Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш                            


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш                           

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш                           

Сабақтың мақсаты: а) білімдік — анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

                                   ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

                                  б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі:                               аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                             сұрақ-жауап,тіл дамыту,  шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:                плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:            әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                           а) Ұйымдастыру кезеңі

          Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                             ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                 Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                     б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауышдейміз.Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.Оның әні – «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.

 Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.

Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)

Анықтауыштар құрылысына қарай

Мысалдар

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді

Күрделі

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.

Үйірлі

Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)