Диспансерлiк есептi ұйымдастыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Диспансерлiк есептi ұйымдастыру

4. Туберкулезді емдеу

 

31.  Туберкулез ауруларының емі категорияларға сәйкес стандартты тәртіпте жүргізіледі.

32. I (бiрiншi) категорияға бактерия бөлуші өкпе және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар, сонымен қатар бактерия бөлмейтін келесі науқастар жатады: 1 сегменттен аса зақымдануы бар өкпе туберкулезi; өкпе және өкпеден тыс туберкулездің  асқынған және жанасқан  түрлерi.

33. II (екiншi) категорияға туберкулездің қайталануы бар науқастар, емi сәтсiз аяқталған науқастар, үзiлiстен кейiнгi ем алушы науқастар және басқа науқастар жатады.

34. III (үшiншi) категорияға шектелген (1 сегменттің ішінде) алғаш рет ауырған бактерия бөлмейтiн өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулездің асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастар жатады.

35. Негізгі топтағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы Нұсқаудың 2- қосымшасында келтірілген.

36. I категориядағы науқастарды емдеу:

1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына байланысты екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын туберкулез микробактерияларының туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін қақырықты дақылды әдіспен тексеру қажет;

2) ем мөлшері науқастың салмағына сәйкес төрт дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S).Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды.

3) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

4) егер екiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;

5) егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

6) егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;

7) төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

8)  егер төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе жалғастыру кезеңінде бактерия бөлушiлiк пайда болса, науқасқа  «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас II категория бойынша емге қайта тiркеледi. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады. Қайта емдi бастау мүмкіндігін ОДКК шешедi;

9)  егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік дәледенсе, онда I категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI категорияға ауыстырлып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

10) VI категорияға тіркелгеннен кейін I категория бойынша емі  тиімді (қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн жалғастырады. Егер I категория бойынша ем тиiмсiз болса (2/3 айдан кейiн қақырық жағындысының конверсиясы болмаса, оң клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК қарастырады;

11) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинмен (R) жүргізіледі;

12) ауыр жағдайларда емнің жалғастыру кезеңі 7 айға дейін күнде немесе күнара  жүргізіледі.

37. II категориядағы науқастарды емдеу:

1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына байланысты үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын қақырықты дақылды әдіспен тексеріп, ДСТ жүргізу қажет;

2) алғашқы екi ай мерзiмiнде ем бес дәрімен салмақ мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз төрт дәрімен жалғастыры-лады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е);

3)  үш ай өткеннен кейiн емнің жалғастыру кезеңіне қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда ғана көшеді;

4) егер үш айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;

5) егер төртiншi айдың соңында екi рет қақырық жағындысы теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;

6) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;

7) бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi  болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

8) егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқаста «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталып, IV категорияға ауыстырылады. Науқасқа қандай ем тағайындау керек екенін ОДКК қайта тiркеуден кейiн шешедi.

9) қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ дәрiге төзiмдiлiктi анықтаса,  науқас қабылдап жатқан емнiң (II категория бойынша) тиiмдiлiгiне қарамастан IV категорияға ауыстырылып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

10) VI категорияға тіркелгеннен кейін II категория бойынша емі тиімді (қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория бойынша емiн жалғастырады. Ал II категория бойынша ем тиiмсiз болса, онда науқасқа ОДКК шешімімен резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындалады;

11)   емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолмен (Е) жүргізіледі;

38. III категориядағы науқастарды  емдеу:

1)  қарқынды кезең екi ай көлемiнде негізінен амбулаторлы, сирек жағдайда стационарда төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолмен жүргізіледі;

2) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

3) қарқынды кезеңнің соңында немесе жалғастыру кезеңінде науқаста бактерия бөлу байқалса, «Сәтсiз ем» деген нәтиже анықталып, науқас II категория бойынша  ем алу үшін қайта тіркеледі;

4) егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік дәледенсе, онда III категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI категорияға ауыстырлып, оған «IV категорияға ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

5) VI категорияға тіркелгеннен кейін, III категория бойынша емделгенде оң нәтижелi клиникалық рентгенологиялық динамикасы бар науқас осы категория бойынша емiн жалғастырады. Егер III категория бойынша ем тиiмсiз болса (2 айдан немесе одан кейін бактерия бөлу пайда болса, оң клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК қарастыруы керек;

6) емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі - изониазид, рифампицинмен жүргiзiледi.

39. Алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ арқылы изониазид немесе рифампицинге жеке төзімділік анықталған жағдайда, емнің жалғастыру кезеңінде этамбутол косымша тағайындалады.

40. I категория бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-ші дәрі ретінде этамбутолды қолданған артығырақ.

41. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес тағайындалуы қажет.

42. Адамның иммундықтапшылық вирусы (АИВ) жұққан және жұқпаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу, бақылау) және туберкулезге қарсы емдеу тәртiбi бiркелкі болады.

43. Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулез ауруын емдеу үлгісі ересектердікіне ұқсас болады.

44. Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің жайылған және асқынған түрлеріндегі (I және II категория) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және де стандартты емнің ұзақтылығын ОДКК шешедi. Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, туберкулезге қарсы шипажайда немесе амбулаторлы жағдайда жүргізіледі.

45. Балалардағы туберкулез ауруын емдеуге қолданылатын туберкулезге қарсы дәрілердің тәулiктiк мөлшерi осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес тағайындалады.

46. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрi мен науқастанған балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру рентгендiк томографиялық зерттеудiң қорытындысына негiзделеді.

47. Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы Нұсқаудың 5-қосымшасында келтірілген шаралар қолданылуы керек.

48. Патогенетикалық ем туберкулез ауруының фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді қатаң ескере отырып химиотерапиямен қатар жүргiзiлуi қажет.

49. Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық  ем фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн жүргiзiледi.

50. Туберкулезбен ауыратын науқастардың ем нәтижесі:

1) жазылды (сауықты) - емнiң аяғындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі  болса;

2) ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің  бәрiн қабылдады, бірақ «жазылды (сауықты)» немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің белгілеріне сәйкес келмейді;

3) сәтсiз ем, егер науқаста:

- емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болса;

- ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;

4) қайтыс болды – науқас кез-келген себептен ем алу кезiнде қайтыс болса;

5) ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан ұзақ мерзімге үзсе;

6) ауыстырылды – науқас басқа мекеменің бақылауына ауысып, емiнiң қорытындысы белгiсiз болса;

7) IV категорияға ауыстырылды – туберкулезбен ауыратын науқаста:

     көптеген дәрiге төзімділік (кем дегенде HR-ге) болса;

     полирезистентiлiгі болып, I, II және III категория бойынша сәтсiз емделсе.

51. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.

52. Емнiң сәттiлігі тіркелген «сауықты» және «ем аяқталды» деген нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.

53. ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi анықталуы керек.

54. Туберкулез бойынша тiркеу-есеп құжаттары осы Нұсқаудың 6- қосымшасына сәйкес толтырылады.

 

 

 

55. Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтарға бойынша жүргізіледі:

1) нөлдiк топ (0) – туберкулез ауруының белсендiлігі  күмәндi жандар;

2) бiрiншi топ (I) – белсендi туберкулезі бар науқастар;

3) екiншi топ (II) – белсендiлігі жоқ туберкулезі бар жандар;

4) үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары жандар;

56. 0 топта төмендегілер бақыланады:

1) АМСК жүйесі мекемелерінде жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын жандар. Олар ТҚКҰ – да диспансерлiк есепке алынбаған белсенділігі күмәндi алғаш рет немесе қайта ауырған жандар болуы мүмкін.

2) туберкулезге қарсы күресетін ұйымдарда диспансерлiк есепке алынбаған,  туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын анықтап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн балалар.

57. 0 тобында бақыланатын жандарға зертханалық, клиникалық,  рентгенологиялық,  құралдармен тексеру және басқа да зерттеу әдістері, соның ішінде туберкулинмен диагноз қою да жүргiзiледi. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулез ауруының белсендiлiгi өзге де клиникалық  зертханалық зерттеулермен дәлелденуі мүмкін.

58. 0 тобында бақыланатын жандарға туберкулезге қарсы дәрілерді қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендi түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынама жұққандық нәтижесінде оң болғаны анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.

59. I топта бактерия бөлетiн не бөлмейтiн белсендi туберкулезбен ауыратын барлық науқастар бақыланады:

1) I А – туберкулез ауруының жаңа жағдайлары (I және III категория)

2) I Б- аурудың қайтану жағдайлары (II категория)

3) I В- туберкулездiң көптеген дәрiге төзімді, негізгі және резервті топтағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушылар (IV категория);

4) I Г- негiзгi және резервтегі топтағы дәрiлермен қайта емделгеннен кейiнгi көптеген дәрiге төзімділігі  бар бактерия бөлетін және де стандартты үлгіде ем жүргізу мүмкін емес науқастар (IV категория).

60.  I А, I Б, I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк категорияларға  сәйкес стандартты үлгідегі химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем көрсеткіштерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Ем «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген нәтижемен аяқталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

61. «Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.

62.  I Г тобында бақыланатын науқастарға туберкулезге қарсы дәрілер қолданбайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогендi) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – дақылдық әдістің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.

63. II топта  ем курсы сәттi аяқталған туберкулез ауруы белсенді емес жандар бақыланады. Тексерулер жылына екi рет өткізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 1 жыл.

64. Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдыңғы жүргізілген емге сәйкес I диспансерлiк есеп тобына  ауыстырылады.

65. III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары жандар бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:

1) III А тобындағылар:

     туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқастармен қарым-қатынастағы жандар;

     бактерия бөлу-бөлмеуіне қарамастан туберкулездiң белсендi түрiмен аурған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;

     бұрын белгiсiз болған туберкулез өлімі ошақтарындағылар.

Бақылау мерзiмi – қатынаста болған уақыттан бастап нәтижелi химиятерапиядан кейiн 1 жыл. Өлiм ошақтарындағы қатынаста болған жандар 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.

2) III Б тобындағылар:

     біріншілік жұққандықтың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);

     бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;

     БЦЖ вакцинасын еккенде жанама әсер байқалғандар.

Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарарда жүргізіледі.

66. Туберкулезбен ауыратын науқастар тұрғылықты жерiндегі, оқу орны орналасқан жердегі не тузету мекемелерiндегі ТҚКҰ-да диспансерлiк бақылануы тиіс.

67. Науқастың тұрғылықты жерi өзгерген жағдайда, науқастың жаңа тұрғылықты жерiндегі фтизиатр 10 күннiң iшiнде есепке алуы керек.

68. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 7-қосымшасында көрсетiлген.

69. Диспансерлiк бақылауға алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:

1) белсендiлiгi күмән туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған жандарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық шаралардың жиынтығын өткізу;

2) белсендi туберкулез – кез-келген ағзадағы туберкулез микробактериялары тудырған және де зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен сипатталатын арнайы қабыну үрдісі. Белсендi туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі қажет. Белсендi туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тактикасын ОДКК шешедi;

3) қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктелген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.

70. Бактерия бөлiнудiң тоқталғанын тiркеу:

1) I және II категория бойынша негізгі топтың дәрілерімен ем қабылдаған науқастарда емнің толық курсы соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда;

2) туберкулездiң дәрiге төзiмдi түрi бар резервті топтағы дәрілермен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (дақылдық) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет (бір айлық интервалмен) терiс болғанда.

71. Бактерия бөлiнудiң тоқталғандығы жайлы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.

72. Жыл сайын туберкулезге мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп-қатер» тобындағы жандар тiзiмі:

1) Тегін негiзде:

перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туылған және шал туылған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің қызметкерлерi;

туберкулезге қарсы күресетін ұйымдардың қызметкерлерi;

әскери қызметке шақырылушылар;

жоғарғы және арнайы орта бiлiм оқу орындарының студенттерi; училище оқушылары;

15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;

босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;

созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бар диспансерлiк есепте тұрған жандар;

кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;

өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар жандар;

туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған жандар;

мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;

емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;

жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;

тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);

Қорғаныс, iшкi iстер министрлiгi мен ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi жүйесiнiң қызметкерлерi мен әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері;

Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер.

2) Жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:

тамақ өнеркәсiбi, көпшілік тамақ жейтін және азық-түлік сататын орындардың қызметкерлері;

тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;

көлiктiң барлық түрiнде адамдарды тасымалдайтындар және қызмет көрсететiндер;

орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;

дәрiлердi дайындаушы, бөлшектеп өлшеуші және таратушы дәрiхана қызметкерлерi,

Қазақстан Республикасына уақытша мерзімге тұруға келгендер, оның ішінде еңбек етуге келген мигранттар.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.)