - /
Мысалдар: Адамдары,малдары,күркелері де қосылып,бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.Тұла бойы шымырлап,төбе шашы жиырылып бара жатқандай болып,Қалиша да үйіне жөнелді.Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.Жаңа ғана талып қалғандай,Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. -а,-е,-й,-ып,-іп,-п Екі қолы дірілдеп,Оспан ішке кірді. (-ма,-ме,-па,-пе-ба-бе)+с+(-тан,-тен) Екі қолы дірілдеместен,Оспан ішке кірді. (-ған,-ген,-қан,-кен)+күйі,қалпы,бойы Екі қолы дірілдеген күйі,Оспан ішке кірді. (-ған,-ген,-қан,-кен)+(-дай,-дей)+болып Екі қолы дірілдегендей болып,Оспан ішке кірді.
Жаттығумен жұмыс: 141-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауыштың орныныа қажетті баяндауыш болатын сөздерді жазып, сөйлемді аяқтаңдар. Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: 1 42-жаттығу. Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |